Балық аулау, архивтегі сурет

"Адамның бойымен бірдей": қармаққа алып балық түсті - фото

5645
(Жаңартылды 15:41 14.01.2020)
Биологтар балықтың жасын есептеп шығарды. Ол шамамен 50 жаста. Балықшы суретті өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаряилады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. АҚШ-тың Флорида штатына жақын жерде балықшы Джейсон Бойлл адам бойымен бірдей алып балықты қармақпен ұстады, деп хабарлайды Forthewin.

View this post on Instagram

A post shared by Jason Boyll (@capt_jason_boyll_) on

Жаңа жыл қарсаңында Бойлл өзінің Instagram парақшасында алып балықтың суретін жариялап, "2019 жылды сәтті аяқтадық!" деген жазба қалдырған. Hyporthodus nigritus тобына жататын балықтар 2,8 метрге дейін өседі. Ал салмағы 360 келіге дейін жетуі мүмкін. Оны "Варшав теңіз алабұғасы" деп атайды.

Флориданың балық шаруашылығы және жабайы табиғат бойынша зерттеу институты да өзінің ресми парақшасында  Бойлл мен балықтың суретін жариялады. Институт мамандары алып алабұғаның арнайы бағдарлама аясында зерттеліп жатқан ең кәрі балық екенін де мәлімдеді.

Тағы оқыңыз: Адамға ұқсас балық жұрттың зәресін ұшырды - видео

Ресми ақпаратқа сәйкес, балықшы оны 2019 жылы 29 желтоқсан күні 180 метр тереңдікте қармақпен ұстап алған. Биологтар балықтың жасын да есептеп шығарды. Ол, шамамен, 50 жаста.

Бұған дейін Флорида маңайында ұсталған осы санаттағы балықтың ең үлкен салмағы 198 келі болған.

5645
Кілт сөздер:
фото, балық, адам
Тақырып бойынша
"Бес тонна өлі балық жиналды" Депутат қазақстандықтардың денсаулығына алаңдады
"Қап, қармағым, қап!" Балық ұстаймын деп әлегі шыққан мысық жұртты күлдірді
"Өлген балық көрмедік" Вице-министр Жайықтағы жағдайды көріп қайтты
Атырауда тағы да балық жаппай қырылып жатыр
Заңсыз аңшылық пен балық аулау қылмыс санатына жатқызылады – Бас прокуратура
Загрузка...