Джеки Чан

Джеки Чан кімге 54 млн теңге беретінін айтты

4228
Әртіс жұрт өзінің ниетін дұрыс түсінеді деген сенім білдірді. Бұл маңызды мәселені ғылым мен технологияның көмегімен шешу керек екенін өзгелер де біледі деген ойын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан — Sputnik. Қытай актері Джеки Чан коронавирустың жаңа типін емдейтін дәрі ойлап тапқан адамға 1 миллион юань (54 млн теңгеден астам) беретінін айтты, деп хабарлайды Strait Times.

"Ғылым мен технологияның арқасында вируспен күресуге болады. Мен өзге адамдар да осындай ойда деп есептеймін. Дәрі жақында ойлап табылады деп сенемін", — деді актер.

Сондай-ақ, ол ақша дәріні шығарған жеке адамға да, ұйымға да берілетінін жеткізді. Әртіс жұрт өзінің ниетін дұрыс түсінеді деген сенім білдірді.

Тағы оқыңыз: Джеки Чан Абайдың өлеңін қытайша оқыды - видео

"Мәселе ақшада емес. Кезінде адам толы болған көшелер қазір бос. Мен отандастырымның вируспен күресіп, қаза болып жатқанын көргім келмейді. Олар өмір сүруі тиіс", — деді Джеки Чан.

Қытайдағы коронавирус

Қытайда коронавирустың жаңа типінен көз жұмғандардың саны 9 ақпан күні 811 адамға жетті. 

Бұл сыртқаттан айыққандардың саны артқанын атап өту керек. Соңғы мәліметке сәйкес, ауруханадан 2 649 адам шығарылған.

4228
Кілт сөздер:
миллион теңге, Джеки Чан
Тақырып:
Қытайдағы коронавирус (62)
Тақырып бойынша
Джеки Чан қазақстандықтарға қандай кеңес берді - видео
Джеки Чан Димашты ерекше сыйлық беріп қуантты — сурет
Джеки Чан өз өміріндегі адам шошырлық жәйттарды жасырмай ақтарып салды
Джеки Чан Димашен қалай танысқанын айтып берді
Джеки Чан кино өнеріне қосқан үлесі үшін "Оскар" сыйлығына ие болды
Загрузка...