Украиналық әуе компанияның ұшағы, апат

Ирандағы ұшақты зымыранмен атып түсірді: Иран Канаданың мәлімдемесіне жауап берді

542
(Жаңартылды 12:07 10.01.2020)
Бұған дейін СВС арнасы Вашингтонның Оттаваға арнайы барлау деректерін бергенін хабарлаған болатын. Онда ирандық зенит-зымыран кешенінің бір дүркін атысынан кейін Boeing 737-800 ұшағының құлағаны жайында айтылған

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо АҚШ-тан барлау деректерін алғанын мәлімдеді. Оған сәйкес, Украинаның Boeing 737-800 апатына кездейсоқ тиген ирандық зымыран себеп болды, деп хабарлайды РИА Новости

Бұған дейін СВС арнасы Вашингтонның Оттаваға арнайы барлау деректерін бергенін хабарлаған болатын. Онда ирандық зенит-зымыран кешенінің бір дүркін атысынан кейін Boeing 737-800 ұшағының құлағаны жайында айтылған.

"Бізге осы апатқа қатысты маңызды ақпаратты берді. Бірнеше ақпарат көзінен барлау деректері түсті. Оған сәйкес, ұшақты ирандық "жер-ауа" зымыранымен атып түсірген. Бірақ оны әдейі жасамаған", - деді Трюдо арнайы баспасөз мәслихатында.

Алайда Канаданың премьер-министрі асығыс шешім жасамауға үндеп, жан-жақты тергеу жүргізу қажеттігін жеткізді. Соның негізінде қорытынды жасау керек деді.

Иран Канаданың мәлімдемесіне жауап берді

Иранның азаматтық авиация ұйымының басшысы Әли Абедзаде "Boeing-ті зымыранмен атып түсірді" деген мәлімдемелерді де,  ұшақ құлаған жерде зымыран қалдықтарының табылғаны туралы ақпаратты да жоққа шығарды.

"Ол сөздердің бәрі орынсыз", - деді Абедзаде.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде "ұшақ құлаған жерде зымыранның қалдықтары табылды" деген тақырыпты әдейі таратып, жұрттың назарын соған қарай бұрып жатыр. Сухой атындағы тәжірибелік-конструкторлық бюроның бұрынғы қызметкері, авиасарапшы Вадим Лукашевич те зымыран қалдықтарының ұшақ құлаған жерде жатпайтынын айтып отыр.

"Ұшаққа зымыран тисе, оның қалдықтары ұшақ құлаған жерден бірнеше шақырым шалғай жерде жатуы тиіс", - дейді ол.            

Тағы оқыңыз: Құдайдан көмек сұраған: Иранда құлаған ұшақтан студенттің хаты табылды

Ал Иранның сыртқы істер министрлігі Канададан және басқа елдерден әуе апатына қатысты ақпаратпен бөлісуді сұрады. Министрліктің ресми өкілі Аббас Мусавидің айтуынша, апатты тергеу шараларына Украина мен Boeing компаниясының сарапшылары шақырылды.

Ирандағы ұшақ апаты

Сәрсенбі, 8 қаңтар күні "Украинаның халықаралық әуежолдары" компаниясына қарасты Boeing 737-800 жолаушылар ұшағы Киев бағытында ұшқан болатын. Ұшақ Тегеранның әуежайынан көтерілген бойда құлады. Ресми деректерге сәйкес, 176 адамның барлығы қаза тапты. Олардың ішінде 167 жолаушы – Иран, Украина, Канада, Германия, Швеция мен Ауғанстан азаматтары, сондай-ақ, экипаждың 9 мүшесі бар.

Иранның азаматтық авиация ұйымының есебіне сәйкес, жолаушылар ұшағы жерге құламай жатып өртенген. Ал оның ұшу траекториясына қарағанда, экипаж әуежайға қарай қайта бұрылған, алайда штаттан тыс жағдай жайында хабар бермеген. Ал бұқаралық ақпарат құралдары ұшақтың бір қозғалтқышынан өрт шыққанан да жазған.

 

542
Кілт сөздер:
ұшақ, мәлімдеме, Канада, зымыран, Иран
Тақырып:
АҚШ пен Иран қақтығысы (13)
Тақырып бойынша
Ирандағы ұшақ апаты: әуе компаниясының басшысы жылап жіберді - видео
Тегерандағы ұшақ апатында қаза болғандардың аты-жөні жарияланды
Сулейманимен қоштасу кезінде қаза болғандардың саны 50 адамнан асты - видео
Иран ұшақ апатына қатысты тергеудің алғашқы қорытындысын жариялады
Саясаттанушы АҚШ-Иран қақтығысы жайлы: Трамп абырой-беделін көтеріп алды
Архивтегі фото

Тұрмысы төмен ресейлік отбасылар балаға бірнеше жәрдемақы алады 

32
Жаңа жәрдемақыны мүмкіндігінше осы жылдың маусым айынан бастап төлеу тапсырылды. Оны рәсімдеу үшін электронды өтініш беру жеткілікті

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. 1 маусымнан бастап Ресейде жаңа норма күшіне енеді – енді үштен жеті жасқа дейінгі балалары бар кейбір күнкөрісі төмен отбасыларға бөлек төлем жасалады, деп хабарлады РИА Новости.

Жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар үш жастан жеті жасқа дейінгі балалары үшін жәрдемақы алады. Төлемдер 1 шілдеден бастап берілуі тиіс, бірақ Ресей президенті Владимир Путин отбасылар бұл ақшаны бір ай бұрын алуы үшін ұйымдастыру шараларын жеделдетуді тапсырды.

Төлем бірден бір жылға белгіленеді, оның мөлшері бір балаға аймақтық ең төменгі күнкөріс деңгейінің жартысына тең – бұл Ресейде орташа алғанда 5,5 мың рубль. Қаражатты  электронды өтінім беру арқылы алуға болады – құжаттарды жинаумен әлеуметтік қорғау органдарының өздері айналысады, деп атап өтті еңбек министрлігі.

Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы: Тоқаев заңға қол қойды

Отбасы төлемді 1 маусымнан бастап алатынына қарамастан, ол осы жылдың қаңтар айынан бастап есептеледі. Министрлік егер 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша отбасында үш жастан жеті жасқа дейінгі бала болса, онда 2020 жылдың алғашқы бес айына да ақша алады деп түсіндірді.    

Егер бала үш жасқа қаңтар мен маусым аралығында толса, отбасы 2020 жылы бала үш жасқа толған сәттен бастап төлем тағайындалғанға дейінгі уақытқа қосымша төлем алады.

Жаңа жәрдемақыны барлығы 2 миллион отбасы ала алады. Қанша өтініш түскенін министрлік нақтыламады.

Сондай-ақ, үш жастан 16 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға 10 мың рубль мөлшеріндегі біржолғы төлем беріледі.

Үш жастан 16 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы отбасының кірісіне қарамастан төленеді. Төлемді бірінші болып 10 миллион отбасы алады, деп хабарлады Ресейдің зейнетақы қоры. Қаражат 22 мамырға дейін түскен өтініш бойынша 15 миллион балаға беріледі.

32
Тақырып бойынша
Сегіз және одан көп баласы бар аналарға төленетін жәрдемақы бекітілді
Төтенше жағдай кезінде таксистер мен бала күтушілерге де әлеуметтік төлем төленеді
Министр Нұрымбетов жаңа жәрдемақыны келеке еткендерге жауап берді
Кейбір көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы екі есеге артады
Ең төменгі күнкөріс шегі деген не және оны неге арттыру керек
Нұр-Сұлтан тұрғыны: Жеті балаға 139 мың теңге жәрдемақы шықты
Қазақстанда 8 және одан көп баласы бар қанша отбасы тұрады
Архивтегі фото

Путин мен қонақтар Жеңіс парады кезінде трибунада болады Песков

25
(Жаңартылды 13:47 01.06.2020)
Дмитрий Песков 24 маусымда Мәскеуде өтетін Жеңіс парады кезінде Ресей басшысы мен құрметті қонақтар қайда отыратынын айтты   

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин мен Мәскеудегі Жеңіс парадына шақырылған қонақтар трибунада отырады. Бұл туралы Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

"Әрине, президент пен қонақтар трибунада болады. Шетелдік мемлекет басшылары қатысады", - деді Песков "Россия 1" телеарнасындағы "Москва. Кремль. Путин" бағдарламасында.

Трибунада кім қайда жайғасатыны туралы мәселе әлі нақтыланбады, деп толықтырды ол.

Жеңіс парады қашан өтеді

24 маусымда Мәскеудегі Қызыл алаңда Жеңіс парады өтеді, "Мәңгілік даңқ" шеруі 26 шілдеге жоспарланған. Бұл туралы бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрі Сергей Шойгумен жұмыс кездесуі кезінде мәлімдеді.

Ресей басшысы парадқа дайындық жасап, өткізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Тоқаев Жеңіс парадына барады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде баратынын хабарлады. Мемлекет басшысы Владимир Путиннің шақыруын ризашылықпен қабылдағанын жазды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан президенті Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысады

2020 жылы 9 мамырда Қазақстан мен Ресейде коронавирусқа байланысты әскери парад өткізілген жоқ. "Мәңгілік даңқ" шеруі онлайн режимінде өтті.  

Мәскеуде ресми тұлғалардың қатысуымен парадтың әуе бөлігі мен еске алу шаралары ғана ұйымдастырылды.

25
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин, әскери парад
Тақырып бойынша
Ресей Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігін мойындамай ма?
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақ жауынгерінің сүйегі елге жеткізілді
Ақтау гипермаркеттерінде Жеңістің 75 жылдығы құрметіне флешмоб өтті
Мәңгілік алауға жібермеген: Алматы әкімдігі ардагерден кешірім сұрады
Жеңістің 75 жылдығы: әлем елдері мерекені қалай атап өтті - фото
Алматы қаласы

Алматы тұрғыны екі адамды құтқарды - оқиға орнында түсірілген видео

0
(Жаңартылды 18:15 01.06.2020)
1414 колл орталығының видеооператоры жұмысшыларды құтқару үшін мұрнын дымқыл орамалмен жауып құдыққа түскен. Тағы бір тұрғын көмекке келді

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым — Sputnik. Алматыда канализациялық люкте екі жұмысшы тұншығып қала жаздады. Оларды Наурызбай ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Ержан Әбдіразақов құтқарды.

Болған жағдай туралы "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының атқарушы директоры Мұрат Жұманбай айтты.

Facebook-тегі видеода зардап шеккендердің жағдайы көрсетілген.

"Дем ал! Ұйықтама!" – дейді көмек көрсетіп жатқан адамдар. 

1414 колл орталығының видеооператоры люктің маңында адамдар жиналғанын көрген. Құдықта екі ер адам болған.

Полицейлер төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін шақырған. Алайда Әбдіразақов бірден әрекет ету туралы шешім қабылдады.

"Екеуі де есінен танып қалған. Олардың бірі "Алматы Судың" киімінде болды. Мен құдыққа түсіп-түспеу туралы мүлдем ойлаған жоқпын. Ол кезде адамдарды құтқару керек деген бір ғана ой болды", - дейді халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері.

Мұрат Жұманбай қызметкер жейдесін шешіп, жанында тұрған әйел берген дымқыл орамалмен аузын жауып, құдыққа түскаенін айтты.

"Тағы бір ер адам көмекке келіп, бірге түсті. Жедел жәрдем бригадасы келген кезде екі жұмысшы да құдықтан шығарылды. Есін жиған жоқ, бірақ тыныс алып жатты", - деді Жұманбай.

0
Кілт сөздер:
видео, құтқару, адам, Алматы