Сұлулық байқауының тәжі

"Дүниежүзі аруы - 2019" байқауының жеңімпазы анықталды - фото

1843
(Жаңартылды 12:34 09.12.2019)
Жеңімпаздың тәжін оған "Дүниежүзі аруы - 2018" атағына ие болған филиппиндік сұлу Катриона Грэй табыстады

АЛМАТЫ, 9 желтоқсан — Sputnik. "Дүниежүзі аруы - 2019" байқауында Оңтүстік Африка республикасының өкілі Зозибини Тунзи жеңіске жетті.

"Оңтүстік Африка республикасының өкілі "Дүниежүзі аруы-2019" атанды", - делінген байқаудың Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

View this post on Instagram

A post shared by SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz) on

Жеңімпаздың тәжін оған "Дүниежүзі аруы-2018" атағына ие болған филиппиндік Катриона Грэй тапсырды. 26 жастағы Зозибини Тунзи әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен стереотиптерге қарсы екенін ашық айтып жүреді.
Биылғы конкурста екінші орынға 24 жастағы Мэдисон Андерсон (Пуэрто-Рико) ие болса, 25 жастағы София Арагон (Мексики) үшінші орыннан көрінді.
View this post on Instagram

A post shared by Miss Universe (@missuniverse) on

"Дүниежүзі аруы - 2019" байқауына 93 елдің өкілі қатысты. Ресей биылғы байқауға барған жоқ. Себебі осы елдің өкілі виза алып үлгермеді. Сұлулық сайысы АҚШ-тың Атланта қаласында өтті. 

Қазақстан атынан кім қатысты?

"Дүниежүзі аруы-2018" байқауында Қазақстанның атынан 18 жастағы Әлфия Ерсайын қатысты. Былтыр ол "Қазақстан аруы" атанған болатын.  
View this post on Instagram

A post shared by МИСС КАЗАХСТАН (@misskazakhstan_official) on

Костюмдер конкурсында Әлфия ұлттық нақыштағы қызғылт көйлекпен дефиле көрсетті. Көйлегі мен бас киімінде ұсақ моншақтар болды. Өткен жылы "Дүниежүзі аруы-2018" байқауында Қазақстанның атынан Сабина Әзімбаева қатысқан болатын. Ол "Алматы аруы-2017" байқауында жеңіске жеткен.
1843
Кілт сөздер:
фото, жеңімпаздар, сұлулық байқауы, ару
Тақырып бойынша
"Астана аруының" кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды – фото
Талғамда талас жоқ: жүз жылда сұлулыққа деген көзқарас қалай өзгерді – фото
Қазақстандық ару футболдан әлем чемпионына тұрмысқа шықты
Қазақстандық ару Сингапурдегі сұлулық байқауында жеңіске жетті – фото
Сұлулық байқауына қатысқан ару трактордың астына түсіп көз жұмды
Загрузка...