Женщины - военнослужащие бригады спецназа ЦВО

"Өзімді басқаша сезінемін": жігіт 3 жылда адам танымастай өзгеріп кетті - фото

3039
(Жаңартылды 15:49 07.11.2019)
Үш жыл бұрын 37 жастағы ер адамның салмағы 112 келі болған. Ішімдіктен бас тартқаннан кейін 35 келіге арықтаған. Қазір оның салмағы – 77,5 келі

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша – Sputnik. Теміржолшы-инженер Кенни Данн ішімдікке әбден салынып кеткен. АҚШ тұрғыны ішімдіктен бас тартып, үш жылда артық салмақтан қалай құтылғанын көрсетті, деп хабарлайды Medialeaks.ru

Үш жыл бұрын Кенни Данн сыраның 19 құтысын ішіп, ертесінде ең алғашқы селфиін жасады.

"Сол күні мен қатты ауырдым. Әдейі кейінгі фотолармен салыстыру үшін өзімді түсіріп алдым. Бір тәулік бойы ішімдіксіз жүрдім. Бұл менің алғашқы жетістігім болған", - дейді Данн. 

Кенни колледжде оқығанда ішімдікті алғаш рет ұрттап көрген. Ал он жыл бұрын бұл әдеті нағыз проблемаға айналған.

"2016 жылы мен қатты ішіп кеттім. Күніне 12-24 ішімдік алып жүрдім, аптасына үш-төрт рет есімді білмей кететінмін. Мен мұның проблема екенін білдім, бірақ не істерімді білмедім", - деп атап көрсетті Данн.

Бірде еңбек демалысына шыққанда бір жәшік сыраны сатып алған. Соны бір аптаға жеткіземін деді. Бірақ баласын ұйықтатып тастағаннан кейін қараса, сыраның 19 құтысын ішіп тастапты.

"Осы кезде мен өз өмірімді бақылауға алуым керек екенін түсіндім. Бір жыл бұрын ішімдікті тастап кеткен танысыма хабарласып, "маскүнемдердің кездесуіне" жазылдым. Бір айдан кейін өзімді басқаша сезіне бастадым", - деп атап көрсетті Данн.

Тағы оқыңыз: Астаналық хирург бір көліктің құнына ота жасатқан қыз туралы айтып берді

Теміржолшы бір жыл бойы өзінің суреттерін ешкімге көрсетпеген.

2017 жылы тура бір жылдан кейін Кенни алғаш рет өз фотоларын жақын адамдарына көрсетті. Әлеуметтік желіге де жүктеді.

Кеннидің посты 65 мың лайк жинады. Ал желі қолданушылары одан кеңес сұрай бастады. Екі жылдан кейін Кенни тағы бір фотосын бұрынғы кейпімен салыстырып салды.

2019 жылы 2 қарашада Кенни үш жылдың нәтижесін жариялады.

Адам танымастай өзгерген жігіт
© Photo : Reddit әлеуметтік желісінен алынды
Үш жылда отыз бес келіге арықтаған

Үш жыл бұрын 37 жастағы жігіттің салмағы 112 келі болған. Ішімдіктен бас тартқаннан кейін 35 келіге арықтаған. Қазір оның салмағы – 77,5 келі.

3039
Кілт сөздер:
ішімдік, жігіт, өзгерістер
Тақырып бойынша
"Дәрігерлер аң-таң": Димашпен кездескен соң жаңазеландиялық әжейдің өмірі өзгерді
Талғамда талас жоқ: жүз жылда сұлулыққа деген көзқарас қалай өзгерді – фото
Әйелі тастап кеткен жігіт адам танымастай өзгерді - фото
Теміржолшы аяқ астынан байып кетті: 14 жылда оның өмірі қалай өзгерді
Еуропарламент эмблемасы

Батыс қырғи қабақ соғыстың жаңа кезеңіне аяқ басты

71
Батыс жариялаған жаңа қырғи қабақ соғыс мүлдем жаңа кезеңге аяқ басты. Антиресейлік үндеулер өзгеше ойлайтын, пікірі мен көзқарасы ресми идеологияға қарама-қайшы келетін топтардың ізіне түсуге ұласып жатыр

Осылайша, антиресейлік санкциялар мен шабуылдардың басты мақсаты Ресей емес екеніне барған сайын көзіміз жетіп келеді, деп жазады РИА Новости.

Еуропарламенттің Ресей мен оның саясатына қатысты соңғы үндеулері тым қатал, тіпті Ресей конституциясын өзгертуге қатысты талап та бар. Алайда, Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен Еуропарламент мінберіндегі ресми баяндамасында Ресейді тек бір жерде ғана ауызға алады. Ол "Ресеймен тығыз қарым-қатынасты жақтаушыларға қауіп төнеді" дегенге саяды. Яғни, бұл Мәскеуге емес, Еуроодақ құрамындағы мемлекеттерге, әсіресе саяси топтарға қаратыла айтылған ескерту іспетті көрінді.

Батыс баспасөзінің Ляйеннің Ресейге қатысты айтылған бірауыз сөзін іліп алып, бірінші бетке "Еуроодақтың көшбасшысы Ресеймен байланыстан сақтандырады" деп шығарудағы басты мақсаты "Кремльге қарсы" тезистерді оқырмандардың санасына барынша ұялату екені анық.  

Ал ішкі оппозицияға деген қарсылықтың күрт өсуінен шындыққа тура қараудан, оны естуден туындаған қорқынышты аңғару қиын емес. Бұған Германияның өзінде еуропалық саясаткерлер көп айыптайтын оппозиционерлер мен "өзгеше ойлайтын топтардың" барған сайын айрықша құрметке бөленіп келе жатқанын мысалға келтіруге болады. 

Жақында бұл проблемаға немістің Süddeutsche Zeitung газеті назар аударды. Онда "Германияда Ресейдің мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалы зор, бұл жерде Навальныйдың улануы көп қарама-қайшылық туғызды. Мемлекеттік телеарнаның неміс тіліндегі бөлімшесі саналатын RT Deutsch-тің мақалалары айрықша танымалдылыққа ие: Еуропаның сыртқы байланыс қызметінің деректері бойынша олар Германияның әлеуметтік желілерінде екінші орында тұр" деп жазылған.

Süddeutsche Zeitung авторлары мұндай жағдайдың неліктен болып жатқанын, сондай-ақ соңғы жылдары неміс газеттерінің танымалдығы неге күрт төмендеп кеткенін түсіндіре алмайды. Олардың пікірінше, ресейлік БАҚ-тың Еуропадағы басты мақсаты - еуропалық қоғамның ішінде  "күмән туғызу" екен. Сонда батыс журналистері қай кезден бастап мәселеге күмәнмен қарауды жаман ұғыммен теңестіретін болған? Демократияшыл Еуропа әрқашан тоталитаризм мен ресми ортақ пікірді айыптап келді емес пе? Ендеше, отандастары Ресейге қатысты көп айтылатын "улану" мен "ішкі саясатқа араласу" деген мәселелерді тек жергілікті газеттер мен телеарналардың ақпараттары бойынша ғана зерделемей, оның шынайылығына басқа БАҚ-ты саралай келе, көз жеткізгісі келсе, оған батыс журналистері мен саясаткерлері неге таңғалады?

Бұл тек Германияға ғана қатысты емес. Еуропаның қай елін алсаңыз да, жүйесіз БАҚ пен әлеуметтік желілерде "ресейшіл" көзқарастың неліктен соншалықты танымал екендігіне көз жеткізуге болады. Мысалы, чех сарапшысы Ян Шир мұны "журналистердің дайындығы мен кәсібилігінің кемшіндігімен" түсіндіреді. Демек, оларға "дұрыс бағыт беру" керек, дейді сарапшы.

Оның ойынша, мәселен, журналистерді Донбасс бүлікшілерін "сепаратистер" емес, "Ресей армиясы" деп атауға көндірсеңіз күткен нәтижеге қол жеткізуге болады.  Яғни, ең бастысы, оқырмандарға күмән мен күдік тудыратын "бұлыңғыр картина" ұсынбау. Ол үшін Чехия телеарнасының эфиріне күдік пен күмән тудырмайтын "дұрыс" сарапшыларды ғана шақыру керек, деп есептейді Шир. Бұған Навальныйға және оның улануына қатысты жәйтті мысалға келтіруге болады.

Шир және соған ұқсас сарапшылар кез келген ақыл-есі дұрыс адам Ресейдің "оккупанттары" немесе "улағыш Путин" туралы жазылған газеттерді оқи отырып, ерте ме, кеш пе мұндай "сенсациялық фактілердің" рас-өтірігін іздеуге тырысатынын түсінгісі келмейді.  Егер, оқырмандар газеттерден ештеңе таппаса, сөзсіз, басқа балама дереккөздерге жүгінері анық. Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының Еуропада көбірек танымал болуын міне, осымен түсіндіруге болады. Себебі, олар, ең болмағанда, белгілі бір мәселені әр қырынан қарастыруға және белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ресеймен күресуші және Еуропаны "өзгеше ойлайтындардан" тазартқысы келетін батыс сарапшылары міне, осыдан қорқады.

Бұған осы аптада Италияның бірнеше аймағында өткен жергілікті сайлауды мысалға келтіруге болады. Тоскана аймағында оппозициялық "Лиганың" алдағы жеңісінен қорыққан ақпарат құралдары қайтадан антиресейлік үндеуді алға шығарып, "Ресейдің қаржыландыруы" туралы әңгімені еске түсірді. Негізгі "дәлел": бір кездері "Лигамен" байланыста болған электр компаниясы иесінің орыс әйелі бар және ол ақшасын Ресейге аударып отырған-мыс... Мұндай "жанжалдың" өзі "Лигаға" тағылған айыптарды жоққа шығарады, себебі антиресейлік айыптауларға сүйенсек, "ақша Ресейден келіп жатқан жоқ, керісінше Ресейге жіберіліп жатыр". Бірақ, олар оппозицияның Кремльмен қандай да бір байланысы бар деген әңгімеге қалай да оқырманын сендіргісі келеді.

"Лига" жетекшісі Сальвинидің осы жылдар ішінде ешкімнің одан "рубль де, қуыршақ матрешка да таппағаны" туралы мәлімдемесі Италияның либералды БАҚ-ы мен Брюссель саясаткерлерін еш қызықтырмайды. Оның осы сөзін өзіне қарсы қолданғысы келген еуропалық либералдар идеологтарының бірі Ги Верхофстадт Еуропарламенттің мінберінде тұрып Сальвиниді "Путиннен ақша алды" деп айыптайды.

"Менің ойымша, бізге "уағыз айтқысы" келетін мұндай адамдар Еуроодақты жойғысы келеді және ол үшін ақша алады", - деді Бельгияның бұрынғы премьер-министрі.

Шын мәнінде, ішкі оппозицияға қарсы бағытталған айыптаулардың дені осыған ұқсас келеді. Алайда, ол шынымен ресейшіл ме және оның Мәскеумен байланысы бар ма, жоқ па, ол жағы ешкімге маңызды емес. Ең бастысы – қарсыластардың аузын жабу. Мұндай айыптаулар Еуропаның біраз елінде әлдеқашан сыналған.

71
студенттер

Шетелдіктерге Ресейде білім алуға квота бөлу жүйесін реформалау керек - Примаков

19
Ресейдің білім беру саласының өкілдері шетелдік студенттерге оқуға түсуге квота ғана емес, стипендия мен грант беру керек деп отыр

 

МӘСКЕУ, 25 қыркүйек – Sputnik. Көршілес және Балтық елдерінің талапкерлеріне Ресейдің жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік беру форматын реформалау керек, деп есептейді Россотрудничество басшысы Евгений Примаков.

РФ мемлекеттік думасының депутаты Евгений Примаков осы жылдың маусым айының соңында Россотрудничество басшысы болып тағайындалды. Ол сол кезде ресейлік агенттік қызметіне үлкен өзгерістер енгізуге уәде берген еді.

Россотрудничествоның жаңа басшысы шетелдік азаматтардың Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алуына мүмкіндік беретін квота жүйесіндегі кемшін тұстарды атап өтті.

"Квота саны артады. Президент олардың өсетінін айтты. 2023 жылға қарай квота мөлшерін екі есеге дейін көбейту көзделген. Бірақ, біз білім және ғылым министрлігіндегі, мемлекеттік думадағы әріптестерімізбен сөйлесе келе, квотаға қатысты тетіктердің өте тиімсіз болып отырғанына көз жеткіздік", - деді Sputnik агенттігінде берген сұхбатында Евгений Примаков.

Ол, бұл ретте, тегін оқу үшін квота көп бөлінген Беларусьті мысалға келтірді. "Бірақ Ресейдің тіпті Польшамен бәсекеге түсуі қиын болып тұр" дейді ол.

 "Поляктар студенттерге тегін оқуға түсуге ғана мүмкіндік бермейді, сонымен қатар,  түрлі стипендиялар мен гранттар бөледі. Егер біз алдағы уақытта тегін оқу жағын ғана қарастыратын болсақ, поляктармен бәсекеге түсе алмайтынымыз анық. Ал квоталардың ішінде гранттар мен стипендиялардың болуы үшін жүйені жетілдіруіміз керек. Яғни, біз жастарды оқуға шақырып қана қоймай, оларға ұшақ билетін ұсыну, баспанаға немесе жатақханаға ақы төлеу жағын да қарастырғанымыз жөн", - деді Примаков.

Агенттік басшысының айтуынша, Россотрудничество шетелдік студенттердің Ресейге келіп, білікті маман атанып, таңдаған саланың мықты сарапшысына айналуына мүдделі.  Алайда, қазіргі жүйе бұл жоспарды жүзеге асыруға мүмкіндік бермей отыр.

"Кейде Ресейге келген жастар қиын жағдайға тап болып жатады. Нәтижесінде аула сыпырушы, таксист болып жұмыс істеуге мәжбүр болады. Ал бұдан мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржының дұрыс жұмсалмай отырғанын көруге болады", – деп түсіндірді Россотрудничество басшысы. 

Сонымен қатар, ол әлі күнге дейін квота бөлу жүйесін реформалаудың нақты жоспары әзірленбегенін, бұл мәселе әлі де талқыланып жатқанынын жеткізді. Бұл салаға реформа жүргізбей, мәселе шешілмейді деп есептейді Примаков.

2020 жылдың басында мемлекеттік думаның күн тәртібіне шетелдік студенттерге арналған квота санын 15 мыңнан 30 мыңға дейін арттыру туралы мәселе қойылды. Сол кезде думаның ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Калашников студенттерге бөлінетін 15 мың квота Ресейдің халықаралық деңгейдегі рөлі мен гуманитарлық әлеуетіне сәйкес келмейтініне тоқталған еді.  Бұл ретте, ол тек Беларусь азаматтары үшін ғана 10 мың тегін квота бөлетін Польшаны, жыл сайын 5 мың Молдова азаматын ақысыз оқытатын Румынияны мысалға келтірген болатын.

Бүгінде Ресейге оқуға түсуге ниет білдірген шетелдік студенттердің өтінішінің саны 100 мыңға жуықтаған. Сондықтан, Ресейдің білім және ғылым министрлігі шетелдік студенттерге бөлінетін квота санын 30 мыңға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

 

 

19
Архивтегі фото

Қазақстанда қар жауды видео

683
Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласының маңындағы тауларды күртік қар басты – куәгерлер қысқы кадрларды жариялап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарында боран соқты, деп хабарлады YK-news.kz порталы.

Жергілікті тұрғын Риддер қаласының маңындағы тауларда жауған қар мен боранды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады.

Риддер тауларына осы күздегі алғашқы қар 9 қыркүйекте түсті.

Сондай-ақ, куәгерлердің әлеуметтік желілердегі мәліметінше, 25 қыркүйекте Күршім ауданына да "қыс келген".

Оқи отырыңыз: Үсік жүреді – қыркүйекте ауа райы қандай болады 

Риддерде сенбіде қар аралас жаңбыр жауады, ауа температурасы төмен, бірақ нөлден жоғары болады, деп хабарлады Gismeteo. Облыс орталығы – Өскеменде жаңбыр жауады.

683
Кілт сөздер:
видео, қар, Шығыс Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстанда үсік жүреді: алдағы үш күнге ауа райы болжамы шықты