Сулеймани

БҰҰ жанындағы Иран өкілі: Сулеймани үшін кек алдық, әскери іс-қимыл тоқтайды

334
(Жаңартылды 13:05 09.01.2020)
Америка Құрама Штаттары басқыншылық әрекеттер жасаған кезде ғана Иран жаңа әскери акциялар ұйымдастырмақ

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Иранның тұрақты өкілі Маджид Тахт-Раванчи америкалық әскерилер өлтірген генерал Сулеймани үшін өш алынды деп мәлімдеді. Америка Құрама Штаттары басқыншылықты тоқтатса ғана Тегеран әскери іс-қимылды жалғастырудан бас тартпақ.

Бұл туралы Маджид Тахт-Раванчи Дональд Трамптың халыққа үндеуі эфирге шыққаннан кейін мәлім етті. Онда Америка Құрама Штаттарының президенті Иранмен әскери қақтығыс болмайтынын айтты, деп хабарлайды vesti.ru.

БҰҰ жанындағы Иран тұрақты өкілінің айтуынша, Иракта орналасқан америкалық базаларға жасалған зымыран соққысы Касем Сулеймани өлімімен тең келеді. Иран қарулы күштері жаңа соққы жасамайды.

Тағы оқыңыз: Трамп Иранға жаңа санкция салатынын айтты

Десек те, Пентагон мәліметіне сәйкес, америкалық әскерилер әлі жоғары әскери дайындық режимінде отыр.

Америка Құрама Штаттары қорғаныс министрі Марк Эспердің дерегіне сай, америкалық әскери контингент орналасқан Ирактағы "Айн-эль-Асад" базасына Иран әскери күштері он бір зымыран ұшырған. Тағы біреуі Эрбиль әуежайына бағытталған.

Салдарынан техника орналастыруға арналған алаң мен бір тікұшақ зақымданған. Оның айтуынша, зымыран соққысынан зардап шеккендер жоқ.

АҚШ пен Иран қақтығысы

Екінші қаңтарда Бағдад әуежайына бірнеше зымыран соққысы жасалды.

Шабуыл салдарынан Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы "Кудс" арнайы бөлімшесінің басшысы, генерал Касем Сулеймани және Ирактың "Аль-Хашд аш-Шааби" шейіт жасағының бірқатар жоғары лауазымды мүшесі қаза тапты.

Шабуыл үшін жауапкершілікті Америка Құрама Штаттары өзіне алды. Иран өз кезегінде генерал Сулеймани өлімі үшін АҚШ-тан кек қайтарамыз деп уәде берді.

Сегізінші қаңтарда Ислам революциясы сақшалыры корпусы Сулеймани өліміне жауап ретінде Ирак аумағында орналасқан Америка Құрама Штаттарының "Айн-аль-Асад" әуе базасы мен Эрбиль әуежайына зымыран соққысын жасады.

334
Кілт сөздер:
генерал, Иран, БҰҰ
Тақырып бойынша
АҚШ-тың әскери базасына зымыранмен жасалған соққыдан 80 адам қаза болды - БАҚ
АҚШ пен Иран қақтығысы: Тоқаев Ақордада кеңес өткізіп, тапсырма берді
АҚШ-Иран қақтығысы: Air Astana Дубайға ұшу бағытын өзгертеді
Иранның АҚШ әскери базасына зымыран ұшырған сәтінің видеосы жарияланды
Трамп Иранның әрекетіне қатысты мәлімдеме жасады - трансляция аяқталды
АҚШ-тағы наразылықтар

Трамптың наразылықты басу үшін қабылдаған шешімі несімен қауіпті

49
Штаттардың жартысында коменданттық сағат енгізілді, алайда жергілікті билік іс жүзінде әрекет етіп отырған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. АҚШ-та Джордж Флойд есімді қара нәсілді тұрғын полицияның қолынан қаза тапқаннан кейін басталған жаппай тәртіпсіздік басылмай тұр. Егер полицияның күші жетпейтін болса, Дональд Трамп вандализм мен тонаушылықты тоқтату үшін тұрақты әскерді пайдаланбақшы, деп жазды РИА Новости.  

Тағы заң және тағы тәртіп

Америкалықтар Дональд Трамптың ұлтқа үндеуін күтті. Алайда президент асықпай, оны 2 маусымда жасады.

"Біз Джордж Флойдтың өлімінен кейін есеңгіреп қалдық, - деп бастады ол. – Алайда біз жиналған топқа бейбіт наразылықты жойып жіберуге жол бермейміз. Басты зардап шеккендер – заңға мойынсұнушы азаматтар мен халықтың кедей тобы. Мен оларды қорғау үшін күресемін".

"Мен заң және тәртіптің президентімін", - деп атап өтті Трамп. Бұл америкалықтарға жақсы таныс ұран екенін айта кету қажет.

1968 жылы ел сондай-ақ беймаза уақытта президент сайлауына дайындалып жатты: Вьетнамдағы соғысқа қарсы жаппай демонстрациялар, әйелдер мен нәсілдік азшылықтарды қолдау акциялары өтті. Қара нәсілділердің құқығы үшін күрескен кіші Мартин Лютер Кинг пен сенатор Роберт Кеннендидің өлімінен кейін Ричард Никсон сайлауға "заң және тәртіп" деген ұранмен барды.

"Сіз барлық проблема шын мәнінде қара нәсілділерде екенін қабылдауға міндеттісіз", - деп түсіндірді Ақ үй әкімшілігінің басшысы Гарри Холдеман.

Трамптың үндеуі

Трамп болып жатқан наразылықты ішкі лаңкестік деп атады. Ұлтқа жасаған үндеуінде президент шағын бизнес өкілдерін атап өтті. Көз алдында тәртіпсіздіктен жұмыс орнының қирап жатқаны жайлы айтты.

Көшеде болып жатқан жаппай тәртіпсіздіктің видеосы тарап жүр. Наразылыққа шыққандар сөрелерді қиратып, тауарларды шығарып, өздерімен алып кетіп жатыр. Fox 11 телеарнасының журналистері өтіп бара жатқан жігіттерге қолындағы аяқ киімді қайдан алғанын сұрады. Олар іркілместен жауап берген. Жан-жағында полиция болмаған.

Мұндай жағдай бүкіл елде болып жатыр. Биліктің вандализмді тоқтату туралы айтқаны еленген жоқ. Бизнес иелері өз заттарын өздері қорғауға шықты.

Санта-Моникада дүкендердің бірінің есігіне "зорлық-зомбылықты тоқтатыңыз" деген плакаты бар қыз тұрды. Шеруге шыққандар оны итеріп тастауға тырысты, түтін шашатын лақтырды, алайда бойжеткен қорықпай қарсы тұрды. Кейіннен жанына қара нәсілді ер адам барып, "біз наразылыққа шығамыз, ұрлыққа емес" деген плакат ұстап тұрды.

Ал Бруклинде қала тұрғындары полиция әрекет етпейінше тәртіп сақтау үшін патруль болып бірікті. "Біз мұнда тек қорғаныс үшін ғана келдік. Нәсілшілдік пен наразылық құқығын құрметтейміз. Бірақ біз өз отбасымызбен өмір сүріп жатқан жерді бұзуға ешкімнің құқығы жоқ", - дейді патруль ұйымдастырушылары Айзек Болтянски мен Дэвид Бродски

Ашулануға құқығы бар

Жергілікті биліктің әрекетсіздігіне наразылық танытқандар көп. Нью-Йорктің мэрі Билл де Блазио тонаушыларға шабуыл жасады деп айыпталып жатыр, жақында оның қызы көше қақтығыстары кезінде қамауға алынды. Эндрю Куомо штатының губернаторын да жағадан алып жатыр.

Дүйсенбіде Блазио әскерилерді қосу қауіпті деп мәлімдеді, оның айтуынша, бұл жағдайды нашарлатады.

"Қарулы күштер тұрғын үй аумағына кірсе, жақсы ештеңе болмайды", - деді ол. Дегенмен, көшелердегі полицейлердің саны екі есе – төрт мыңнан сегіз мыңға дейін өсті. Қалада коменданттық сағат жарияланды.

Ұлттық гвардияны қатыстыруға басқа да өңірлердің басшылары, негізінен демократтар асығар емес. Вашингтон штатының басшысы Джей Инсли әскери бөлімшелерді дайындады, бірақ оларды қалаларда да орналастырған жоқ.

Трамп сол уақытта әскерді өзі көшеге шығаратынын айтып қорқытты. Президент Бас қолбасшы болса да, штаттар аумағында федералдық қарулы күштерді өз қалауы бойынша пайдалана алмайды. Алайда егер ол 1807 жылғы көтеріліс туралы заңды қолданса, Ұлттық гвардия оның жарлығы бойынша губернаторларға қарамай әрекет етеді. Соңғы рет бұл заңды Лос-Анджелестегі наразылық кезінде 1992 жылы үлкен Джордж Буш қолданды.

Алайда губернаторлардың наразылыққа шыққандармен қарым-қатынасын шиеленістіруге ниеттенбеуі саяси сипатқа ие, деп санайды саясаттанушы Дмитрий Дробницкий.

"Демократияшылдардың басты міндеті – Трампқа екінші мерзімге қайта сайлануға мүмкіндік бермеу. Наразылық басталғанша адамдарды карантинде ұстап отырды. Олар қазір ашуға булығып отыр, - дейді ол РИА Новости агенттігіне. – Трамп нашар көрінуі керек, өйткені демократияның риторикасына сәйкес, ол нәсілшіл және қоғамда жек көрушілік атмосферасын орнатты".

Егер ұзақ күн тәртіпсіздіктен кейін президент Ұлттық гвардия арқылы басқаратын болса, ол саяси ұпай жинайды және бұл жағдайда демократтардың не айтатыны маңызды емес болып қалады. "Трамп, кел де, тәртіп орнатыңыз" дейді наразылық болып жатқан штаттағылар және соған дауыс береді.

Саясаттанушы елдегі нәсілдік кемсітушілік жағдайы шынымен қорқынышты екенін атап көрсетеді.

Америка қоғамы және онсыз да жан жаққа бөлінген. Наразылық тек қайшылықтардың көп екенін, тереңде жатқанын көрсетті. Қарапайым адамдар полицейлерге да, тонаушылыққа да наразы, ал демократтар мен республикашылдар бұрынғысынша келісе алмайды. Үлкен Джордж Буштың саяси мансабында көтеріліс туралы заңның қандай рөл атқарғанын айту қиын. Бірақ 1992 жылы өткен сайлауда ол жеңіліс тапты. Трамп қатаңдыққа баса назар аударып отырса керек. Соңы не болатыны жақында белгілі болады.

49
Кілт сөздер:
тәртіпсіздік, АҚШ, Трамп
Тақырып бойынша
Тоқаев: Қазақстанда АҚШ әскери базасын салу мәселесі талқыланбайды
АҚШ-тағы тәртіпсіздікке Ресейдің қатысы бар ма
Америкадағы тәртіпсіздіктер неге өршіп кетті?
Ресей президенті Владимир Путин

Ресейде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталып келеді Путин

22
Путин жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан, өңірдегі жағдайды мұқият қадағалап, өзгерістерге дереу жауап қату керектігін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Ресейде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтанып, жақсарып келеді, деп мәлімдеді президент Владимир Путин.

"Соңғы айларда біз коронавирус індетімен күресуге көп көңіл бөлдік. Қазір елдегі жағдай жақсарып, тұрақтанып келеді", - деді Ресей басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда алған коронавирус анықтамасы ЕАЭО елдерінде жарамсыз – бас санитар дәрігер

Сонымен бірге, Путиннің пікірінше, әр аймақтағы жағдайды үнемі және мұқият бақылап отыру керек, өзгеріп жатқан жағдайға тез арада жауап беру қажет. Бұл туралы елдің Қауіпсіздік кеңесі хабарлады.

Ол Ресей қарулы күштері мен қорғаныс министрлігінің мүмкіндіктері коронавирус инфекциясымен күресуге – шетелде де, елде де бірнеше рет қолданылғанын атап өтті.

"Жақында қорғаныс министрлігі Ресей Федерациясының әр түрлі аймағында қысқа мерзімде және сапалы 16 аурухана салғанына барлығы куә болды, олар Дағыстанда және кейбір басқа аймақтарда жылдам әрекет етіп жатыр", - дейді Владимир Путин.

Ресей басшысы Забайкалье өлкесінде науқастар санының артқанына назар аударды.

"Ондағы динамика әлі де күрделі. Осыны ескере отырып, аймаққа мүмкіндігінше тезірек көмектесуіміз керек, ең алдымен, әрине, әңгіме денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндіктері туралы болып отыр", - деп атап өтті ол.

Ресейдегі коронавирус  

4 маусым, бейсенбі күнгі статистикаға сәйкес, Ресейде коронавирус инфекциясын жаңадан жұқтырған 8 831 адам тіркелді. Елде науқастардың жалпы саны 441 108 адамға жетті. Сонымен бірге 206 623 науқас сауығып, 5284 адам қайтыс болды.

Забайкалье өлкесінде COVID-инфекциясын 1321 адам жұқтырған, олардың 64-і соңғы тәулікте тіркелді, 24 адам қайтыс болды.  

22
Кілт сөздер:
Ресей, коронавирус
Тақырып бойынша
Астаналықтар әлемдік антирейтингте көш бастап тұр
ДДҰ коронавирусқа қарсы қолданылатын әдістің тиімсіз екенін айтты
Қазақстан мен Ресей әлемдегі ірі азық-түлік жеткізушіге айналуы мүмкін – Келімбетов
Сингапур ғалымдары Қазақстан індетті қашан жеңетінін болжады
Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты
Архивтегі фото

Біртанов карантинді қатаңдату туралы: "Коронавирус ешқайда кетпеген"

0
Қайтадан қатаң карантинге кіруге себеп бар. Алайда онымен мәселенің бәрі шешілмейді, деп мәлімдеді Біртанов  

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатаң карантиндік шараларды енгізуге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, карантин тәртібін жеңілдеткеннен кейін бірқатар өңірде науқастардың саны артқан. Мәселен, 15-24 мамыр аралығында республикада 2 800 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, 25 мамыр мен 3 маусым аралығында 3 500 науқас анықталған. Осылайша инфекция жұқтырғандардың саны 25 процентке көбейген.

"Қайтадан қатаң карантинге кіруге себеп бар, сөйтіп науқастардың санын азайта аламыз. Алайда тәжірибе көрсетіп тұрғандай, қатаң карантин бәрін шеше алмайды. Әрине, оны қиын жағдайда қолдануға болады. Коронавирустың алғашқы толқыны кезінде ондай шара өз тиімділігін көрсетті", - деді Біртанов онлайн брифингте.

Осы орайда министр карантин шараларын жеңілдету шешімін дұрыс түсіну қажеттігін жеткізді. Себебі қазір санитарлық нормаларды бәрібір сақтау қажет.

"Бізге тұрақты карантин жағдайында өмір сүруге үйрену керек. Карантин бар ма, жоқ па, коронавирус ешқайда кетпеген. Оған қарсы вакцина әлі шыққан жоқ. Сондықтан сақтық шараларын барынша сақтау қажет", - деп атап көрсетті Біртанов.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқыны басталып кетті – Біртанов 

Министр науқастардың саны қай өңірде күрт артқанын да айтты. Бірінші орында Маңғыстау облысы тұр. Одан кейін Батыс Қазақстан мен Қызылорда облыстары келеді. Ал Шығыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтанда науқастардың саны біртіндеп азайып жатыр.

"Біз осындай жағдайды күнделікті байқап отырғаннан кейін әр өңірде ерекше шектеу шараларын енгіземіз. Оған жергілікті деңгейдегі бас санитар дәрігерлердің құзіреті бар. Мысалы, Теңізшевройлда коронавирус жұқтырғандар көбейгеннен кейін Жылой ауданында шектеу шаралары енгізіледі. Тек сол ауданға, тек сол жерге шектеу енгізіледі. Бірақ ондай шешімдер жергілікті штабтарда қабылданады", - деп түсіндірді Біртанов.

0
Кілт сөздер:
Біртанов, карантин, коронавирус
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Денсаулық сақтау министрі коронавирустан өздігінен жазылатындар туралы айтты
Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме – Бекшин жауап берді
"Халық емханаға бармайды": денсаулық сақтау министрлігі жаңа қызметті іске қоспақшы  
Министр Біртанов митинг өткізуге үзілді-кесілді қарсылық білдірді