Дәрігер, архивтегі сурет

Ауыр дертке шалдыққан әнші қиналып жүргенін айтты

6724
(Жаңартылды 18:23 06.10.2019)
Науқастың тері, сүйек, қан тамырларының дәнекер ұлпалары зақымдалады. Көп жағдайда бұл сырқатқа шалдыққандардың терісі өте жұқа болады

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Австралиялық әнші Sia неврологиялық сырқатқа шалдыққаны туралы алғаш рет айтты. Ол өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында жазба жариялады.

Sia Элерс-Данлос синдромымен сырқаттанғанын айтқан. Бұл созылмалы дерт кезінде науқас қатты ауырады. Әнші мұның бәріне өзі куә болған. Ол өзінің жазбасының көмегімен осындай ауруға шалдыққандарға қолдау көрсеткен.

"Мен сіздерді жақсы көремін. Бекем болыңыздар. Өмір қиын. Сырқат өмір сүруге деген ынтамызды төмендетеді. Бірақ сіздер жалғыз емессіздер", - деп жазды әртіс.

2014 жылы әншінің Chandelier атты туындысы "Грэммидің" төрт номинациясына ие болған еді.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық әнші 2 жыл бойы елдің бетіне неге қарай алмағанын айтты

Элерс-Данлос синдромы - тұқым қуалайтын ауру. Науқастың тері, сүйек, қан тамырларының дәнекер ұлпалары зақымдалады. Көп жағдайда бұл сырқатқа шалдыққандардың терісі өте жұқа. Денесі көгеріп, тыртықтар пайда болады. Аурудың бірнеше түрі бар. Классикалық түрі кезінде науқаста жиі пайда болатын жара үнемі ұлғайып отырады.

6724
Кілт сөздер:
дерт, әнші
Тақырып бойынша
Жанар Хамитовамен дуэт орындаған әнші оның соңғы өтінішін айтты
"Жүрегім ауырады": Қазақ әншілері қартаюға қатысты ойын айтты
Танымал әнші күйеуімен бірге тұрудан жалыққанын айтты
"Басына бақ қонды": Қазақстанда қандай әншілер бір әнімен жұлдыз болды?
Нұр-Сұлтанда концерт берген ресейлік әншінің басы дауға қалды
Загрузка...