Ұшақ, архив фото

Әлемдегі ең қауіпсіз әуе компанияларының рейтингі жарияланды

364
(Жаңартылды 21:03 03.01.2020)
Ең қауіпсіз әуе компаниялары рейтингіне Австралия, АҚШ, Канада, Еуропа мен Азияның бірқатар елінің тасымалдаушылары енді. Қазақстан және Ресей әуе компаниялары тізімде жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар — Sputnik. AirlineRatings.com агенттігі әлемдегі ең қауіпсіз әуе компанияларының рейтингін жасады. Бірінші орынды 99 жылдық тарихы бар австралиялық Qantas компаниясы иеленді.

Агенттік сайтындағы мәлімет бойынша, сарапшылар қауіпсіз компанияларды бағалау барысында олардың жұмысын, тексерілу жиілігін, апаттар жайлы деректерді, табысын және ұшақтардың «жасын» жан-жақты зерттеген.

Топ-20: ең қауіпсіз әуе компаниялары

Қорытынды рейтинг келесідей:

  1. Qantas (Австралия);
  2. Air New Zealand (Жаңа Зеландия);
  3. EVA Air (Тайвань);
  4. Etihad (Біріккен Араб Әмірліктері);
  5. Qatar Airways (Қатар);
  6. Singapore Airlines (Сингапур);
  7.  Emirates (БАӘ);
  8. Alaska Airlines (Америка Құрама Штаттары);
  9. Cathay Pacific Airways (Қытай);
  10. Virgin Australia (Австралия);
  11. Hawaiian Airlines (АҚШ);
  12. Virgin Atlantic Airlines (Ұлыбритания);
  13. TAP Portugal (Португалия);
  14. SAS (Швеция);
  15.  Royal Jordanian (Иордания);
  16. Swiss (Швейцария);
  17. Finnair (Финляндия);
  18. Lufthansa (Германия);
  19.  Aer Lingus (Ирландия);
  20. KLM (Нидерланды).

Тағы оқыңыз: Алматыда Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған сәттің видеосы жарияланды 

Ең қауіпсіз лоукостерлер ондығы

Олардың қатарына Air Arabia (БАӘ), Flybe (Ұлыбритания), Frontier (АҚШ), Hong Kong Express (Қытай), IndiGo (Үндістан), Jetblue (АҚШ), Volaris (Мексика), Vueling (Испания), Westjet (Канада) және Wizz (Венгрия) енді.

364
Кілт сөздер:
халықаралық рейтинг, әуе компаниясы, қауіпсіздік
Тақырып бойынша
Bek Air-дің аман қалған жолаушысы ұшақта не болғанын айтып берді
2019 жылы бүкіл елді дүрліктірген оқиғалар - видео
Алматы түбіндегі ұшақ апаты: полиция жүкті әйелді құтқарып қалған жігітті марапаттады
Суданда әскери ұшақ құлады: 18 адам қаза болды
Біртанов Bek Air апатынан зардап шеккен науқастың хал-жағдайын білді
Загрузка...