Лифт, архив

Құлдилап құлаған лифтінің ішінде бүтін бір отбасы болды: төртеуі де көз жұмды

16875
Қайғылы оқиға болған тұрғын үйдің адамдары лифтінің жиі істен шыққанын айтады. Ол жарты жолда тұрып қалып, есіктері ашылмай қалады екен

НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. Сан-Паулу қаласында тоғызыншы қабаттан лифт құлап, төрт адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Daily Mail.

Қайығылы оқиға 30 желтоқсанда Бразилияның Сан-Паулу қаласында болған. Лифтінің ішінде болған отбасының төрт мүшесі көз жұмды.

Басылымның хабарлауынша, 47 жастағы Джуселина Сантос қонақтарды тұрғын үйдің кіре берісінен күтіп алған: 43 жастағы әпкесі Люсинида де Соуза Гоес, оның күйеуі Эдисон Донизете және олардың 19 жастағы ұлы Эрик Мигель. Отбасы мүшелері тоғызыншы қабатқа көтерілу үшін лифтіге мінген. Бір уақытта жоғарыға көтеріле бастаған лифт төменге құлдилап құлайды.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда тәуір киінген қыз лифтіде дәрет сындырды

Оқиға болған тұрғын үйдің адамдары лифтінің жиі істен шыққанын айтады. Ол жарты жолда тұрып қалып, есіктері ашылмай қалады екен, әрі апаттық батырмасы жұмыс істемейді. 

Бұзылған лифт 23 желтоқсанда пайдалануға берілген. Адам өлімінен соң лифт жабылды, оны мамандар тексереді.

16875
Тақырып бойынша
Тоғыз жасар қыз мінген лифт 19-қабаттан құлап кетті – видео
Ақтөбеде тележүргізуші лифт ішінде қаза тапты
Степногорда лифт шахтасынан әйелдің қаңқасы табылды
Жүкті әйел мінген лифт 95-қабаттан төмен құлдилады
Атырауда бойжеткен лифт шахтасына құлап кетті
Загрузка...