Сұлулық салонындағы заттар

"Жасым 30-да сияқты": табиғи сұлулығын жоғалтпаған әйел құпиясымен бөлісті

1065
53 жастағы Англияның тұрғыны аптасына бес рет спортпен шұғылданады екен. Ол жаттығудың қандай тәсілін таңдағанын айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Англиядағы Беркшир графтығының тұрғыны жас болудың құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Daily Mail басылымы.

53 жастағы Трейси Белинданың үш баласы мен екі немересі бар. Ол өзінің табиғи сұлулығы мен өмірге деген құштарлығын жоғалтпаған. Трейси күн сайын спа-салонына барады. Сондай-ақ ол далаға шықпас бұрын, бетіне күннен қорғайтын крем жағады екен. Оның айтуынша, бұл терінің қартаю процесін тежейді.

Сондай-ақ Беркшир графтығының тұрғыны соңғы кездері күтім жасаудың қиындап кеткенін де жасырмады.

Тағы оқыңыз: 21 жасынан бері дене бітімі өзгермеген 50 жастағы модель бар құпияны ашты

"Соңғы уақытта өзімді бабымда ұстау қиынға соғып жүр. Сондықтан мен аптасына 5 рет спортпен шұғылданып жүрмін. Маған интенсивті интервал сақтайтын жаттығулар ұнап жүр. Мысалы, 30 секунд жаттығу жасап, 30 секунд демаласың", - дейді 53 жастағы әйел.

Өткен жылы Трейси Белинда гормональді терапияның орнын алмастыратын ем қабылдапты. Бұл туралы ол ұлыбританиялық тележүргізушіден біліпті.

"Тележүргізуші оны өз сұқбатында айтты. Бұл емді мен де қабылдадым. Бір аптадан соң, өзімді қуатты сезіндім. Жасым 30-да сияқты", - деді Беркшир графтығының тұрғыны.

1065
Кілт сөздер:
сұлулық, әйел
Тақырып бойынша
Әйелдердің ажарын тайдыратын азық-түлік анықталды
"Барби" атанған шымкенттік қыздың пәктік туралы пікірі жұртты елең еткізді 
Сұлулық сырлары: 40 жаста он сегіздегі қыздай құлпыру үшін не істеу керек?
Әлемдегі ең сұлу қыздар қай елде тұрады - фото
Талғамда талас жоқ: жүз жылда сұлулыққа деген көзқарас қалай өзгерді – фото
Загрузка...