Мәскеу көрінісі

Шетелдік туристер Мәскеу туралы не ойлайтынын айтты

156
(Жаңартылды 16:04 07.02.2020)
World Travel Awards сыйлығының лауреаты Мәскеу шетелдік қонақтарға ұнайды, дегенмен ұнамайтын тұстары да бар

НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан – Sputnik. Ағылшынша сөйлеу – еш проблема жоқ, дәмді тамақ жеу – оп-оңай, ал метрода таң қалатын нәрсе көп (бастысы қарбалас сәтке тап болмау керек), делінген РИА Новости материалында.

Кім ағылшын, кім грек тілінде сөйлейді

"Мен мәскеуліктердің "сіз ағылшынша сөйлейсіз бе?" деген сұраққа "жоқ" деп жауап беріп жатқанына бірнеше рет куә болдым. Бірақ одан кейін өте жақсы деңгейде сөйлесетін! – деп әңгімелейді австралиялық Таня Симпсон. – Дегенмен мен сыпайы боп көріну үшін "сәлеметсіз бе", "мархабат", "рақмет", "жоқ" және "иә" деген сөздерді орысша айтатынмын.

Германиядан келген Поль ағылшын тіліндегі белгілер барлық жерде бар дейді. Сол себептен жолды табу оңай. "Ал ресейлік саяхатшылар Лондон, Париж немесе Германияда кириллицаны іздей ме екен?", - деп сұрақ қойды ол.

Тағы оқыңыз: "Абай" операсы Мәскеудегі Үлкен театрда сахналанады

Десек те, гид-аудармашы Елена Бреустің айтуынша, туристер орталықтан тыс жерде орналасқан аумақтарда навигацияның жоқтығына шағымданады.

Ал кейбіреулерге ағылшынсыз да Мәскеуде қиын емес екен. Мысалы, Елена Савинаның айтуынша, мектепте грек тілін оқыған италиялықтар тез үйреніп, жазуларды оқи бастайды екен.

Жерастымен жүру

Меймандар үшін бағдарламаның міндетті тармағы - астананың жерасты: тарихи станциялар, өрнекті панно, тамаша аспашамдар. "Мен өз қамқорлығымдағы адамдарға Мәскеу метросындағы түнел диаметрі Спасск мұнарасындағы куранттар циферблатының көлеміне сәйкес келетінін еске салып отырамын, - деп әңгімеледі гид-аудармашы Мария Сорокина. – Бұндай сәттер шетелдіктерге әрдайым қызықты. Бұл Мәскеу Кремлі құрылыстарының пропорцияларын көз алдыға елестетуге мүмкіндік береді.

АҚШ-тан келген Питер МакДональд Quora білім алмасу туристік сервисінде "метро мен электричкалар – қарбалас кезде тозаққа айналады" деп жазған екен. "Бір күні мен шамамен 20 минут бойы иіліп, бір аяқпен тұрып келдім", - деп америкалық азамат Мәскеуден алған әсерімен бөлісіпті.

Бұған қоса, шетелдіктерді қарбалас емес кезде жолаушылардың бір-біріне орын беретіні таң қалдырады.

"Оларға Мәскеу тұрғындарының қарт адамдарға орын беретіні ұнайды. Мысалы, Италияда бұл сирек кездесетін жайт екен", - деп атап өтті гидтер.

Сондай-ақ, шетелдіктер Мәскеудің жер үстіндегі жолдары, қауіпсіздігі, тамағы мен басқа да көрікті орындарына қызыға қарайды, десек те кемшіліктерін де айтуға ұмытпайды.

156
Кісен, архивтегі сурет

Ресей Қазақстанға ұйымдасқан топ құрған адамды тапсырды

53
Есірткі Қазақстанға поштамен жіберілген. Бизнесті ұйымдастырушы құжаттарды қолдан жасағаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз - Sputnik. Ресей Қазақстанға есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топты құрған Қазақстан азаматы Стас Ларинды берді. Бұл туралы Ресейдің бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Ол қылмыстық кодекстің 264-бабы 1-бөлігі (трансұлттық ұйымдасқан топты құру, жетекшілік ету)
286-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттар контрабандасы), 297-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сату және сақтау) және 385-баптың 2-бөлігі (жалған құжат қолдан жасау) бойынша айыпталып отыр.

Ларин 2016 жылы есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топ құрған. 2017 жылдың қазан айына дейін жетекшілік етті.

Ларин 2019 жылдың желтоқсанында Новосибирск  облысында ұсталды. Жуырда Стас Ларин арнайы конвоймен Қазақстанға жеткізілді.

53
Жарылыс, от

Ресейде жанармай бекетінде болған жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды

1115
(Жаңартылды 20:55 10.08.2020)
Екінші деңгейлі өрт болғаны анықталды. Қала әкімшілігінің ақпараты бойынша 13 адам зардап шеккен, төртеуі - өрт сөндіруші

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Ресейдің Волгоград қаласында жанармай бекетіндегі өртті сөндіріп жатқанда газ жарылды.

Волгоград қаласы төтенше жағдайлар қызметінің мәліметіне сәйкес, жанармай бекетінде ішінде газ бар цистерна жарылған, деп хабарлайды РИА Новости.

Екінші деңгейлі өрт болғаны анықталды. Қала әкімшілігінің ақпараты бойынша 13 адам зардап шеккен, төртеуі - өрт сөндіруші. 

От жергілікті уақыт бойынша 14:20-да (Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 16:20) ауыздықталды.

"Өрт туралы хабар түскен соң оқиға орнына өрт сөндіру-құтқару бөлімдерінің қызметкерлері жетті. Өртті сөндіре бастағанда газ жарылды", - деді ведомство. 

Көрші елдің прокуратурас оқиғаға қатысты тексеріс бастады. 

1115
Кілт сөздер:
жарылыс, видео, жанармай
Тақырып бойынша
"Жарылыс деп ойладық": Нұр-Сұлтан тұрғындары ұйқыдан шошып оянды – видео
Атырауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: көлік жүргізуші көз жұмды
Ақтөбеде жанармай бекетінде кассир әйел қарулы қарақшыға қарсы тұрды – видео
Есікте жанармай құю бекетінде жарылыс болды
Бейруттегі жойқын жарылыс: Қазақстан консулы жараланды