Ер адам

Қытайда коронавирус құрбандарының саны артып барады

1144
(Жаңартылды 16:46 12.02.2020)
Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың 2 015 жаңа фактісі анықталып, ауруханадан 744 адам шығарылды, 97 науқас қаза тапты

АЛМАТЫ, 12 ақпан — Sputnik. Қытайда пневмонияның жаңа түрінен 1 113 адам қаза болып, 4 740 науқас емделіп шықты. Ал коронавирус жұқтыру оқиғаларының саны 44,6 мыңға дейін өсті.

"31 провинциядан (аудандар, орталыққа бағынышты қалалар) коронавирустың жаңа түрінен пайда болған пневмония жұқтырудың 44 653 расталған фактісі туралы ақпарат алынды. Бұған қоса, қазіргі таңда 38 800 адам ауырып жатыр, олардың 8 204-і ауыр халде. 4 740 науқас ауруханадан шығарылса, 1 113 азамат көз жұмды", - деп РИА Новости ҚХР мемлекеттік комитетінің мәлімдемесін жариялады.

Атап өтсек, соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың 2 015 жаңа оқиғасы анықталып, ауруханадан 744 адам шығарылды. Сондай-ақ, 97 науқас қайтыс болды.

Тағы оқыңыз: Қазақ дәрігер Қытайда "Қара жорға" билеп, науқастардың көңілін көтерді - видео

Бұл ретте, ауыр халде жатқан пациенттер саны бір тәулікте 871-ге артқан. Науқастармен тығыз байланыста болған тағы 185 мыңнан астам адам дәрігерлер бақылауында.

Сонымен қатар, Гонконгте коронавирус жұқтырудың 49 фактісі анықталды, бір азамат мерт болды. Макаода - он инфекция жұқтырған пациент және бір емделген адам, ал Тайваньда 18 науқас індет жұқтырып, біреуі ауруханадан шығарылды.

1144
Кілт сөздер:
құрбандар, вирус, Қытай
Тақырып бойынша
Коронавирустан көз жұмғандардың саны артты
Түрікменстанда коронавирустан бір адам көз жұмды
Қытайдан тағы 217 қазақстандық елге оралды
Министр Қытайдан тағы қанша қазақстандық жеткізілетінін айтты
Қытайдан жеткізілетін қазақстандықтар Алматыда карантинге жатқызылады
Вакцина, архивтегі фото

Ресей жақында коронавирусқа қарсы екінші вакцинаны тіркейді

11
Бұған дейін ресейлік ғалымдар "Спутник V" деп аталатын коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаны тіркеген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин таяуда коронавирусқа қарсы екінші ресейлік вакцина тіркелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Айтпақшы, жақын арада коронавирусқа қарсы екінші вакцина тіркеледі", - деді Путин сенаторлармен кездесуде.

Оқи отырыңыз: ДДҰ коронавирусқа қарсы екінші қазақстандық вакцинаны тізімге енгізді  

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығы Ресейдің тікелей инвестициялар қорымен бірлесіп жасаған COVID-19-ға қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаны тіркеген болатын. Ол "Спутник V" деп аталды. Роспотребнадзордың "Вектор" мемлекеттік вирусология және биотехнология ғылыми орталығында жасалған тағы бір ресейлік коронавирусқа қарсы "ЭпиВакКорона" вакцинасы сынақтан өтіп жатыр.

Сонымен қатар, РФ денсаулық сақтау министрлігі М.П.Чумаков атындағы Федералды ғылыми орталықта жасалған коронавирусқа қарсы жаңа – үшінші вакцинаның клиникалық сынақтарына рұқсат берді.  

11
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус, Ресей
Тақырып бойынша
Солтүстік Қазақстанда ауру өршіп тұр: бір тәулікте 180 мың құс қырылып қалды
Депутат жаппай вакцина салдыруды ұсынды 
Ғалымдар коронавирусты өлтіретін ақуыз ойлап тапты
Қазақстан тұмауға қарсы 2,2 миллион вакцина сатып алды - сапасы қандай ?
Цой тұмауға қарсы вакцинаны не үшін елден бұрын салдырғанын айтты – видео
Белгілері ұқсас: дәрігер коронавирус пен тұмауды қалай ажыратуға болатынын айтты
Александр Лукашенко

Ескертусіз инаугурация өтті: Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті

53
Александр Лукашенко беларусь тілінде Беларусь халқына адал қызмет етуге, адам құқығы мен бостандығын құрметтеуге ант берді

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Александр Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті. Ұлықтау рәсімі Минскідегі Тәуелсіздік сарайында өтті, бірақ ел билігі бұл туралы алдын ала хабарламады.

Sputnik Беларусьтің хабарлауынша, 23 қыркүйекте Минскідегі Тәуелсіздік сарайының жанында көп техника жиналып, сол маңнан құрметті қарауыл ротасының әскери қызметшілері байқалған. Ғимаратқа кіретін жолдар жабылған.

Рәсім құпия түрде өтті, ал мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонт РИА Новости агенттігіне инаугурацияның жақында өтетінін, ол туралы алдын ала хабарланатынын айтты.

БЕЛТА басылымының хабарлауынша, ұлықтау рәсіміне жүздеген адам шақырылды. Олардың қатарында жоғары лауазымды тұлғалар, өкілдер палатасының депутаттары және республикалық кеңестің мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, жергілікті атқарушы және басқарушы органдардың, республикалық бұқаралық ақпарат құралдары басшылары, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері бар.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі Беларусьтегі оқу-жаттығулар не үшін өтетінін түсіндірді 

Конституцияға оң қолын қойып, Александр Лукашенко беларусь тілінде ант берді. Содан кейін ол ант беру туралы актіге қол қойды.

"Беларусь Республикасының президенті қызметіне кірісе отырып, мен Беларусь Республикасының халқына адал қызмет етуге, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын құрметтеуге және қорғауға, Беларусь Республикасының Конституциясын басшылыққа алуға және қорғауға, өзіме жүктелген жоғары міндеттерді ардақтап және адал орындауға салтанатты түрде ант етемін", - деді Лукашенко.

Осыдан кейін Беларусь орталық сайлау комиссиясының төрағасы Лидия Ермошина Александр Лукашенкоға мемлекет басшысының куәлігін табыс етті.

Беларусь еліндегі наразылықтар

Жаппай наразылық акциялары Беларусь елінде 9 тамызда президент сайлауы болған күні басталды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауда алтыншы рет Александр Лукашенко жеңіске жетті, ол 80,1% дауыс жинады. Бұл күні дауыс беру нәтижелерімен келіспейтіндердің наразылығы басталды, өйткені олардың пікірінше, сайлау нәтижелері бұрмаланды.

Ресми мәліметтер бойынша, алғашқы күні наразылыққа шыққан 6,7 мыңнан астам адам ұсталды. Республика ішкі істер министрлігі тәртіпсіздік барысында жүздеген адамның зардап шеккенін, олардың ішінде 120-дан астам құқық қорғау органы қызметкері бар екенін хабарлады. Ресми мәліметтер бойынша, үш наразылық білдіруші қайтыс болды.

53
Кілт сөздер:
Александр Лукашенко, инаугурация, Беларусь
Тақырып бойынша
Лукашенконың автомат ұстап жүрген видеосы таралып жатыр
Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы төмендей ме?
Беларусьтегі дүрбелең: сарапшылар елдегі жағдай Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты
Беларусьте болып жатқан жағдайға байланысты Қазақстан позициясы қандай
"Көбірек отырып қалдым": Лукашенко Ресей журналистеріне сұхбат берді
Архивтегі фото

Ұшақ Алматыны бір сағат айналып ұшты: Air Astana не болғанын түсіндірді

0
Қалада тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен оқу-жаттығу өткен, ұшақ бортында жолаушылар мен бортсеріктер болмады

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Сәрсенбіде Air Astana ұшағы бір сағат бойы Алматы аспанын айналып ұшты. Flightradar24 мәліметінше, әуе кемесі қаланы бірнеше рет айналған.

Әуе компаниясы бұл оқу-жаттығу екенін мәлімдеді.

"Алматы аспанын айналып ұшу кезінде аэродромдық дайындық жасалды, бұл жаңадан келген ұшқыштарға – курсанттар немесе ұшақтың басқа түрлерін басқарған ұшқыштарға арналған ұшу дайындығының бір бөлігі болып саналады", - деп түсіндірді Sputnik Қазақстанға Air Astana баспасөз қызметі.   

Аэродромдық дайындыққа "конвейерден" ретті ұшу (қонғаннан кейін ұшу-қону жолағында тоқтамай), схема бойынша Алматы әуежайы аймағында айналып ұшу, кейін қонып, екінші айналымға кету кіреді.

"Жолаушыларға жақындауға қорықтым": бортсерік басынан кешкен жағдайды айтып берді

Кадеттің дайындық дәрежесіне қарай, әр ұшқыш күніне төрт сағаттан алты сағатқа дейін ұшады.  

"Қазіргі таңда жаңа ұшқыштар көптеп келіп жатқанына байланысты мұндай оқу-жаттығу айына 2-4 мәрте өткізіледі", - деп атап өтті Air Astana.  

Мамандар оқу-жаттығу тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен өтетінін баса айтты. Сонымен бірге бортта жолаушылар мен бортсеріктер болмайды.  

0
Кілт сөздер:
Алматы, Эйр Астана, ұшақ