Сотрудница лаборатории

Ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина қашан дайын болатынын айтты

1648
(Жаңартылды 12:57 26.02.2020)
Әуелі жаңа вакцина мыңдаған адамға егіліп, сынақтан өткізіледі. Содан кейін ғана жаппай пайдаланыла бастауы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Коронавирусқа қарсы вакцина АҚШ-та бірнеше ай бойы сынақтан өткізіледі. Ал жаппай пайдалануға тек 1-1,5 жылдан кейін ғана дайын болуы мүмкін, деп мәлім етті АҚШ-тың Ұлттық денсаулық институтының директоры Энтони Фаучи.

Оның айтуынша, вакцинаны тестілеудің бірінші кезеңі шамамен үш айға созылады. Бұл кезеңде вакцина 45 адамға, ал келесі кезеңде жүздеген, тіпті мыңдаған адамға сыналады.

"Тіпті, мейлінше жедел жасаған күннің өзінде ол 6-8 айға созылады. Сондықтан вакцинаны жаппай пайдалану үшін бір-бір жарым жылдай уақыт керек", - дейді Фаучи.

Қазіргі уақытта Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 78 мыңнан асып, оның 29 мыңнан астамы емделіп шыққан, деп хабарлады Қытай мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің мәліметіне сүйенген РИА Новости.

Ал бұл дерттен көз жұмғандардың саны 2 715-ке жетті.

Соңғы тәулікте Қытайдың бір ғана Хубэй провинциясында 401 вирус жұқтыру оқиғасы тіркеліп, 52 адам қайтыс болған.

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 1 146 адамға жетіп, 11-і көз жұмған. 

Тағы оқыңыз: Коронавирус тараған лайнерде қалып қойған екі қазақстандық елге оралады

Айта кетсек, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына елдің орталық бөлігіндегі Ухань қаласында (Хубэй провинциясы) белгісіз пневмонияның өршіп жатқанын хабарлады. Мамандар аурудың қоздырғышын анықтай келе, бұл жаңа коронавирус екенін мәлімдеді. ДДҰ індетті халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялап, ауруды ресми түрде COVID-19 атады.

1648
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (859)
Тақырып бойынша
Ғалымдар жылы қыстың салдары туралы айтып берді
Ғалымдар ұялы телефонның қауіпті функциясын анықтады
Ғалымдар түс көруге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
Ғалымдар тұқым қуалайтын ауруды тез анықтаудың әдісін тапты
Ғалымдар өмірді 10 жылға ұзартудың амалын тапты
Ғалымдар шайдың ешкім күтпеген пайдасын анықтады
Сұлулық салоны

Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты

12
(Жаңартылды 17:36 28.05.2020)
Клиенттер сұлулық салонындағы кірпік жалғау, бет тазалау, пилинг секілді қызмет түрлерінен қазірше бас тарта тұруы тиіс

АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Ресейлік жоғары санатты дәрігер Лариса Алексеева "Звезда" телеарнасына берген сұхбатында шаштаразға барған кезде коронавирусты жұқтырудан қалай сақтану керек екенін айтты.

"Шаштаразда шаш қию, шашты сәндету секілді қызметті ғана пайдалануға болады. Бетке қатысы бар процедулар орындалмайды. Себебі адам міндетті түрде маскада болуы қажет", – дейді маман.

Дәрігердің айтуынша, салонда клиент пен шаштараз маска тағу режимі мен өзге де қажетті шектеулерді сақтауы қажет. Сонымен қатар кірпік жалғау, бет тазалау, пилинг секілді күтімнен бас тартқан жөн.

"Екі адамның арасында байланыс өте жақын болғандықтан шаштараз бен клиенттің вирус жұқтыру қаупі жоғары", – деп ескертеді дәрігер.

Оқи отырыңыз: Бекшин сұлулық салондарының не себепті ашылмайтынын түсіндірді

Айта кетейік, ДДҰ-ның мәліметі бойынша, әлемде бес жарым миллионға жуық адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Ал 350 мыңға жуық науқас қайтыс болды.

Қазақстанда науқастар саны 9 576 адамға жетіп, 4 827 адам жазылып шықты, 37 адам қайтыс болды.

12
Кілт сөздер:
коронавирус, шаштараз, сұлулық
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (859)
Тақырып бойынша
Айдар, тұлым, кекіл: қазақ халқының балаға шаш қою дәстүрінің сыры неде?
Енді шаш алмайды: алматылық дәрігердің ісінен кейін министр шешім қабылдады
Қазақ қызының ұлттық киімі Кореядағы сұлулық байқауында үздік деп танылды – фото
ҰБТ-дан жоғары балл жинаған жігіт шаштараз мамандығын таңдады
Абай өлеңін оқып тұрып, шаш қиған Алматы тұрғыны танымал болып шыға келді
Цирк, архивтегі сурет

Қазақстандық цирк әртісі Қытайда комаға түсті

288
(Жаңартылды 09:15 28.05.2020)
Ер адам бірнеше жылдан бері қытайлық циркте жұмыс істеген. Оның сақтандыруы емделуге жұмсалатын шығынды өтеуге жетпейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Қостанай қаласының тумасы 17 мамырда Қытайдың Гуанчжоу қаласында комаға түсті.

Алдын ала болжам бойынша сепсис диагнозы болуы мүмкін, деп жазады "Костанайские новости". Дерттің нақты себебі сараптама қорытындысы бойынша белгілі болады.

Ер адамның денсаулығының күрт нашарлауына денесіндегі сынықтар себеп болуы да мүмкін. Қазақстандық циркте ат үстінде қиын жаттығулар жасаған.

Басылым әртіс карьерасын Рудный қаласындағы "Юность" цирк студиясында бастағанын жазады. Алматыдағы цирк училищесін тәмамдаған. Кейін Қытайда жұмыс істеуге ұсыныс түсті.

Ата-анасы Рудныйда тұрады, ер адам Қытайда әйелі және баласымен болған. 

Қазақстан елшілігі ер адамды елге жеткізуге көмектесетінін жеткізді. 3 маусымда Қытай Қазақстанға медициналық көмек тиелген ұшақ жібереді. Алайда ер адам комадан шықпаса, тасымалдау мүмкін емес екені айтылды.

Тағы оқыңыз: Цирк әртісі сахнадағы қойылым кезінде биіктен құлап кетті

Қытай клиникасындағы реанимациялық палатада бір күн жату 1 500 доллар. Қазақстандық қытайлық циркпен келісімшарт жасасқан. Алайда сақтандыру емделуге жұмсалатын шығынды өтеуге жетпейді. Клиникадағы 10 күн үшін ер адамның туыстары 25 мың доллар төлеген. Бұл ақшаны жинауға цирк директоры, әріптестері мен туыстары көмектескен.

Ер адамның ата-анасы пәтерін сатты. Дегенмен бұл қаражат та жетпеген. Туыстары қазақстандықтардан көмек сұрап отыр.

288
Кілт сөздер:
кома, Қытай, цирк әртісі, қазақстандықтар
Тақырып бойынша
Цирк әртісінің биіктіктен құлап кеткен сәті видеоға түсіп қалды
Астанада жас хоккейшіге қақпа құлап кетті: бала комада жатыр  
Пойыз апатынан зардап шеккен балалар комада жатыр – дәрігерлер
Цирк әртісі көрермендердің көз алдында биіктен құлап қаза тапты
Хабиб Нурмагамедовтың әкесі комаға түсті - БАҚ
Банк картасы, иллюстративті фото

Қазпошта әлеуметтік карталарына жаңа функция енгізіледі

5
Қазір картаны еліміздің бірнеше аймағында оқушылар мен зейнеткерлер көлік ақысын төлеуге пайдаланып жүр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Жақында әлеуметтік карталардың көмегімен қазақстандықтар дәрі-дәрмекке тапсырыс беріп, сатып ала алады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов айтты.

"Қазір бұл картаны оқушылар мен зейнеткерлер тауарларды жеңілдікпен сатып алуға пайдаланып жүр. Болашақта халықтың әлеуметтік осал топтарына дәрі-дәрмекке тапсырыс беріп, дәріханалардан сатып алып, үйге алдыруға мүмкіндік береді", - деді Сәкен Сәрсенов.   

Оқи отырыңыз: Сәкен Сәрсенов сәлем-сауқат дронмен қалай жеткізілетінін айтып берді 

Қазір "Қазпошта" қызметтер тізімін кеңейту бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Бастапқыда Ақтөбеде оқушылар үшін "Әлеуметтік карта" жобасы қолға алынған.

"Біз бас кезінде бұл картаны мектептерде өткізу режимі, әлеуметтік тамаққа мұқтаж балаларды тамақтандыру қызметі үшін арнайы енгіздік. Сондай-ақ картаны автобус ақысын төлеу үшін пайдалануға болады. Көптеген әкімдікпен келісім жасағанбыз", - деп толықтырды "Қазпошта" басшысы.

Қазіргі уақытта картаны Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар, Петропавл және Атырау қалаларындағы студенттер мен зейнеткерлер пайдалана алады. Әлеуметтік картаны біртіндеп Қазақстанның барлық аймағында енгізу жоспарланып отыр.

"Барлық карантин шарасы аяқталғаннан кейін халық бұл картаны қолдануы үшін оны белсенді түрде шығарып, тарата бастаймыз", - деді Сәрсенов.

2020-2021 жылдары әлеуметтік карталарды Қазақстан бойынша енгізу жоспарланып отыр.

5
Кілт сөздер:
Қазпошта
Тақырып бойынша
"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы