Әлем

Қытайда коронавирустан көз жұмған адамдар саны 170-ке жетті

© AFP 2024 / NICOLAS ASFOURIВспышка коронавируса в Китае
Вспышка коронавируса в Китае - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осыдан бір күн бұрын ғана 5 974 науқас пен 132 қаза тапқан азамат туралы ресми түрде хабарланған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Қытайда коронавирустан қаза болғандар саны 170 адамға, ал ауру жұқтырғандар саны 7 711 адамға жетті, деп хабарлады Қытай Халық Республикасының денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті.

Тибетте де алғашқы науқас тіркелді. Тибет коронавирустың жаңа түрінен пайда болған пневмония індеті анықталмаған елдің соңғы өңірі еді, деп ақпарат таратты РИА Новости.

Осыдан бір күн бұрын ғана 5 974 науқас пен 132 қаза тапқан азамат туралы ресми түрде хабарланған болатын.

Билік бір тәулікте 1 737 жаңадан коронавирус жұқтыру оқиғасы туралы мәлімет алды.

Тағы оқыңыз: Коронавирустың белгілері мен сақтану жолдары

Бұған қоса, 38 қаза болу фактісін тіркеді (37 — Хубэй провинциясында, біреуі — Сычуаньда). Бір тәулікте ауруханалардан 124 адам шығарылды.

Қытайдағы коронавирус

Желтоқсан айының соңында Қытайдың Ухань қаласында белгісіз пневмония туралы ақпарат жарияланды. Кейін билік аурудың қоздырғышы коронавирустың жаңа түрі - 2019-nCoV екенін анықтады.

Ол адамнан адамға жұғады. Вирус Ухань қаласынан Қытайдың басқа өңірлеріне, кейін өзге елдерге де жылдам тарап кетті. 

Әзірге бұл індеттен вакцина жоқ. Ауру белгілері: жоғары температура, жөтел, тыныс алудың қиындауы. 

Жаңалықтар
0