Математика, арифметика

Баласына үй жұмысын түсіндіріп отырған әйел ауруханадан бір-ақ шықты

5172
(Жаңартылды 10:14 08.11.2019)
3-сыныпта оқитын бала математикадан берілмеген тапсырманы түсінбеген. Бұған қатты ашуланған анасының денсаулығы сыр берді

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша — Sputnik. Қытайда баласына үй жұмысын түсіндіруге тырысқан әйел ауруханаға түсті. Әйел миокард инфарктісін алған, деп хабарлайды Asia One.

Оқиға Қытайдың Хубей қаласында болды. 36 жастағы әйел ұлына тапсырманы бірнеше рет түсіндірген. Бірақ бала мүлдем түсіне алмапты. Сол кезде әйел кенет өзін жайсыз сезінген.

"Мен өте қатты ашуландым. Жүрегім дүрсілдеп соға бастады. Дем алу қиындап кетті", - деді әйел.

Әйелінің жағдайын көрген күйеуі бірден ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер миокард инфарктісі деген диагноз қойды.

Кейін әйел баласына жиі ашуланатынын айтты. Оның айтуынша, мұндай жағдай болатынын күтпеген.

Тағы оқыңыз: Баланың төсегіндегі "елес" әйелдің зәресін ұшырды – фото

Миокард инфарктісі - жүрек сырқаты. Инфаркт кезінде кеуде тұсы, сол жақ қол, иық пен мойынның сол жағы ауырады.

Ешбір себепсіз қорқыныш сезімі пайда болуы мүмкін.

5172
Кілт сөздер:
жұмыс, бала
Тақырып бойынша
Алматы мектебінде 1-сынып оқушысы терезеден секіріп кетті: оқиғаның мән-жайы
"Бәрі басқаша болар еді": жасанды жүрекпен жүрген алматылық өкінішін айтты
Қазақстан мектептерінде қысқы демалыс қашан басталады
Сабақта баланы ұрған: қостанайлық мұғалім қалай жазаланды
Әкесі дүкеннен тұшпара сатып алған: Шымкенттегі трагедияның мән-жайы
Загрузка...