Ақша, теңге мен доллар

Ер адам аян беретін түстің арқасында байып кетті

4104
Ол қаражатты жаңа үй сатып алуға жұмсауға жоспарлап отырғанын айтты. Қалыңдығымен бөлісу де ойда бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. АҚШ-тың Норт-Чарлстон қаласының тұрғыны түсінде лотереядан қомақты қаржы ұтқанын көрген. Кейін лотерея сатып алып, 250 мың доллар (97 млн теңгеге жуық) көлеміндегі олжаға кенелді.

Кевин Миллер ақша ұтқанын түсінде көріпті. Бірнеше күннен соң лотерея сатып алуға бел буған, деп хабарлайды United Press International.

"Соңғы сәтте лотерея алмайтын шығармын деп ойладым. Өйткені кезекте менің алдымда тұрған жігіт ұзақ уақыт лотерея таңдай алмай тұрды", — дейді Миллер.

Алайда ер адам кетпей, кезегін күткен. Кейін 250 мың доллар ұтқанын білді.

Ол қаражатты жаңа үй сатып алуға жұмсамақ. Қалыңдығымен бөлісуді де жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыз: Әйеліне сыйлық жасаған ер адамның өмірі әп-сәтте өзгеріп шыға келді

Бұған дейін қазақстандықтың Dubai Duty Free дүкені өткізген лотереядан бір миллион доллар ұтып алғаны туралы жазған болатынбыз. Ұйымдастырушылар сәтті билеттің иесіне хабарласа алмай, іздеді.

4104
Кілт сөздер:
лотерея, байлық, түс көру, ер адам
Тақырып бойынша
"Менің ісім емес екен": Кәсібі бар жұлдыздар туралы не білеміз?
Үйленгеніне он жыл толғанын атап өтпек болған ер адам күтпеген олжаға кенелді
Әйел адам мысықтың кесірінен қомақты олжадан құр қала жаздады
Ерекше тәсіл ойлап тапқан әйел байып кетті
Бизнесменнің бүкіл отбасын қырып салған: Алматыдағы адам шошырлық қылмыстың мән-жайы
Загрузка...