Баллистикалық зымыран. Архивтегі фото

Иран АҚШ-тың әскери базасына зымыранмен соққы жасады

3135
(Жаңартылды 09:47 08.01.2020)
Он үш зымыран нысанаға тиді, зардап шеккен америкалық әскерилер туралы ақпарат жоқ. Иран АҚШ-тың аймақтағы одақтастарына да соққы беруге дайын екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Америка әскерилері орналасқан Ирактағы "Айн-әл-Асад" әскери базасына зымыранмен соққы жасалды.

Иран ислам революциясы сақшыларының корпусы жауапкершілікті өз мойнына алды. Бұл туралы Press TV телеарнасы хабарлады.

"Ислам революциясы сақшыларының корпусы Ирактағы америкалық "Айн-әл-Асад" әуе базасына ондаған зымыранмен соққы жасағанын растап отыр", - деп хабарлады телеарна Twitter-де.

​CNN мәліметінше, базадағы ақпарат көздері кем дегенде 13 зымыранның дәл тигенін растады, бұған дейін Иран аумағынан кем дегенде 30 зымыран ұшырылғаны туралы хабарланған. Сонымен бірге америкалық агенттік АҚШ әскерилері зардап шекпегенін атап өтті.

АҚШ қалай жауап қайтарды

АҚШ қорғаныс министрінің қоғаммен байланыс жөніндегі көмекшісі Джонатан Хоффман Иран Ирактағы Америка базаларын баллистикалық зымырандармен атқылағанын мәлімдеді.

"Иран АҚШ-тың әскери базаларына және Ирактағы коалициясына қарсы оннан астам баллистикалық зымыранмен соққы берді. Біз шығынды алдын-ала бағалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз", - деп мәлімдеді ол.

Хоффманның айтуынша, АҚШ аймақтағы өзінің әскери қызметкерлерін, серіктестері мен одақтастарын қорғау үшін "барлық қажетті шараны" қабылдайды.

Дональд Трампқа Ирактағы базаларға оқ жаудырылғаны туралы хабарланды, ол жағдайды қадағалап отыр, деді АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Стефани Гришэм.

Сулейманимен қоштасу кезінде қаза болғандардың саны 50 адамнан асты - видео

"Біз АҚШ-тың Ирактағы нысандарына жасалған шабуылдардан хабардармыз. Президентке ақпарат берілді, ол жағдайды мұқият қадағалап отыр және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі өз командасымен кеңесіп жатыр",  - деп мәлімдеді Гришэм.

Дональд Трамп халыққа үндеу жасайды деп жоспарланған, бірақ кейінірек Ақ үйдегілер ешқандай үндеу болмайтынын хабарлады.

Америка президенті қорғаныс министрімен және мемлекеттік хатшымен кездесу өткізді.

Генерал Сулейманиге жасалған қастандық

3 қаңтарда АҚШ Бағдадтағы халықаралық әуежай аумағында арнайы операция жүргізіп, ирандық генерал Сулеймани мен ирак шейіттер жасағының басшысы Әбу Махди әл-Мухандисті өлтірді.

Вашингтонның мәлімдеуінше, олар өткен жылдың 31 желтоқсанында Бағдадтағы АҚШ елшілігіне шабуыл ұйымдастырды. Иранның Жоғары көшбасшысы Али Хаменеи Сулейманидің өлімі үшін АҚШ-тан кек қайтаруға уәде берді. АҚШ президенті Дональд Трамп америкалықтарға шабуыл жасалса, Ирандағы 52 нысанға соққы жасалатынын мәлімдеді. Әлемдік қауымдастық АҚШ пен Иранды ұстамдылық танытуға үндеп жатыр.

3135
Кілт сөздер:
зымыран, АҚШ, Иран
Тақырып:
АҚШ пен Иран қақтығысы (13)
Тақырып бойынша
Жұма намазын оқып жатқан 30 адам қаза тапты
Қытай АҚШ-тан арандатушылықты қоюды талап етті
Израиль Сирияға шабуыл жасады
Мұхтар Тілеуберді Таяу Шығыстағы жанжалдың ушығуына қатысты пікір білдірді   
Иранда генерал Сулеймани өлімінен кейін мыңдаған адам митингке шықты - видео
Құрбан айтта президент сөйлеп жатқанда зымыранмен соққы жасалды
Таулы Қарабақтағы қақтығыс

Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді: бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар

555
(Жаңартылды 15:33 27.09.2020)
Таулы Қарабақта Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыс ушықты, бейбіт тұрғындар қаза тапқаны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Армения Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын жойғанын хабарлады. Ал Әзербайжанның әскерилері 12 армян зенит кешенін жойғанын мәлімдеді.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы екі тарапты да оқ жаудыруды доғаруға шақырды.

"Тараптарды дереу атысты доғарып, жағдайды тұрақтандыру үшін келіссөздерге кірісуге шақырамыз", - делінген ресейлік министрліктің мәлімдемесінде.

Түркия толыққанды Әзербайжанды қолдайтынын жеткізді.

Армения осы жағдайға байланысты әзірге Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымына (ОДКБ) жүгінген жоқ. Никол Пашинян шұғыл түрде елдің қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізбек.

Әзербайжанның әуе күштері Тертер-Агдам, Физули-Джебраиль, сонымен қатар Муровдаг тауы бағытында ұрыс жүріп жатқанын хабарлады.

Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының президенті Араик Арутюнян елде соғыс жағдайын енгізіп, мобилизация жариялады.

555
Кілт сөздер:
қақтығыс
Дональд Трамп

Трамп Навальный төңірегіндегі мәселені жылы жауып қойды саясаттанушы

18
Америкалық сенаторлар Алексей Навальныйға қатысты оқиға бойынша Ресейге қарсы санкция енгізу туралы заң жобасын енгізді. "Sputnik" радиосының эфирінде саясаттанушы Владимир Можегов осы жайында пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Америкалық бір топ сенатор Алексей Навальный төңірегіндегі оқиға бойынша Ресейге қарсы санкция енгізу туралы заң жобасын ұсынды, деп жазды республикашыл-сенатор Марко Рубионың сайты.

Бұл құжат "халықаралық құқықты ашық бұзуға", сондай-ақ, Навальныйдың "улануына" қатысы бар Ресейдің ресми азаматтарына шектеу шараларын егізуді көздейді.

Заң жобасы америкалық биліктен Ресей президенті Владимир Путин мен оның айналасындағылардың қаржысына қатысты не білетіні туралы конгресс алдында есеп беруін талап етеді. Сонымен қатар, ол Ақ үйді "Ресей химиялық және биологиялық қаруды жоятын АҚШ заңдарын бұзды ма? " деген сауалға жауап беруге міндеттейді.

Марко Рубиодан бөлек, құжатты республикашыл-сенатор Митт Ромни, демократтар Крис Кунс, Бен Кардин және Крис Ван Холлен мақұлдады.

Енді заң жобасын қабылдау үшін сенат пен өкілдер палатасы қолдап, АҚШ президенті қол қоюы тиіс.

"Sputnik" радиосының эфирінде Владимир Можегов сенаторлар бастамасына қатысты пікір білдірді.

"Бұл таза қоғамдық жұмыс. Бұл жерде қандай мәселе болуы мүмкін? Тіпті қисынға келмейтін дүние. Мұның бәрі кедейлердің пайдасына, сайлау алдындағы науқанды ушықтыруға қатысты әңгімеге келіп тіреледі. Ал Навальный туралы іс демократтардың күн тәртібінде тұр. Республикашылдар бұл мәселеге барынша немқұрайлылық танытып отыр. Менің ойымша, олар алдағы уақытта да бұл әңгімеге араласпайды. Трамптың өзі бұл жәйтті алыстан мұқият орағытып алып келді. Ал мемлекеттік хатшы Майк Помпео оқиғаға қатысты барлық факті толық анықталған кезде ғана реакция таныту қажеттігін, ал қазір жағдайдың қалай өрбитіні түсініксіз екенін атап өтті", - деді Владимир Можегов.

Оның пікірінше, америкалықтардың немістерден Навальный туралы мәлімет алуына мүмкіндігі бар. Алайда олар ешқандай сауал жібермеген.

"Ол санкция салуға қандай да бір негіз болар еді. Бұл бұлыңғыр оқиға болғандықтан, Трамп оның тереңіне үңілгісі, демократтардың арбауына түскісі келмейді. Демократтар бұл тақырыпты күн тәртібіне батыл қояды, ал Трамп одан өзін алшақ ұстары сөзсіз", - деп есептейді саясаттанушы.

20 тамызда ұшақта Алексей Навальныйдың жағдайы күрт нашарлағандықтан, Омбы ауруханасына жатқызылған болатын. Дәрігерлер қандағы қант деңгейінің күрт түсіп кетуінен зат алмасу жүйесінің бұзылғанын мәлімдеді. Оған не түрткі болғаны әлі белгісіз, алайда Навальныйдың қаны мен зәрінен у табылған жоқ.

Кейінірек ол Германияға жеткізілді. Қыркүйек айының басында неміс үкіметі ресейлік оппозиционердің "Новичок" химиялық затынан уланғанын мәлімдеді. Мәскеу Берлин зертханасынан талдау нәтижесіне қатысты анықтаманы сұратқан болатын. Бірақ неміс тарапы үнсіз.

BND неміс барлау қызметінің 1990-шы жылдан бастап "Новичокқа" қол жеткізу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, оны батыстың 20-ға тарта мемлекеті, соның ішінде Ұлыбритания, АҚШ, Швеция, Чехия елдері де зерттеген.

Ресей президенттің 1992 жылғы жарлығына сәйкес, химиялық қару саласындағы зерттеуін тоқтатып, 2017 жылы осындай заттардың қорын толықтай жойып жіберген еді. Мұны химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым растады.

18