Тұтқын

Жүк көлігінен 39 адам өлі табылды: қайғылы оқиғаға қатысты тың дерек шықты

1852
(Жаңартылды 12:26 26.11.2019)
Британияда отыз тоғыз вьетнамдықтың қазасына қатысты іс бойынша тағы бір күдікті ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Британияның тәртіп сақшылары 39 вьетнамдықтың қазасы туралы істі тергеу аясында "абайсызда өлтірді" деген күдікпен тағы бір ер адамды ұстады, деп хабарлайды Эссекс графтығының полициясы.

РИА Новости мәліметінше, дүйсенбі күні Пурфлит қаласының 36 жастағы тұрғыны құрықталған.

"39 вьетнамдықтың қазасы туралы істі тергеу аясында абайсызда адам өлтірді, адамдарды заңсыз тасымалдап, көші-қонды жүзеге асыру мақсатында сөз байласты деген күдікпен ер азамат ұсталды", - делінген Twitter-де жарияланған полиция мәлімдемесінде.

Бұған қоса, құқық қорғаушылардың дерегінше, қазіргі таңда күдікті жауап алу үшін қамауға алынды.

Еске салсақ, 23 қазан күні Эссекс графтығының полициясы Ұлыбританияға Бельгиядан келген жүк көлігінен 39 адамның денесін тапты.

Бастапқыда олар Қытай азаматтары деген болжам жасалды, дегенмен кейін марқұмдардың вьетнамдықтар екені анықталды.

Тағы оқыңыз: Жүк көлігінен табылған 39 адамның неден өлгені анықталды

Тәртіп сақшылары бірнеше адамды ұстады. Олардың қатарында жүк көлігінің жүргізушісі - Солтүстік Ирландияның 25 жастағы Морис Робинсон есімді азаматы бар.

Тағы оқыңыз: "Анашым, кешір": жүк көлігінде өлі табылған 39 адамның соңғы жазбалары жарияланды

1852
Кілт сөздер:
мигранттар, Вьетнам, Ұлыбритания
Тақырып бойынша
Жігітпен жұдырықтасқан қазақ қызы: Вьетнам боксшысы жазаланды
Лас-Вегаста атыс салдарынан зардап шеккендер мен құрбандар саны артты
Павлодарда екі оқушыны қағып кеткен трамвай жүргізушісі сотталды
Қазақстандық әйел Ресейде пластикалық ота жасатқаннан кейін көз жұмды 
Загрузка...