Бейбітшілік бастауы операциясы

Сириядағы жағдай: мүдделі елдер қандай келісімге келіп жатыр

91
(Жаңартылды 13:12 13.11.2019)
Америка Құрама Штаттары Сирияны бөліп тастағысы келеді, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Вашингтон Евфрат өзенінің шығыс бөлігіндегі аумақтарды бөлуге ұмтылып отыр. Бұған қоса, олар сол жерде квазимемемлекет құру үшін қолдан келгеннің бәрін істеуде, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрлігінің басшысы Сергей Лавров Париждегі екінші бейбітшілік форумында.

"АҚШ Шығанақ елдерінен үлкен инвестициялар туралы сұрайды. Олар осылайша Сирия демократиялық күштері, күрдтер – халықтық өзін-өзі қорғау жасақтары мен басқалары негізінде жергілікті әкімшілік құрғысы келеді. Бұл Сирияның осы бөлігін бөліп тастап, сол жерде орналасқан мұнай кен орындарын бақылау үшін жасалып отыр", - деді министр.

Тағы оқыңыз: Террористер ТМД-ға қауіп төндіріп жатыр – видео

Бұған қоса, Лавровтың айтуынша, Америка Құрама Штаттары одақтастарына ресми Дамаск бақылайтын Сирияны қалпына келтіру жобаларын инвестициялауға тыйым салады, деп хабарлайды РИА Новости

"Біз Сирия үкіметімен бірге, басқаларды шақыра отырып, елдің жақсы өмірге оралуы үшін, босқындардың қайта келуі үшін инфрақұрылымды жаңғырту мақсатында жағдай жасауды қолдаймыз", - деді ведомство басшысы.

Жақында Лавров АҚШ-тың Сирияны тонап, мұнай кен орындарын бақылауына алу әрекеттері заңсыз екенін, бұл еш жақсылық әкелмейтінін айтқан еді.

Сириядағы жағдай

Сириядағы қарулы қақтығыс сегіз жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Елдегі жағдай қазан айында ушыға түсті. Сол кезде Түркия күрд жасақтарына қарсы бағытталған "Бейбітшілік бастауы" операциясының басталғаны туралы жариялады. Өз кезегінде, Вашингтон Анкараның әскери операциясына қатысудан бас тартып, әскерлердің шығарылатыны жайлы хабарлаған болатын.

Дегенмен көп ұзамай Дональд Трамп әскери қызметкерлердің бір бөлігі мұнайды "Ислам мемлекеті" содырларынан күзету үшін қалатынын айтты. Оның пікірінше, күрдтерге ақша керек болғандықтан олар мұнайлы өңірге келген.

Ал Пентагон өкілі Рэт Хоффманның мәліметінше, сириялық мұнайдан түскен табыс америкалықтарға емес, күрдтерге кетіп жатыр.

Мәскеу мен Анкара келісімдері

Анкара АҚШ-пен келісім бойынша Сирия шығысындағы әскери әрекеттерді уақытша тоқтатты. Бұл күрдтердің өз құрылымдарын шекарадағы 30 шақырымдық буферлік аймақтан алып кету үшін жасалып отыр.

Жиырма екінші қазанда Владимир Путин пен Режеп Тайып Эрдоған алты сағаттық келіссөз өткізіп, нәтижесінде он пунктен тұратын өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Тағы оқыңыз: Ресей мен Түркия Сирияға қатысты маңызды шешімдер қабылдады – видео

Құжат Түркиямен шекарадағы Сирия жаққа ресейлік әскери полиция мен сириялық кеден қызметі бөлімшелерін кіргізуді қарастырады. Олар күрд жасақтарының шығарылуына, Сирия-Түркия шекарасынан 30 километр жерде олардың қарулануына және бірлесіп патрульдеуге көмектесуі тиіс.

Кейін Ресей қорғаныс министрлігінің басшысы Сергей Шойгу күрдтердің қауіпті аймақтан мерзімінен бұрын шығарылғанын айтты. Түркия-Ресей бақылау маршруттарында барлау үшін ұшулар мен минадан тазалау жұмыстары басталды.

91
Кілт сөздер:
Түркия, Ресей, Сирия
Тақырып бойынша
Сириядан оралды: Нұр-Сұлтан колониясында 14 қазақстандыққа қатысты сот басталды
Қазақ жігіттерінің Сирияда немен айналысқаны әшкере болды
Сириядан қайтарылған қазақстандықтар сотталып жатыр – видео
Сириядан оралған жігіт содырлар үш досын не үшін атып тастағанын айтып берді
Қазақстанда қанша адам теріс діни ағымның жетегінде жүргені жарияланды
Кене

Қытайда соңы өлімге әкелетін жаңа вирус тарала бастады

4270
(Жаңартылды 20:15 08.08.2020)
Вирус кенеден адамға жұғып, басқа адамдарға қан немесе шырышты қабық арқылы таралады

Нұр-Сұлтан, 8 тамыз – Sputnik. Қытайда кене арқылы жұғатын SFTS вирусының өршуі тіркелді, деп хабарлайды Global Times басылымы.

"Соңғы мәліметтер бойынша, қазірдің өзінде аталған індетті 60 адам жұқтырып, оның жетеуі қайтыс болған. Бастапқыда індет Цзянсу провинциясында тіркелді, кейіннен Аньхой провинциясының тұрғындары да вирус жұқтырғаны анықталды", – делінген ақпаратта.

Ауру жұқтырғандардың айтуынша, симптомдық белгі ретінде жөтел, дене қызуының көтерілуі және қандағы лейкоциттер мен тромбоциттер деңгейінің төмендеуі байқалады.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирусты емдейтін жаңа қондырғы ойлап тапты

Айта кетейік, SFTS вирусы алғаш рет 2011 жылы анықталды. Вирус кенеден адамға жұғып, басқа адамдарға қан немесе шырышты қабық арқылы таралады.

4270
Кілт сөздер:
Қытай, вирус
Тақырып бойынша
Тойда 16 қонаққа вирус жұқтырған: Тоғжанов қайғылы жағдайлар туралы айтты
Адам өміріне аса қауіпті: кене шаққанда не істеу керек?
Қытайда тағы бір жаңа вирус шықты
Оңтүстік Қазақстанда кене шаққан әйел мен бала көз жұмды
Ішінде кене құжынаған нанды жеп қойған әйел ажал аузынан қалды
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіруді талқылауға қатысушылар

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қашан қалпына келетіні талқыланды

742
(Жаңартылды 17:59 08.08.2020)
Түркияның Қазақстандағы елшісі сыртқы істер министрлігіне шақырылып, түрік тарапының шешімі туралы ел үкіметін алдын ала хабардар ету өтініші жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Анкара қаласында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған делегация Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожамен кездесіп, екі ел арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін талқылады, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.

Тараптар коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында бірлескен іс-шаралар қабылдауға және екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты. Сондай-ақ, қазақстандық тарап Түркия үкіметіне пандемия кезінде елімізге көрсеткен ізеттілік көмегі үшін ризашылығын білдірді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой түрік тарапын COVID-19 індеті бойынша еліміздің қазіргі жағдайы туралы ақпараттандырды. Ол Қазақстандағы ахуал тұрақталғанын және бақылауда екендігін атап өтті.

"Келіссөздер нәтижесінде Түркия денсаулық сақтау министрі Қожа аталған мәселені өз еліндегі коронавирус індетімен қарсы күрес жөніндегі ғылым кеңесінің келесі отырысының күн тәртібінде талқылауға қайта шығаратынына сендірді. Сондай-ақ, Қазақстандағы оң динамиканың жалғасуын ескере отырып, бұл мәселе жуық арада өз шешімін табады деп үміттенетінін жеткізді", – делінген хабарламада.
Казахстан и Турция обсудили вопросы возобновления авиасообщения
© Photo : Пресс-служба МИД Казахстана
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қашан қалпына келетіні талқыланды

Сонымен қатар, 7 тамызда Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлұмен Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерді тоқтата тұру мәселесі бойынша телефон арқылы сөйлесті.

Оқи отырыңыз: "Өкінішпен естідім": Түркия президенті Назарбаевқа жеделхат жолдады

Түркия сыртқы істер министрі бұл шешім бауырлас халықтардың екіжақты қарым-қатынасына байланысты емес екеніне және тұрақты рейстерді қайта бастау туралы шешім мемлекеттік комиссияның келесі отырысында қаралатынына сендірді.

Оған қоса, сыртқы істер министрлігіне Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи шақырылып, түрік тарапының осындай шешімдері туралы Қазақстан үкіметін алдын ала хабардар ету өтініші жеткізілді.

742
Кілт сөздер:
Қазақстан, Түркия Республикасы, әуе қатынасы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
"Қазақстандықтардан басқа ешкім жоқ": Түркия шекараны ашты
Нұр-Сұлтан мен Алматыдан бірқатар қалаға әуе қатынасы жанданды
Ресей мен Грузия арасында тікелей әуе қатынасы тоқтатылды
Мәскеу мен Нұр-Сұлтан арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады – Ресей елшілігі
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасы жанданады
Алматы қаласында отқа орынған төрт қабатты ғимарат

Алматыда төрт қабатты ғимарат әп-сәтте күлге айналды видео

0
Оқиға орнына өрт сөндірушілермен бірге өзге де жедел қызмет түрлері шұғыл жетті

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Алматы қаласының Түрксіб ауданында алапат өрт болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Четырехэтажное здание сгорело в Алматы
© Sputnik / Стрингер.
Алматыда төрт қабатты ғимарат отқа оранды

Жансүгіров көшесіндегі төрт қабатты ғимарат отқа оранып, әп-сәтте күлге айналды. Ғимараттың бірінші қабатында техникалық қызмет көрсету бекеті, екінші және үшінші қабатында дүкендер, ал төртінші қабатта бірнеше пәтер болған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Almaty|21+🇰🇿 (@almaty_kris_p)

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды тез ауыздықтауға тырысып бақты. Сондай-ақ, оқиға орнына басқа да жедел қызмет түрлері шұғыл жетті. 

Четырехэтажное здание сгорело в Алматы
© Sputnik / Стрингер.
Алматы қаласында өртеніп жатқан ғимарат

Ғимарат толықтай жанып кетті. Өрт салдарынан 1991 жылы туған ер адам зардап шеккен. Өрттің шығу себебін анықтаумен Алматы қалалық ІІД тергеушісі айналысып жатыр.

0
Кілт сөздер:
оқиға, Алматы, өрт
Тақырып бойынша
Мәскеу түбіндегі хоспистен өрт шығып, 10 адамның өмірін қиды
Өрт шыққан жерге жылдам жетеді: Алматыдағы мотоцикл экипажы өз жұмысы туралы айтты
Алматыда перзентханадан өрт шықты – видео
Түркістан облысында жойқын өрт видеоға түсіп қалды
Шымкентте ірі кәсіпорыннан өрт шықты - видео