Әлем

Үйіне келе жатқан: Камераға түсіп қалған апат 17 студенттің өмірін қиды

© Sputnik / Максим МасловНосилки в больнице, фото из архива
Носилки в больнице, фото из архива - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көліктің артқы жағында отырған 12 студент сол жерде қайтыс болды. Тағы бесеуі ауруханада жан тапсырған

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Таиландтың солтүстік-шығысында жол апаты салдарынан Техникалық колледждің 17 студенті көз жұмды. Қайғылы оқиға туралы Thaiger жаңалықтар порталы жазды, деп хабарлады РИА Новости.

​Оқиға жексенбіде Камбоджамен шекараға жақын орналасқан Сисакет провинциясында болған. Студенттер пикаппен үйіне қайтып келе жатқан. Порталдың мәліметінше, қатты жылдамдықпен келе жатқан автокөлік жолдан шығып кетіп, жол жиегіндегі екі бағанға соқтығысып, аударылып кеткен.

Салдарынан пикаптың артқы жағында отырған 12 студент сол жерде қайтыс болды. Тағы бесеуі ауруханада жан тапсырған. Жүргізуші ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Полиция қызметкерлері оқиға орнындағы камераларға түсіп қалған видеоны тексеріп жатыр, сондай-ақ апаттың себебін анықтау үшін жүргізуші жазылғаннан кейін одан жауап алуды жоспарлап отыр.  

Жантүршігерлік апаттан 4 түлек көз жұмды, арасында топ-менеджердің қызы бар

Жаңалықтар
0