Қару

Ресейде колледж студенті курстастарына оқ жаудырды

81
(Жаңартылды 11:28 14.11.2019)
Медицина қызметкерлерінің алдын ала мәліметіне сай, екі адам қаза тапты, тағы үшеуі жарақаттанды, ал оқу орнының аумағы қоршауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша – Sputnik. Ресейдің Амур облысы Благовещенск қаласындағы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы колледжінде атыс болды, құрбандар бар, деп хабарлайды РИА Новости аймақтың денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, атыс салдарынан екі адам қаза тапты, тағы үшеуі жарақаттанды, деп хабар таратты агенттік.

Бұған дейін Амур облысы Благовещенск қаласы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы колледжіндегі атыс фактісін облыстық білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі растаған еді.

Ал ішкі істер министрлігінің Амур облысы басқармасының мәліметінше, патрульдік полицейлерге колледждегі атыс туралы жас жігіт хабарлапты.

Полиция қолында қаруы бар жас жігітті оқу орнының екінші қабатынан тауып алған. Ол құқық қорғаушыларға да оқ жаудырған. Тәртіп сақшылары мергенді аудиториялардың біріне қамап, эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырыпты.

"Оқиға орнынан екі жас жігіттің денесі табылды. Олардың бірі – мергеннің өзі болып шықты. Алдын ала мәліметке сай, оқиға салдарынан барлығы үш адам зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - делінген ақпаратта.

Полиция мәліметінше, мерген өз-өзіне қол салған, ал ол колледжге әкелген қару соның атына тіркелген болып шықты. Полицейлер қайғылы оқиғаға "құрдастар арасындағы жанжал" себеп болды деп болжап отыр.

Қазір жедел тергеу тобы тексеру жұмыстарын бастап кетті.

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео пайда болды. Бұл кадрлардан бір адамның еденде өліп жатқаны көрініп тұр.

Благовещенск бірыңғай диспетчерлік қызметінің хабарлауынша, колледж аумағы қоршауға алынған. Ал қала мэриясының баспасөз қызметі қала басшысы төтенше оқиға бойынша жедел комиссия құрып жатқанын айтты.

81
Кілт сөздер:
атыс, колледж, Ресей
Тақырып бойынша
Екі миллион доллар: Алматыда бұрынғы прокурор үш адамды жайратып салды
Талдықорғанда мас адам көшеде оқ жаудырды – видео
Шымкенттегі атыс: оқиғаның тағы бір видеосы желіде тарап кетті
Аса ауыр қылмысқа дайындалған: Алматыда мұздай қаруланған жігіт ұсталды
Белгісіз біреулер Тәжікстан шекара бекетіне шабуылдады: 17 адам өлді
Загрузка...