НАТО

НАТО-ның әскери шығыны қандай

116
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері институты Шанхай ынтымақтастық ұйымы еуразиялық ықпалдастық және даму бөлімінің меңгерушісі, әскери сарапшы Владимир Евсеев НАТО саммитін қорытындылады

Түркия проблемасы бойынша ішкі қарама-қайшылықтардың күшеюі, Ресей және Қытаймен қатынасты реттеу, әскери шығындар деңгейі, альянсты одан әрі кеңейту, оның түрлі миссияларға қатысуы, бірінші кезекте Ауғанстанда – бұл 4 желтоқсанда Ұлыбританияда өткен мерейтойлық Солтүстік Атлант шарты ұйымы (НАТО) саммитінің негізгі тақырыптары.

Макрон және НАТО

Талқыланған проблемаларға өткірлікті Франция президенті Эммануэль Макрон қосты. Бастапқыда ол The Economist журналына берген сұхбатында "НАТО ұйымы одақтастар арасындағы үйлесімді толық жоғалтып алды, бұны "мидың өлімі" деп сипаттауға болады" деп мәлімдеді.

Бұны Америка Құрама штаттарының президенті Дональд Трамп, Германия федеративтік республикасының канцлері Ангела Меркель,Түркия президенті Режеп Ердоған және әрине альянс бас хатшысы Йенс Столтенберг теріс қабылдады.

Олар бұндай қатаң бағалаумен келіспейтінін мәлімдеді. Дегенмен Трамптың өзі бұған дейін НАТО-ны "ескірген институт" деп атаған болатын.

НАТО мен Түркия

НАТО ішінде барлығы Түркияға әрдайым сақтықпен қарайтынын атап өткен жөн. Бұған альянсқа мүше мемлекет – Грекиямен қарама-қайшылығы да себеп болып отыр.

Анкара өзі НАТО-ға мүше бола тұра, ұйымға қатысушы елдерге жиі кедергі келтіріп отырады. Тіпті Түркия халықаралық коалициялық күштерге өз аумағын пайдалануға тыйым салған да болатын.

Тағы оқыңыз: Ақпарат майданы: Еуропада не болып жатыр

Ал Сирия дағдарысы бұл проблеманы тек ушықтырды. Мәселен, президент Ердоған НАТО саммиті қарсаңында альянс басшылығына қоқаң-лоққы көрсетті.

Оның ұйымдағы өкілі Балтық елдері мен Польшаны қорғау бойынша жоспарды бұғаттап тастады. Есесіне ол өз-өзін қорғаған халықтан құрылған күрд жасақтарын лаңкестік ұйым деп тануды талап етті.

Саммит нәтижесінде Балтық елдері мен Польшаның қорғаныс жоспары келісілді. Ал Түркия және күрдтер мәселесін жеке талқылау туралы шешім қабылданды.

НАТО-ның әскери шығыны

2020 жылы НАТО елдерінің қорғаныс шығындары 130 млрд долларға, ал 2024 жылы 400 млрд долларға артады деп жоспарланып отыр. Бұл 2016 жылмен салыстырғандағы көрсеткіш. Яғни, алдағы жылы альянс елдерінің барлық әскери шығыны шамамен 1,4 трлн долларды құрайды.

Бұған қоса, НАТО саммитінде Қытай, Ресей, қарулану және ғарыш мәселесі талқыланды.

116
Кілт сөздер:
халықаралық дау, Ресей, Түркия, АҚШ
Тақырып бойынша
Сарапшы АҚШ-тың Түркияға қысымы жайлы айтты
Ресей НАТО-ға қауіп төндіре ме – сарапшы жауабы
НАТО саммиті: қазіргі халықаралық жағдай қандай?
Лондонда НАТО саммиті алдында не болып жатыр?
"НАТО миының өлімі": Лондондағы саммит қалай өтті?
АҚШ-тағы тәртіпсіздік

АҚШ-тағы жаппай тәртіпсіздікті Ресейден көру кімге тиімді

60
Саясаттанушылар наразылықтың астарынан "Ресейдің ізін" іздеуді биліктің ішкі қарама-қайшылықтарды мойындамай отырғанымен байланыстырады

АҚШ-та жаппай тәртіпсіздікке Мәскеу арандатып отыр, ал шеруге шыққандар "орыс әдістемесіне" сүйеніп полиция учаскелерін талқандап жатыр. Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесші Сьюзан Райс Ресейге осындай айып тақты. Дәлел ретінде ол өзінің тәжірибесі мен түйсігіне сенетінін алға тартты. Риа Новости тілшісі Галия Ибрагимова америкалықтардың әр істен "Ресейдің ізін" іздейтінін талдап көрді.

Наразылықтан тонауға дейін

Лос-Анджелестегі сауда орталықтары карантинге жабылған. Калифорния билігі оларды маусымда ашуды жоспарлаған болатын. Алайда бірінші болып оны мародерлер (тонаушылар) жасады. Қазір есігі сынған элиталық дүкендердің сөрелері бос тұр, тоналған. Ойран салғандар тұрмыстық техника, киім-кешек пен жиһаз, тіпті тамаққа дейін әкеткен. Полиция тікұшақ арқылы бүлікшілерді тоқтатуға тырысты, жоғарыдан су төкті. Бірақ жиналғандар тарай қоймады.

Полиция қызметкерлері ұстаған афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін наразылық танытқандар Миннеаполис, Вашингтон, Сан-Франциско, Портленд, Майами, Индианаполис, Филадельфия, Атлантта өрши түсті. Қайғылы оқиғаға тікелей қатысы бар адам қызметінен босатылды әрі қазір тергеуге алынды. Алайда наразылық білдірушілер тәртіп сақшыларын жазалуды ғана емес, АҚШ-та нәсілшілдікке қатысты жүйенің аяқталуын талап етіп отыр. Олар "әділдік жоқ болса – бейбітшілік те жоқ! Полицияның бассыздығына жол жоқ!" деп айғайлап жатыр.

Қолдарына Флойдтың өлім алдында айтқан: "Дем жетпей жатыр" деген сөзі жазылған плакат ұстап шықты. Жүздеген адам тас жолға жатып, оның соңғы сөзін қайталады. Бейбіт шеру тез арада қақтығысқа, кейін жаппай тәртіпсіздік пен тонауға ұласты.

Ірі қалаларда енгізілген комендаттық сағат көмектеспеді. Вашингтонда наразылық білдіргендер Ақ үйді қоршап алып, ішіне кіруге тырысты. Нью-Йоркте бір топ адам тас атып, жиырма полиция көлігін өртеп жіберді. Портлендте олар сот ғимаратын отқа орады.

Азаматтық қоғамға төнген қауіп

Бастапқыда АҚШ-та көптеген адамдар демонстранттарға қызыға қарады. Жергілікті билік бастапқыда арандатушыларға назар аудармауға тырысты, полицейлерді күш қолданбауға шақырды. Алайда құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тез тұтанғыш қоспасы бар шөлмектер ұшқан кезде шыдамдылық танытып тұра алмады.

Миннесота губернаторы Ұлттық гвардияны штатқа енгізді, әскери көмек Лос-Анджелеске де жетті. Олар көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқтар қолданды.

"Миннеаполисте болған жағдай Флойдтың өліміне байланысты емес. Ойран салу азаматтық қоғамға қауіп төндіреді және үрей тудырып, қала өміріне кедергі келтіреді", – деді губернатор Тим Вальц.

Дональд Трамп жағдайға одан да қатаң баға берді. Президент Флойдтың өлімін "америкалықтардың үрейін тудырып, қайғыға душар етті және ашу шақырған трагедия" деп айтты.

Жексенбіде қауіпсіздік қызметі мемлекет басшысын Ақ үйдің жер асты бункеріне жіберді. Ол жерден қауіп кейілгеннен кейін ғана шыға алды.

Кінәліні іздеу жолында...

Тәртіпсіздік болған жерден дереу "Ресейдің ізі" табыла кетті. "Өткен сайлауалды науқанда да ресейліктер қара белсенді болып шыға келді. Олардың тәртіпсіздікке қатысы бар", – деп хабарлады CNN телеарнасынан Жаңа Орлеан мэрі Марк Мориал. Алайда 2016 жылы өткен сайлауға Ресейдің еш қатысы жоқ екені бірнеше жылдық тергеуден кейін расталмағаны жайлы тіс жармады.

Бірнеше күн өткен соң бұл эстафетаны Барак Обаманың ұлттық қауіпсіздік әкімшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сьюзан Райс іліп әкетті. Ол да CNN телеарнасынан жаппай тәртіпсіздік "ресейлік әдіс бойынша" әрекет етті деп болжады.

"Бейбіт демонстранттар бар. Олар әділетсіздік пен теңсіздікке қарсы шығады. Бірақ наразылықтарды күн тәртібінде ұстауға тырысатын арандатушылар да бар. Менің тәжірибем маған тактикалық схемалардың орыс жинағы бойынша әрекет ететінін айтады", – деді Райс.

Ресейдің қатысын іздестіруге тырысқан америкалық БАҚ Мәскеудің атына тағылған тағы бір айыптауды еске алды. Бірнеше жыл бұрын Вашингтон ресейлік хакерлер Black Lives Matter қозғалысын қолдайды деп мәлімдеді. Оның белсенділері де полицейлердің озбырлығына қарсы шықты.

Осы тұста Трамп та шетте қалған жоқ. Президент "Ресей ізі" туралы пікірталасты сынға алды. Мемлекет басшысы CNN телеарнасы мұны рейтинг үшін жасап отыр деген болжам жасады.

Мәскеу де үнсіз қалмады. Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің "Америка ісіне ешқашан араласпағанын және қазір де араласпайтынын" алға тартты.

Американың поляризациясы

Американың қоғамы өте қатты поляризацияланған. Еуропалық және халықаралық кешенді зерттеулер орталығы ҰЗИ ЭЖМ директор орынбасары Дмитрий Суслов наразылықтың жаппай сипатын былай деп түсіндірді.

"Америкалықтардың бір бөлігі либералды құндылықтарды ұстанады, бір бөлігі консервативті. Эмиграцияны жақтаушылар бар, арасында Мексикамен ортаны бөліп тұратын шекараның құрылысына қолдау білдіреді. Бұған глобалистер мен протекционистер қақтығысын қосыңыз. Миннеаполистегі оқиға нәсілдік мәселені еске салды. Ақтар өмірге біте қайнасып кетті, ал қара нәсілділер қоғамның толыққанды бір бөлігі бола алмады", – деді Суслов РИА Новости агенттігіне.

Саясаттанушы "Ресейдің ізін" іздеуді биліктің ішкі қарама-қайшылықтарды мойындамай отырғанымен байланыстырды.

"Америкалық элита қоғам сау деп санайды. Барлығын Трамп пен орыстар бұзады. Егер Трампты алып тастап, "Ресей ізін" жойса, ел қалпына оралады. Бірақ қалалардағы шерулер бұл норманың бұрыннан жоқ екенін көрсетеді. Ешкім де күрделі реформалардың қажеттілігін мойындамайды", – деп пайымдайды Суслов.

Саясаттанушы Райстың мәлімдемесін сайлау алдындағы науқан деп қабылдау керек екенін айтты.

"Бұрынғы шенеунік Джо Байденнің командасына кіруді жоспарлап отыр деп болжауға болады. Мәскеу атына айып тағу – бұл Кремльмен бірге әрекет ететін Трампқа жасалған демократтар қысымының жалғасы", – дейді сарапшы.

60
Кілт сөздер:
Ресей, наразылық, АҚШ
Мария Захарова

Захарова АҚШ-тағы тәртіпсіздікке Ресейді айыптағандарға жауап берді

140
Сонымен қатар Ресейдің сыртқы істер министрлігі Миннеаполис полициясының ресейлік тілшіге көзден жас ағызатын спрейді пайдаланылуына қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. АҚШ-тағы тәртіпсіздікке Ресейдің қатысы болуы мүмкін деген айыптаулар ақпараттық айла-амалдың лас әдісіне жатады, деп мәлімдеді Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша бұрынғы кеңесшісі Сьюзан Райс ешбір дәлел келтірмей-ақ, Америкадағы тәртіпсіздіктің артында Ресей тұруы мүмкін деп мәлімдеді.

Бұл сөздерді Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова "ақпараттық айла-амалдың лас әдісі" деп бағалады, деп хабарлайды РИА Новости.

Ол АҚШ-тағы орыс тілді "әлеуметтік желілер" сол елде тіркелгенін және оның бәрі де заң жүзінде реттелетінін атап өтті.

Бұдан бөлек, Ресейдің сыртқы істер министрлігі Миннеаполис полициясының РИА Новости тілшісі Михаил Тургиевке көзден жас ағызатын спрейді пайдаланылуына қатысты пікір білдірді. 

"Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталған АҚШ-тағы наразылық акцияларын жариялау кезінде полицияға қатысты зорлық-зомбылық пен журналистерге қатысты негізсіз ұстанымдардың көбеюіне алаңдаушылық білдіреміз. Біз қызметтік куәлігін көрсетсе де, АҚШ құқық қорғау органдарының арнайы құралдарды – резеңке оқ пен көзден жас ағызатын аэрозольді БАҚ өкілдеріне қарсы қолдануын өрескел қателік деп санаймыз", – делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік журналистердің қауіпсіздігі мен кедергісіз қызметін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық міндеттемелерді де еске салды.

"Америкалық құзырлы органдар оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі тергеу жүргізеді деп үміттенеміз. Сонымен қатар тиісті халықаралық құрылымдар мен адам құқықтары жөніндегі үкіметтік емес ұйымдарды осы озбырлықты жауапсыз қалдырмауға шақырамыз", – делінген ақпаратта.

Көзден жас ағызатын газ қолданылды

Миннеаполис полициясы жаппай наразылық туралы оқиға орнынан хабар таратып жүрген журналистерге, оның ішінде VICE телеарнасының түсіру тобы мен РИА Новости тілшісі Михаил Тургиевке көзден жас ағызатын спрейді әдейі қолданғаны туралы хабарланған болатын.

Кейіннен осы сәттің видеосы интернетте жарияланды.

Көп ұзамай Миннесота губернаторы Тим Уолц құқық қорғау органдарының қызметкерлері шабуыл жасаған БАҚ өкілдерінен кешірім сұрады.

Ал зардап шеккен Михаил Тургиев болса, оқиғадан кейін: "Бәрі қалпына келді, көру қабілетім бұзылған жоқ", – деп өзінің жағдайынан хабардар етті.

Наразылық неден өршіді?

Миннеаполис пен АҚШ-тың тағы бірнеше қаласында жаппай тәртіпсіздік 25 мамыр күні афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталды.

Полицейдің жерде жатқан Джордж Флойд есімді азаматтың мойнын тізесімен басып, тұншықтырып жатқаны түсірілген видео интернетте кеңінен таралды. Ол ауа жетпей, өзін нашар сезініп жатқанын айтқанымен, полицейлер оны босатпайды. Кейін Джордж Флойд реанимацияда қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: АҚШ-та Қазақстаннан көшіп барған жасөспірімді тапа-тал түсте өлтіріп кетті

Ал 29 мамыр күні Флойдты ұстаған полиция қызметкері қамауға алынды. Оған абайсызда кісі өлтірді деген айып тағылып отыр. Тағы төрт адам жұмыстан босатылды.

Осы оқиғадан кейін ел аумағында жаппай тәртіпсіздіктер басталды.

Демалыста Миннеаполис пен көршілес Сент-Пол қаласында коменданттық сағат жарияланды.

140
Жадкевич атындағы Мәскеу қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Александр Мясников

Бұрынғы КСРО елдерінде коронавирустан қайтыс болу көрсеткіші төмен

0
(Жаңартылды 23:14 02.06.2020)
Дәрігер Мясников өлім-жітімнің төмен көрсеткішін КСРО-да медицинаның ерекше болуымен байланыстыра түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. Белгілі ресейлік тележүргізуші, Жадкевич атындағы Мәскеу қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері, коронавирусқа қатысты жағдайды бақылау жөніндегі ақпарат орталығының өкілі Александр Мясников Sputnik арнайы онлайн-видеокөпірі кезінде шын мәнінде коронавирустың қалай дамитынын және неліктен Италия, Испания және АҚШ-тағы қайғылы жағдайлардың посткеңестік елдерде қайталанбағанын айтып берді.

КСРО құрамына кірген көптеген елде коронавирус індетінен болатын өлім-жітім көрсеткішінің әлемдік деңгейден әлдеқайда төмен болуы ғалымдар мен дәрігерлерді таңғалдырып отыр. Coronavirus-monitior.ru сервисінің мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша олардағы өлім деңгейі Өзбекстандағы 0,4% -тен Литвадағы 4,23% -ке дейінгі аралықта құбылады. Ал Италия мен Ұлыбританияда бұл көрсеткіш –14%, Францияда – 15%, Бельгияда – 16%.  

Оқи отырыңыз: Қазақстан коронавирустың екінші толқынынан қалай сақтанып жатыр 

"Саясаткерлер, білікті дәрігерлер қазір бұрынғы Кеңес Одағы елдеріне үңіле бастады, - дейді дәрігер Мясников. – Ауыр науқастар мен қайтыс болғандардың саны эпидемияның қазіргі жағдайын көрсетеді. Ал бұрынғы КСРО-ның барлық елінде өлім-жітім деңгейі төмен. Неліктен екенін бағамдау қажет. БЦЖ-ның (КСРО-да кеңінен қолданылған туберкулезге қарсы вакцина) пайдасы тиген болуы мүмкін, айтпақшы, қазірдің өзінде зерттеу жүргізіліп жатыр – америкалықтар шағын топтарға БЦЖ еге бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да: "Мәселе БЦЖ-ға иммундық жауапта болуы мүмкін, бірақ әзірге оны ұсынбаймыз" деді". 

Мясников посткеңестік елдер халқының иммунитеті коронавирусқа төзімді екенін айта келе, бұл жағдайдың бұрын туберкулез инфекциясын жұқтыру деңгейінің жоғары болуымен байланыстырылуы мүмкін екенін болжады.

"Кейбір ғалымдар жасырын туберкулездің таралу деңгейінің жоғары болуы иммундық жүйенің өзгеруіне әкеледі, сондықтан коронавирус үлкен қарсылыққа кезігеді" деп болжап жатыр, – дейді сарапшы. – Бірақ біз орыстар, белорустар, украиндар, қазақтар неліктен америкалықтардан, француздардан және италиялықтардан он есе аз өлетінін анықтауымыз керек. Мәселенің басын ашу керек".  

0
Кілт сөздер:
КСРО, коронавирус
Тақырып бойынша
Қазақстанда 7 журналист коронавирус жұқтырды
Бас санитар дәрігер той-томалақ өткізуге бола ма деген сұраққа жауап берді
Қазақстандық әкім коронавирус жұқтырды
Қазақстанда алған коронавирус анықтамасы ЕАЭО елдерінде жарамсыз – бас санитар дәрігер