Антарктида

Антарктиданың тыныс-тіршілігі қандай?

85
(Жаңартылды 14:21 29.01.2020)
Антарктидада адамдар өмір сүреді, туристер жиі қатынайды. Жануарлары да адамдарға үйреніп кеткен екен

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Екі жүз жыл бұрын, 1820 жылдың 28 қаңтарында орыс теңізшілері Михаил Лазарев пен Фаддей Беллинсгаузен Антарктиданы ашты. Қазір онда 90-ға жуық ғылыми станция жұмыс істейді. Олардың қатарында ресейлік станциялар да бар. Пингвиндер мен басқа мекендеушілер де жеткілікті. Жазда туристер келеді, ал поляршылар жыл бойы сонда өмір сүреді. Ақ құрлыққа қалай жету керектігі туралы РИА Новости материалынан оқыңыздар.

Оңтүстікте орналасқан ең суық құрлық

Антарктида ешбір елдікі емес. Онда ғалымдар жұмыс істейді, әлемнің түкпір-түкпірінен туристер келеді. Бірақ саяхаттаушыларға күрделі ауа райы жағдайларына дайын болу керек.

Орташа температура – 50 градус нөлден төмен. Ең төменгі – минус 89,2 – құрлық түбіне қарай орналасқан "Шығыс" ресейлік станциясында тіркелген. Поляршылар бұнда "минус" сөзі мүлдем қолданылмайды дейді. Айтпаса да, түсінікті. Бұл жердің қиыр оңтүстіктегі бөлігі әрі ең суық аумағы. Бірақ бұл жерде тамақтанатын демалыс орны, өрт сөндіру бөлімі бар, перзентхана да болған.

"Беллинсгаузен" ресейлік станциясында плюс температура да болады (ақпандағы орташа температура +1,1). Бұл жерді барлығы қалжыңдап, курорт деп атайды екен.

Антарктидаға қалай баруға болады

Бұл жерде турист ретінде болу қиын емес, бірақ өте қымбат. Ең оңай жолы – Ушуая қаласынан (Аргентина) лайнермен ұшып бару. Бағдарламалар бағасы жол ұзақтығы мен бағытына байланысты 6,5 мың доллардан басталады.

Аргентинаға дейінгі билетке жеке төленеді. 10-15 мың доллар тұратын ұзақ турлар да бар. Ал 29 мың долларға VIP-круиз ұсынылады. Жалпы, саяхат үшін 50 мың доллар төлеуге дайын болу керек.

"Туристер бір жерлерге ғана келіп-кетеді. Барлығы жақсы ұйымдастырылған, - деп түсіндірді Ресей ғылым академиясы Мұхиттану институты тобының басшысы Сергей Писарев. – Бақылау өте қатаң: бір тасты да алуға болмайды, құстарға да жақындауға болмайды".

Жалпы, Антарктидада туристерге өте көп талап қойылады. Олар ұстануы тиіс ережелер аз емес.

Адамдар қалай өмір сүреді

"Әр адамның өз бөлмесі бар, - деп тыныс-тіршілікті суреттеді Антарктидада қыстаған режиссер-құжатшы Ольга Стефанова. - Онда ортақ кают-компания бар, ол жерде жиналғандар кино көріп, шай ішіп, дәріс өткізіп, гитарада ойнайды. Ойын бөлмесінде пинг-понгке арналған үстел бар. Жаттығу залы, баршаға ортақ асхана мен кампус та бар".

Оның айтуынша, тұрғындар жұмыс күндері еңбек етеді, ал сенбі - бүкіл станция үшін монша күні. Поляршылар кәуап жасайды, табиғатқа шығады, бір-біріне қонаққа барады. Отбасымен тұратын станциялар да бар.

Түрлі мерекелерді, тойларды атап өтеді. Шіркеу мен зират та қарастырылған. Жануарлардың түр-түрі бар. Олардың көбі адамдарға үйреніп кеткен.

85
Загрузка...