Кореядағы коронавирус

Қытай ғалымдары коронавирусқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

27066
(Жаңартылды 10:54 09.03.2020)
Мамандардың сөзіне сенсек, коронавирустық инфекция адамның өкпе тіні мен иммунды жүйесін зақымдайды

НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Коронавирус тараған Ухань қаласындағы университеттің ғалымдары емделіп шыққан адамдар өмір бойы осы аурудың зардабын тартуы мүмкін екенін айтты.

Мамандардың сөзінше, коронавирустық инфекция адамның өкпе тіні мен иммунды жүйесін зақымдайды, деп хабарлайды "Аргументы недели" басылымы.

Бұл дегеніміз, коронавирустан емделген адамның денсаулығы болашақта да сыр беруі мүмкін. Чжуннань ауруханасының қызметкері Пэн Чжиюн аурудан айыққан пациент өмір бойы демікпеден зардап шегетінін түсіндірді.

"COVID-19 вирусының организмге әсері ОРВИ мен СПИД-тің комбинациясына ұқсайды. Өйткені ол өкпеге де, иммунды жүйеге де зақым келтіреді", - деп атап өтті дәрігер.

Ол аурудың ерте сатысында, ең алдымен, өкпені қорғау керек екенін айтты.

Коронавирустың таралуы

2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Хубэй провинциясының Ухань қаласында белгісіз пневмония таралып жатқаны туралы хабарлады.

Сарапшылар індеттің қоздырғышын анықтады – 2019-nCoV коронавирусы.

Соңғы дерек бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 110 034 адамды құрап отыр, инфекция 100-ден астам елге жетті.

Тағы оқыңыз: Кореяда "коронавирус жұқтырған" қазақстандықпен байланыс орнатылды - министрлік

Қазақстан ақпан айының басында Қытаймен барлық жолаушылар тасымалы қатынасын тоқтатты.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері COVID-19 вирусының таралуы бойынша қауіпті елдер тізіміне өзгеріс енгізді.

Енді 1 "а" санатына Қытай, Иран және Оңтүстік Корея, ал 1 "б" санатына Италия кіреді. Екінші санатта – Испания мен Германия.

Ең көп ел үшінші санатқа еніп отыр. Олар: Жапония, Таиланд, БАӘ, Франция, Швеция, Малайзия, АҚШ, Сингапур, Кувейт, Бахрейн, Ирак, Ұлыбритания, Швейцария, ҚХР Гонконг АӘА.

27066
Кілт сөздер:
мәлімдеме, Қытай
Тақырып бойынша
Әкімдік Нұр-Сұлтанда коронавирус тіркелді деген ақпаратты жоққа шығарды
Министр коронавирус жайлы: менің де балаларым мектепке барады, қауіп жоқ
Коронавирус қаупі: Қазақстан мен Ресей бірлескен шараны талқылауға дайын
Архивтегі фото

Тұрмысы төмен ресейлік отбасылар балаға бірнеше жәрдемақы алады 

30
Жаңа жәрдемақыны мүмкіндігінше осы жылдың маусым айынан бастап төлеу тапсырылды. Оны рәсімдеу үшін электронды өтініш беру жеткілікті

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. 1 маусымнан бастап Ресейде жаңа норма күшіне енеді – енді үштен жеті жасқа дейінгі балалары бар кейбір күнкөрісі төмен отбасыларға бөлек төлем жасалады, деп хабарлады РИА Новости.

Жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар үш жастан жеті жасқа дейінгі балалары үшін жәрдемақы алады. Төлемдер 1 шілдеден бастап берілуі тиіс, бірақ Ресей президенті Владимир Путин отбасылар бұл ақшаны бір ай бұрын алуы үшін ұйымдастыру шараларын жеделдетуді тапсырды.

Төлем бірден бір жылға белгіленеді, оның мөлшері бір балаға аймақтық ең төменгі күнкөріс деңгейінің жартысына тең – бұл Ресейде орташа алғанда 5,5 мың рубль. Қаражатты  электронды өтінім беру арқылы алуға болады – құжаттарды жинаумен әлеуметтік қорғау органдарының өздері айналысады, деп атап өтті еңбек министрлігі.

Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы: Тоқаев заңға қол қойды

Отбасы төлемді 1 маусымнан бастап алатынына қарамастан, ол осы жылдың қаңтар айынан бастап есептеледі. Министрлік егер 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша отбасында үш жастан жеті жасқа дейінгі бала болса, онда 2020 жылдың алғашқы бес айына да ақша алады деп түсіндірді.    

Егер бала үш жасқа қаңтар мен маусым аралығында толса, отбасы 2020 жылы бала үш жасқа толған сәттен бастап төлем тағайындалғанға дейінгі уақытқа қосымша төлем алады.

Жаңа жәрдемақыны барлығы 2 миллион отбасы ала алады. Қанша өтініш түскенін министрлік нақтыламады.

Сондай-ақ, үш жастан 16 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға 10 мың рубль мөлшеріндегі біржолғы төлем беріледі.

Үш жастан 16 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы отбасының кірісіне қарамастан төленеді. Төлемді бірінші болып 10 миллион отбасы алады, деп хабарлады Ресейдің зейнетақы қоры. Қаражат 22 мамырға дейін түскен өтініш бойынша 15 миллион балаға беріледі.

30
Тақырып бойынша
Сегіз және одан көп баласы бар аналарға төленетін жәрдемақы бекітілді
Төтенше жағдай кезінде таксистер мен бала күтушілерге де әлеуметтік төлем төленеді
Министр Нұрымбетов жаңа жәрдемақыны келеке еткендерге жауап берді
Кейбір көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы екі есеге артады
Ең төменгі күнкөріс шегі деген не және оны неге арттыру керек
Нұр-Сұлтан тұрғыны: Жеті балаға 139 мың теңге жәрдемақы шықты
Қазақстанда 8 және одан көп баласы бар қанша отбасы тұрады
Архивтегі фото

Путин мен қонақтар Жеңіс парады кезінде трибунада болады Песков

25
(Жаңартылды 13:47 01.06.2020)
Дмитрий Песков 24 маусымда Мәскеуде өтетін Жеңіс парады кезінде Ресей басшысы мен құрметті қонақтар қайда отыратынын айтты   

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин мен Мәскеудегі Жеңіс парадына шақырылған қонақтар трибунада отырады. Бұл туралы Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

"Әрине, президент пен қонақтар трибунада болады. Шетелдік мемлекет басшылары қатысады", - деді Песков "Россия 1" телеарнасындағы "Москва. Кремль. Путин" бағдарламасында.

Трибунада кім қайда жайғасатыны туралы мәселе әлі нақтыланбады, деп толықтырды ол.

Жеңіс парады қашан өтеді

24 маусымда Мәскеудегі Қызыл алаңда Жеңіс парады өтеді, "Мәңгілік даңқ" шеруі 26 шілдеге жоспарланған. Бұл туралы бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрі Сергей Шойгумен жұмыс кездесуі кезінде мәлімдеді.

Ресей басшысы парадқа дайындық жасап, өткізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Тоқаев Жеңіс парадына барады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде баратынын хабарлады. Мемлекет басшысы Владимир Путиннің шақыруын ризашылықпен қабылдағанын жазды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан президенті Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысады

2020 жылы 9 мамырда Қазақстан мен Ресейде коронавирусқа байланысты әскери парад өткізілген жоқ. "Мәңгілік даңқ" шеруі онлайн режимінде өтті.  

Мәскеуде ресми тұлғалардың қатысуымен парадтың әуе бөлігі мен еске алу шаралары ғана ұйымдастырылды.

25
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин, әскери парад
Тақырып бойынша
Ресей Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігін мойындамай ма?
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақ жауынгерінің сүйегі елге жеткізілді
Ақтау гипермаркеттерінде Жеңістің 75 жылдығы құрметіне флешмоб өтті
Мәңгілік алауға жібермеген: Алматы әкімдігі ардагерден кешірім сұрады
Жеңістің 75 жылдығы: әлем елдері мерекені қалай атап өтті - фото
Адамның қолы

Алматы маңында бойжеткеннің денесі табылды

98
(Жаңартылды 17:20 01.06.2020)
Әсел Панарғалиева өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалғаны хабарланып отыр

АЛМАТЫ, 1 маусым — Sputnik. Құтқарушылар жарты жыл бұрын жоғалған турист Әсел Панарғалиеваның денесін 31 мамыр күні Үлкен Алматы көлінің маңында тапты.

Алматы полиция департаменті растады.

"Әсел Панарғалиеваның денесі табылғанын растаймыз. Іс Бостандық ауданы полиция басқармасында тергелетін болады. Қазіргі уақытта сот-медициналық тағы бірқатар сараптама тағайындалды. Толық ақпарат іс аяқталған кезде белгілі болады", - деді Алматыдағы полиция департаменті.

Әсел Панарғалиева 2019 жылдың 9 қарашасында жоғалды. Туыстарының ақпаратына сәйкес, ол жалғыз өзі Үлкен Алматы көлі жақта серуендемек болған. Сол кезден бері ешбір ақпарат болмады.

Іздеу операциясына полицейлер, төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері және волонтерлер қатысты. Таулы аймақтарда қызметкерлер қызды тікұшақпен іздеді.

98
Кілт сөздер:
бойжеткен, Алматы