Әлем

WADA Ресейдің Еуро-2020 чемпионатын өткізу құқығын растады

© REUTERS / Christinne MuschiДүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің Монреальдағы кеңсесі
Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің Монреальдағы кеңсесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
WADA комиссиясының төрағасы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік Ресейге қатысты қатаң санкция қолданғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Ресейдің Еуро-2020 чемпионатын өткізу құқығын растады. Бұл туралы Associated Press ақпарат агенттігі комиссия төрағасы Джонатан Тейлорға сілтеме жасап хабарлады.

Тейлордың айтуынша, WADA спорттың барлық түрі үшін біртұтас көзқарас ұстанады.

"Футболдан Еуропа чемпионаты маңызды жарыс, бірақ басқа спорт түрлерінде құрлық біріншілігі мұндай мәнге ие емес", - деп мәлімдеді Тейлор.

Ол сонымен бірге WADA Ресейді ірі жарыстарды, оның ішінде әлем чемпионаттарын өткізу құқығынан айырып, оған қатысты тым қатаң санкцияларға бастамашылық жасағанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, ескек есуден Паралимпиаданың қола жүлдегері және әлем чемпионы Вики Аггер WADA спортшылар комиссиясынан кететінін мәлімдеген болатын. Ол өз шешімін Ресейге тым жеңіл жаза қолданылуына наразылық білдіруімен байланыстыра түсіндірді.  

Ресейлік спортшылар Олимпиададан шеттетілді: Путин пікір білдірді 

Аггер Ресейге қарсы едәуір қатаң санкциялар қабылдануы керек деп есептейді, оның пікірінше, бұл жас спортшылардың болашағына оң әсер етеді.

9 желтоқсанда Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің атқарушы комитеті Ресейді халықаралық жарыстарға, оның ішінде Олимпиада мен әлем чемпионаттарына қатысудан 4 жылға шеттеткені белгілі болды. Ресей бұл шешімге Спорт жөніндегі төрелік сотқа шағымданбақшы.  

Жаңалықтар
0