Әлем

13 тонна алтынды үйінде жасырған шенеунік ұсталды – видео

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых
Архивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Экс-мэрдің бірнеше мың шаршы метрлік жылжымайтын мүлкі бар екені де анықталды. Оны елден жасырып келген  

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Қытай полициясы Ганьчжоу қаласының бұрынғы мэрі Чжан Цидің үйін тінтіп, оның байлығына қайран қалды. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатыр.

Тәртіп сақшылары 57 жастағы бұрынғы шенеуніктің үйін тексеру барысында 13,5 тонна құйма түріндегі алтын тапқан. Оларды үйдегі жертөленің жасырын бөлмесінде сақтапты.

​Чжан Ци қала мэрі кезінде Коммунистік партияның хатшысы қызметін қоса атқарған.

Бейресми мәліметке сәйкес, бұрынғы басшының үйінен алтын құймаларымен қатар 268 миллиард юань (шамамен 14 триллион 460 миллиард теңге) табылды.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда әкімнің орынбасары ұсталған сәттің видеосы жарияланды 

Қытайдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі шенеуніктің бірнеше мың шаршы метрлік қымбат жылжымайтын мүлкі бар екенін де анықтады. Оны экс-мэр амалын тауып, елден жасырып келгенге ұқсайды.

Жаңалықтар
0