Мұнай

Әлемдік мұнай нарығы қайта бөліске түсе бастады

755
Бразилия ОПЕК ұйымына қосылмайды және ол осылайша мұнай өндіру көлемін күрт ұлғайтуға мүдделі екен

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Бұл ОПЕК+ келісімі қатысушылары үшін үлкен соққы. Олар нарықтың басым бөлігін америкалық және норвегиялық мұнайшыларға беріп қойды, деп хабарлайды РИА Новости.

Ал егер экспансияға бразилиялықтар да кіріссе, тасымалды одан әрі азайтудың мәні жоғалады.

Бразилия мұнай экспорттаушы елдер ұйымына кіруді, өндірісті шектеу бойынша келісімге қатысуды да жоспарлап отырған жоқ, деп мәлімдеді энергетика және тау-кен өнеркәсібі министрлігінің басшысы Бенито Альбукерке.

"Бізге шектеу керек емес, біз өндірісімізді арттырғымыз келеді", - деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, үкімет мұнай мен газ өндірісін энергия ресурстарының әлемдік эскпорттаушыларының бірінші бестігіндегі орынды қамтамасыз ететін деңгейге дейін ұлғайтуға тырысуда. Ал қазір Бразилия тоғызыншы орында.

"Бұл ОПЕК-ке немесе мұнай және газ өндірушілерінің басқа ұйымдары мен топтарына кіруді көздемейді", - деп нақтылады Альбукерке.

Атап өтсек, өткен жылдың соңында дәл өзі Бразилия картельге қосылу туралы ОПЕК-пен келіссөздерге дайын деген болатын.

Бұған біраз уақыт қалғанда, қазан айында Бразилия президенті Жаир Болсонару Сауд Арабиясының энергетика министрі әрі ОПЕК көшбасшысы, ханзада Абдулазиз бен Сальманның Бразилияны ұйымға кіруге бейресми түрде шақырғанын айтқан.

"Мен Бразилияның ОПЕК мүшесі болғанын қалаймын", - деп атап өтті Болсонару.

Дегенмен Petrobras ұлттық мұнайгаз компаниясы мен үкіметтің көптеген мүшесі қарсы шықты. Мәселен, экономика министрі Паулу Гедес "бразилиялық стратегия – картельдерді жою, ғаламданған экономикаға ықпалдасу және барлық халықтың гүлденуін қамтамасыз ету. Бір картельдерді басқаларына қарсы пайдаланбау" деді.

Тағы оқыңыз: Сауд Арабиясы және Ресей: мұнай саласында не болып жатыр

Бенито Альбукеркенің айтуынша, ОПЕК-пен байланыс мәселесі оның шілдедегі Сауд Арабиясына сапары барысында талқыланады.

755
Кісен, архивтегі сурет

Ресей Қазақстанға ұйымдасқан топ құрған адамды тапсырды

55
Есірткі Қазақстанға поштамен жіберілген. Бизнесті ұйымдастырушы құжаттарды қолдан жасағаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз - Sputnik. Ресей Қазақстанға есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топты құрған Қазақстан азаматы Стас Ларинды берді. Бұл туралы Ресейдің бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Ол қылмыстық кодекстің 264-бабы 1-бөлігі (трансұлттық ұйымдасқан топты құру, жетекшілік ету)
286-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттар контрабандасы), 297-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сату және сақтау) және 385-баптың 2-бөлігі (жалған құжат қолдан жасау) бойынша айыпталып отыр.

Ларин 2016 жылы есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топ құрған. 2017 жылдың қазан айына дейін жетекшілік етті.

Ларин 2019 жылдың желтоқсанында Новосибирск  облысында ұсталды. Жуырда Стас Ларин арнайы конвоймен Қазақстанға жеткізілді.

55
Жарылыс, от

Ресейде жанармай бекетінде болған жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды

1116
(Жаңартылды 20:55 10.08.2020)
Екінші деңгейлі өрт болғаны анықталды. Қала әкімшілігінің ақпараты бойынша 13 адам зардап шеккен, төртеуі - өрт сөндіруші

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Ресейдің Волгоград қаласында жанармай бекетіндегі өртті сөндіріп жатқанда газ жарылды.

Волгоград қаласы төтенше жағдайлар қызметінің мәліметіне сәйкес, жанармай бекетінде ішінде газ бар цистерна жарылған, деп хабарлайды РИА Новости.

Екінші деңгейлі өрт болғаны анықталды. Қала әкімшілігінің ақпараты бойынша 13 адам зардап шеккен, төртеуі - өрт сөндіруші. 

От жергілікті уақыт бойынша 14:20-да (Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 16:20) ауыздықталды.

"Өрт туралы хабар түскен соң оқиға орнына өрт сөндіру-құтқару бөлімдерінің қызметкерлері жетті. Өртті сөндіре бастағанда газ жарылды", - деді ведомство. 

Көрші елдің прокуратурас оқиғаға қатысты тексеріс бастады. 

1116
Кілт сөздер:
жарылыс, видео, жанармай
Тақырып бойынша
"Жарылыс деп ойладық": Нұр-Сұлтан тұрғындары ұйқыдан шошып оянды – видео
Атырауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: көлік жүргізуші көз жұмды
Ақтөбеде жанармай бекетінде кассир әйел қарулы қарақшыға қарсы тұрды – видео
Есікте жанармай құю бекетінде жарылыс болды
Бейруттегі жойқын жарылыс: Қазақстан консулы жараланды