Метро, архивтегі фото

Метрода ән шырқаған үйсіз-күйсіз әйелдің дауысы жұртты сүйсіндірді видео

1204
Адамдарды ерекше дауысымен тәнті еткен Эмили Замурканың таланты әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан – Sputnik. АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында метрода ән айтқан әйел жұртты еріксіз сүйсіндірді.

Оның видеосын өткен аптада Лос-Анджелес полициясы Instagram аккаунтына жүктеді. Бұл желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от LAPD (@lapdhq)

Адамдарды ерекше дауысымен тәнті еткен әншінің есімі Эмили Замурка, деп жазды NBC. БАҚ-тың мәліметінше, ол Ресейде туып өскен. 24 жасында АҚШ-қа қоныс аударыпты. Қазір оның жасы 52-де. Үйі болмағандықтан далада күнін көріп жүр. Эмили Замурканың музыкалық білім жоқ. Ол ән айтуды теледидардағы опера әншілеріне қарап үйреніпті.

"Менің неге метрода ән айтатынымды білесіздер ме? Себебі, мұнда дыбыс керемет шығады", - дейді ол.

Әлеуметтік желідегі видеода Эмили италиялық композитор Джакомо Пуччинидің әнін тамылжыта орындайды. Желі қолданушылары үйсіз-күйсіз жүрген әншінің әсем дауысына ғашық болып қалғанын жазуда.

1204
Кілт сөздер:
видео, метро
Тақырып бойынша
Домбыраны әлемге танытқан қазақстандық әртістер
2018 жылы ерекше образымен жұртты шулатқан қазақстандық жұлдыздар — фото
"Айды аспаннан бір-ақ шығар": тыңдармандары Димаш Құдайбергенге қолдау білдірді
Мамандар қазақ эстрадасында фонограммасыз ән айтатын әншілерді атады
Загрузка...