Қытайда коронавирус тарады

Коронавирус туралы бірінші хабарлаған дәрігер қайтыс болды

1769
Ли Вэньлян әлеуметтік желі арқылы өз әріптестеріне хабарлама жазып, "Хуанань" базарында жеті адамның SARS індетіне шалдыққанын жеткізген

НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Қытайдың Ухань қаласында жаңа аурудың тарағаны туралы бірінші болып хабар берген дәрігер қайтыс болды. Бас кезінде оған жалған ақпарат таратқаны үшін айып тағылған, деп хабарлайды РИА Новости.

Ли Вэньлян Ухань қаласының орталық ауруханасында жұмыс істеген. Өткен жылы 30 желтоқсанда ол WeChat әлеуметтік желісі арқылы өз әріптестеріне хабарлама жазып, "Хуанань" атты теңіз өнімдері базарында жеті адамның SARS (өкпенің шамадан тыс қабынуы) шалдыққанын жеткізген. Ол кезде дәрігер аурудың қоздырғышы коронавирустың жаңа түрі екенін білмеген.

Оқи отырыңыз: Анасының құрсағында коронавирус жұқтырған алғашқы сәби дүниеге келген

Лидің жазбасы әлеуметтік желіде жылдам тарап кетті. Себебі халық SARS-тың қайта таралып кетуінен қатты үрейленді. Келесі күні Лиді және оның жазбасымен бөліскен тағы жеті дәрігерді полицияға шақырып, жалған ақпарат таратқаны үшін ескерту жасады. Себебі ондай мәліметтер халықты дүрліктіріп қоюы мүмкін еді.

Ал 31 желтоқсанда Қытай билігі Ухань қаласында өкпе қабынуына байланысты жаңа аурудың тарап кеткенін хабарлады. Артынан мамандар індеттің қоздырғышын анықтады. Ол – 2019-nCoV вирусы.

11 қаңтарда Ли Вэньлян Weibo микроблогында өз денсаулығы туралы жазып, дене қызуының көтерілгенін және жөтелдің пайда болғанын жазды. Ал 1 ақпан күні коронавирустың расталғанын жеткізді. Кеше 34 жастағы дәрігердің әріптестері Ли Вэньляннің қайтыс болғанын растады.

1769
Кілт сөздер:
дәрігер, вирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1391)
Тақырып бойынша
Әйел "коронавирустың" арқасында аман қалды
Тоқаев Маминге маңызды тапсырма берді
Бекшин: Ертеңнен бастап Қытаймен әуе қатынасы толығымен тоқтайды
Дәрігерлер Қытайдан Нұр-Сұлтанға келген студентке диагноз қойды
Нұр-Сұлтанда әйел коронавирус жұқтырдым деп күдіктеніп, емханаға келді  
Тауық еті

Қытайда тауық етінен коронавирус анықталып жатыр

510
(Жаңартылды 09:41 14.08.2020)
Шілде айынан бері Қытайдың жеті қаласында мұздатылған теңіз өнімдерінің қаптамасында вирус пайда болғандығы туралы БАҚ-та жиі айтылуда

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының Шэньчжэне қаласында мұздатылған тауық етінен коронавирус анықталды, деп хабарлады globaltimes.cn сайты.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл өнім бейсенбі күні таңертең Бразилиядан жеткізілген.

"Ауруларды бақылау мен алдын-алудың жергілікті орталығы өнім үлгісінде вирустың бар-жоғын тексергенде нуклеин қышқылына тест оң нәтиже көрсеткен. Артынша, барлық қызметкерлер сынақтан өткізіліп, нәтижесі теріс шыққан", - делінген ақпаратта.

Бұл Оңтүстік Африка елдерінен, соның ішінде Эквадорда мұздатылып жеткізілген өнімдер орамасынан табылған алғашқы жағдай емес. Бұған дейін Қытайдың шығысындағы Аньхой мен Уху провинциясындағы мейрамханаларға Эквадордан әкелінген теңіз өнімдері мен асшаяндар пакетінен алынған сынамаларда коронавирусқа оң нәтиже көрсеткен. Сондай-ақ, Яньтае қаласында да импортталған теңіз өнімдерінің сыртқы қаптамасынан вирус анықталды.

Жалпы, шілде айының басынан бері Қытайдың жеті қаласында мұздатылған теңіз өнімдерінің қаптамасында вирус пайда болғандығы туралы БАҚ-та жиі айтылуда. Денсаулық сақтау саласының сарапшылары мұның себебін COVID-19 эпидемиясы көптеген елдерге әлі де ауыр әсер етуде деп түсіндіреді.

Оқи отырыңыз: Қытайда коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр

Айта кетейік, кейбір сарапшылар мұздатылған теңіз өнімдерін буып-түю процесі олардың ластану ықтималдығын тудыратынын және тағам әдетте төмен температурада сақталғандықтан, бұл вирусқа жақсы жағдай туғызуы мүмкін екендігін айтады.

510
Кілт сөздер:
індет, ет, Қытай
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1391)
Тақырып бойынша
Тоқаев Қытай төрағасы телефонмен сөйлескенде өзіне не дегенін айтты
Қазақстан-Қытай шекарасы неге жабылатыны белгілі болды
Қытай Қазақстандағы отандастарына алаңдап отыр
Маска, термометр және тест: Қытай Қазақстанға жүк жөнелтті
Министр "белгісіз пневмония" жайлы ақпарат таратқан Қытай елшісімен сөйлесті
Жолда келе жатқан әскери көлік

Сирияда не болып жатыр?

344
(Жаңартылды 12:49 13.08.2020)
Әскери базалар мен патрульдерге шабуыл, зымырандық оқ атулар мен жарылыстар салдарынан АҚШ әскері Сирияда өзін жайсыз сезіне бастады

Мұндай соққылар тек террористік топтар тарапынан ғана жасалып жатпағанын да ескеру керек. Араб Республикасындағы жағдайға америкалықтардың араласуына тағы кімдер қарсы екеніне кеңінен тоқталайық.

Өткен күндері Сирияның солтүстік-шығысындағы Хасеке провинциясында орналасқан АҚШ-тың заңсыз әскери базасына зымырандық шабуыл жасалды. Эль-Хасака қаласынан оңтүстікке қарай алпыс шақырымда орналасқан бұл маңда соққы жасайтын және көліктік тікұшақтар мен ұшақтарды қабылдау үшін аэродром жасақтаған болатын. Сириялық БАҚ мәліметі бойынша, базаға қаруланған белгісіз топ шабуыл жасаған.

Сирияда америкалықтар соңғы айда жиі шабуылға ұшырап, шығыннан көз ашар емес. Әсіресе, мобильді патрульді топтарға қатысты қастандық көп. Мәселен, Дейр-эз-Зор провинциясында мамыр айының соңында АҚШ әскери қызметшілері мен "Сирия демократиялық күштері" тобының жауынгерлері мінген автокөліктер тізбегіне автомат, зеңбірек және гранатамен қаруланған топ шабуыл жасады. Үш америкалық және СДК-ның бес мүшесі жарақат алды.

Сондай-ақ, сәуір айында Эль-Хаске провинциясында бірнеше шабуыл орын алды. Америкалық әскерилер мен СДК мүшелерін тасымалдаған "Ханнер" броньді автокөлігі "белгісіз адамдардың" оқ жаудыруынан зардап шекті. Бірнеше адам жараланды. Тап осындай оқиға Дейр-эз-Зореде орын алып, АҚШ әскери офцері мен СДК мүшелері қаза тапты. Тағы бір шабуылдан кейін екі әскери қызметші із-түзсіз жоғалып кетті. Олардың тағдыры әлі күнге дейін белгісіз.

Патруль жолында көбіне жарылғыш заттар іске қосылады. Мысалы, шілде айында автомобильдер легі Дейр-эз-Зор провинциясындағы Сабха елді мекенінде жарылып кетті. Кейде жанкештілер миналанған автокөліктер арқылы қастандық ұйымдастырады. Америкалықтар үшін ең үлкен шығын өткен жылдың қаңтар айында орын алды: Манбиджде жанкешті жаяу партуль жанында жарылғыш затты іске қосып, АҚШ қорғаныс министрлігінің қызметкері, екі сарбаз және жалдамалы жауынгер қаза тапты.

Ал Пентагон Сириядағы шабуылдар жайлы хабарламаның барлығын жоққа шығарып келеді.

Әскери сарапшы Юрий Лямин атап өткендей, америкалық әскери нысандар мен патрульдерге АҚШ пен оның одақтастарының басқыншылығында қалып қойған жергілікті тайпалар шабуыл жасауы ықтимал.

"Бұл Сирияның шығысы мен солтүстік-шығысында тұрып жатқан арабтар, – деп түсіндірді ол. – Қазір олар америкалықтардың қолдауына ие күрдтердің басқаруында. Әрине, олар қазіргі жағдай үшін ашулы және өңірді Дамаск басқарғанын қалайды. Сол себепті осындай әрекеттерге барады".

Бұл тайпалардың көбісі жақсы қаруланған және оны епті қолдана алады.

"Елде көп жылдан бері азаматтық соғыс жалғасып келеді. Халықтың қолындағы қару-жарақ саны жеткілікті, – дейді Лямин. – Оның арасында минометтер, ауыр зеңбіректер, қытайлар немесе арабтар жасап шығарған жаппай оқ ату жүйелері де кездеседі".

Плеханов атындағы РЭУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының доценты, "Ресей офицерлері" ұйымы сарапшылық кеңесінің мүшесі Александр Перенджиев америкалық әскерилерге жасалған шабуыл Сирия ресурстары үшін ішкікоалициялық күрестің бір бөлігі болуы мүмкін деп санайды.

"Бұл сол тонаушылар арасындағы текетірес, – дейді ол. Бір шетінен Пентагон болса, екінші тарапта террористерді қарумен қамтамасыз етіп отырған жеке әскери компаниялардың мүддесін қорғайтын қаржы-өнеркәсіптік топтар тұр".

Оның айтуынша, Пентагон да сириялық ойында тәуелсіз күш емес, ол АҚШ-тағы белгілі бір топ атынан әрекет етіп отыр.

"Егер Сирия әскері шабуыл жасаса, Пентагон мұны мойындар еді, – дейді Перенджиев. – Бірақ "белгісіз топ" деген болса, онда олар ішкі соғысты, құпияны жария еткісі келмей отырғаны анық. Америкалықтар өздеріне кім шабуыл жасағанын жақсы білетініне сенімдімін".

Сонымен қатар, америкалықтар үшін тағы бір қауіп – халық қарсылығы. Ел президенті Башар Асад атап өткендей, елді шетелдік басқыншылардан азат ету халық арасынан шыққан қарсыластардың басты мақсаты болып табылады.

Маусымда Тель-Абъяд қаласының тұрғындары Хасеке првинциясында шекаралық өткелде көтеріліс жасап, өз елінің бидайы шекарадан заңсыз шығарылуына тосқауыл болуға тырысты. Осы оқиғадан бір күн бұрын Сирия СІМ протүріктік содырлар мен АҚШ-пен одақтас қаруланған заңсыз құрылымдары мемлекеттегі тұрақсыздықты ушықтыру үшін бидай мен басқа да дәнді дақылдар алқабын қасақана өртеп жібергенін мәлімдеді. Сондағы мақсат – халықты ресми билікке қарсы қою.

Көп жағдайда америкалықтардың кесірінен бейбіт тұрғындар қаза тауып жатады. Мамыр айында АҚШ сарбаздары Дейр-эз-Зор провинциясында автокөлік жүргізушісін атып тастады. Машинаның басты автожолдан "Коннико" мұнай кен орны жанынан бұрылуын америкалық әскерилер қауіп ретінде қабылдаған. Ал ақпан айында Камышлы қаласына жақын орналасқан блок бекет жанында сириялық әскерилер келісілмеген бағыт бойынша қозғалған АҚШ әскерінің автокөліктерін тоқтатты. Америкалықтар жергілікті халықпен қақтығысқа себепші болып, соның салдарынан сарбаздар халыққа қарай жаппай оқ атқан. Осы оқиға кезінде 14 жастағы Фейсал Халид Мухаммад қаза тауып, тағы бір адам жараланды. Ресейлік әскерилердің араласуының арқасында автокөліктерді өздері орналасқан базаға алып шығу мүмкін болды.

344
Кілт сөздер:
әскерилер, АҚШ, Сирия
Архивтегі фото

Талғар полициясы дүкендегі қылмыстың видеосын жариялады

0
Күдікті дүкеннен азық-түлік алып, сатушыларды қорқыту арқылы ақысын төлеместен кетіп қалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданында дүкен тонаған ерлі-зайыпты ұсталды. Ер адам дүкеншіге бұрын сотты болғанын және ештеңеден тайынбайтынын айтып қорқытқан, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқи отырыңыз: Шымкенттік жігіттер ойыншық тапаншамен кеңселерді тонаған 

Полицияның мәліметінше, 12 тамыз күні азаматтық некедегі ерлі-зайыпты алдын ала сөз байласу арқылы үйіне жақын маңдағы дүкеннен азық-түлік алып, сатушыларды қорқыту арқылы ақысын төлеместен кетіп қалған. Полиция жариялаған видеода екі ересек азаматтың жанында бала болғаны байқалады.

Дүкеншілер полицияға қоңырау шалған. Оқиға орнына келген тәртіп сашылары қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтады.

"Азаматтық некеде тұрып жатқан екі азамат өзара келісіп, қылмыс жасады. 32 жастағы күдікті аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", – деді Талғар ауданы полиция басқармасының бастығы Ерлан Қасым.

Тергеу барысында күдікті азаматтың бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-тармағы ("тонау") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

0
Кілт сөздер:
видео, дүкен, Талғар
Тақырып бойынша
Парижде наразылық білдірушілер Apple дүкенін тонады – видео
Нұр-Сұлтанда дүкен тонаған жігіттің әрекеті видеоға түсіп қалды