Жылқы, архивтегі фото

Жылқы құлынды биені өрттен құтқару үшін көк түтінге кіріп кетті видео

4392
(Жаңартылды 12:44 05.11.2019)
Өрт кезінде айғырлардың бірі үйірден қашып кетіп, бие мен құлынды қауіпсіз жерге шығару үшін қайтадан түтінге кіреді

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті кезінде құтқарылған айғыр "отбасына" көмектесу үшін түтіндеп жатқан жерге қайтадан шауып барды.  

RT хабарлағандай, видео Сими-Вэлли қаласы маңындағы мал фермаларының бірінен жануарларды эвакуациялау кезінде түсірілген.

Өрт сөндірушілер жануарларды фермадан эвакуациялады. Бір кезде айғырлардың бірі үйірден қашып кетіп, бие мен құлынды қауіпсіз жерге шығару үшін қайтадан көк түтінге кіреді.

Видео лезде әлеуметтік желілерде тарап, 33 миллион рет көрілді.

Тағы оқыңыз: Бес жануар сарқырамадан пілдің баласын құтқарамын деп өздері де өлді – видео

Калифорнияда екі аптадан бері орман өртеніп жатыр, 30 мыңға жуық тұрғын көшірілді. Штат аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді. 

4392
Кілт сөздер:
өрт, видео, жылқы
Тақырып бойынша
Піл мен мүйізтұмсықтың кескілескен айқасы видеоға түсіп қалды
Адам ба дерсің: баласымен серуендеп жүрген маймыл желіні күлкіге батырды – видео  
Көжекке тұтқиылдан қаршыға шабуылдады: оқиғаның соңын ешкім күтпеген еді - видео
Аюлар жолда төбелесті, оны қасқыр бақылап тұрды – видео  
Загрузка...