зертхана, архивтегі сурет

Коронавирусқа қарсы вакцинаның сынақтан өтіп жатқаны белгілі болды

437
(Жаңартылды 12:55 19.03.2020)
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем зерттеушілерінен сынақтан өтіп жатқан вакцинаның бағасын беруді сұрап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус COVID-19-ке қарсы вакцинаның алғашқы сынақтары басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Ол індет белең алған кезден бастап 60 күн ішінде сарапшылардың вакцина әзірлеп, оны сынауға кіріскенін өте жоғары жетістік деп атады.

"Біз бүкіл әлем зерттеушілерінен тәжірибелік дәрілерді жүйелі түрде бағалаудан өткізуді сұраймыз", – деді ұйымның бас директоры.

Өткен жылдың желтоқсан айында Қытай Ухань қаласында белгісіз індеттің өршуі туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырғыштарын зерттей келе жаңа үлгідегі коронавирус екенін анықтады. ДСҰ ауруға ресми түрде COVID-19 атауын берді және індеттің таралуын қауіпті деп таныды.

Оқи отырыңыз: Алматыға келген тағы бір адамда коронавирус табылды - министрлік

Соңғы мәліметтер бойынша, бүкіл әлемде індетті жұқтырғандар саны 200 мыңнан асты, оның сегіз мыңы қайтыс болды.

437
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (557)
Тақырып бойынша
Коронавирус індеті: COVID-19 жұқтырған танымал адамдар - фото
Қазақстанда коронавирусқа байланысты халықаралық конференция өтпейтін болды
Астаналықтар коронавирустан қорқа ма - видео
Коронавируспен күресуге көмектеседі: дәрігерлер қалай тамақтану керек екенін айтты
Коронавирус қағаз ақша арқылы жұғуы мүмкін – ДСҰ
Загрузка...