Телефон, архивтегі фото

Телефонмен ойын ойнап, ұйықтап кеткен жігіттің мәйіті табылды

1654
(Жаңартылды 12:19 04.10.2019)
Састра Моин 27 қыркүйек күні онлайн-ойындармен уақыт өткізгені анықталды. Ол бірден бірнеше құрылғымен ойнаған

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Таиландта 25 жастағы жігіт тез ұйықтау үшін жатар алдында смартфонмен ойын ойнағанды ​​қатты жақсы көрген, бірақ бұл әдет оның өмірін қиды, деп жазды Daily Mail.

Чонбури провинциясының тұрғыны Састра Моин 27 қыркүйек күні кешке, әдеттегідей, онлайн-ойындармен уақыт өткізгені анықталды. Ол бірден бірнеше құрылғымен ойнаған.  

Тағы оқыңыз: Алматы облысындағы жасөспірімнің қазасы желіні дүрліктірді 

Куәгерлердің болмауына байланысты оқиғаның дәл қалай өрбігені бір құдайға ғана аян. Дегенмен тергеушілер ер адамды ұйықтап жатқанда қуаттау құрылғысына қосулы тұрған гаджеттен тоқ ұрған деген болжам жасап отыр.

Оның денесін таңертең әпкесі тауып алған, ол бірден бүкіл үйді электр қуатынан ажыратып, полиция шақырыпты.

Полицейлер адамның үйін ешкім бұзып кірмегенін анықтады және оның денесінен зорлықпен өлтіру белгілерін таппады. Осыдан кейін жігітті тоқ соққан деген қорытындыға келген. 

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Алматы облысындағы Бестөбе ауылында мектеп оқушысы телефонын қуаттаймын деп ажал құшқан болатын.

1654
Кілт сөздер:
телефон
Тақырып бойынша
Дүкеннен балмұздақ алмақ болған қызды тоқ ұрды
Астанада тоқ соққан бала қолынан айырылды
Шымкенттікті телефонның "зарядкасынан" тоқ соқты: жігіт тіл тартпай кетті   
Телефоннан тоқ соққан қыздың сынып жетекшісі: "Ақкөңіл, ақжарқын оқушы еді"  
Загрузка...