Ростислав Ищенко, архивтегі сурет

Жаһандық дағдарыстан кейін адамзатты қандай жағдай күтуі мүмкін

1919
(Жаңартылды 20:45 21.03.2020)
Путиннің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің саммитінде ұсынған тұрақты мүшелердің "бестігін" құру (Ресей, Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Қытай) идеясы осы мемлекет басшылары тарапынан ауызша қолдау тапты. Алайда, отырыстың өтетін орны, уақыты, күн тәртібі әлі келісілген жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Ресей басшысы Иерусалимде Холокосттың 75 жылдығына орай сөйлеген сөзінде "қауіп-қатерге байланысты әлемнің бөлінуіне" алаңдаушылық танытып, саммит өткізуді ұсынған болатын. Жүйелік талдау және болжау орталығының президенті Ростислав Ищенко Sputnik-ке осы тақырыпқа қатысты пікірін білдірді. 

"Стратегиялық тұрақтылық мәселелері шұғыл қадамдарды талап ететін күн тәртібінің маңызды бөлігі болып табылады. Жалпы айтқанда, біз адамзаттың өмір сүруі туралы айтып отырмыз", – деді өз кезегінде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Мазмұны мен драмалық жағынан бұл тұжырымдар Кеңес үкіметінің 30-шы жылдарының екінші жартысындағы бастамаларға ұқсайды. Содан кейін КСРО басқыншыларды бірлесіп тежеп, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құруды талап еткен еді. Бірақ, батыс Кеңес басшылығына құлақ аспады. Салдарынан әлем Екінші дүниежүзілік соғысқа ұшырап, оның соңында біз әлі күнге дейін өмір сүріп жатқан Ялта-Потсдам жүйесі пайда болды.

Ялта-Потсдам жүйесінің де-факто механизмдері ұзақ уақыт жұмыс істемегендіктен біз өмір сүріп жатырмыз деп болжауға болады. КСРО ыдырағаннан кейін Америка Құрама Штаттары халықаралық қатынастарды реттеудің тетіктерін өздігінен қайта қарастырды. Бұл кейде заманауи жүйе "Пост-Ялта" деп аталады. Өйткені, ресми түрде Ялта-Потсдам келісімдерінде қарастырылған барлық халықаралық ұйым жұмыс істейді және олардың ешқайсысы құқықтық қысым жасамайды. Ал шын мәнінде, қандай халықаралық ұйымдардың қай шешімдерін оның одақтастары жүзеге асыруы керек, қайсысын істемеу керектігін Вашингтон өзі шешеді. Сол сияқты америкалық диктатураға қарсы шығатын мемлекеттерге, олардың жетекшілеріне және халықаралық ұйымдарға, тым болмағанда санкциялармен қауіп төндіреді. Тіпті, ең нашар жағдайда, "қырсық-қыңыр" басшылары жасанды жаламен ұсталып, қажет емес тәуелсіз мемлекеттер АҚШ-тың "гуманитарлық бомбалауына" ұшырайды.

Әлем жүйелік дағдарысқа ұшырады

Біз жаһандық экономикасы Вашингтон консенсусына негізделген әлемде өмір сүріп жатырмыз (Вашингтон келісімінің дәуірі – Пост-Ялтадан кейінгі кезеңнің тағы бір ортақ атауы). Вашингтон консенсусының экономикалық моделінің үлгісі АҚШ-тың жаһандық үстемдігін қамтамасыз етеді.

Анығында, бұл сәттерге дейін осылай болды. Қырымды америкалықтардың игеруіне икемделген шағынан қайтарып алу мен АҚШ-ты Сириядан ығыстыру, Ресейге салынған санкциялық саясаттың тиімсіздігі, Вашингтонның Қытайды өзінің саяси және экономикалық талаптарын орындауға мәжбүрлей алмауы, АҚШ пен ЕО-дағы элиталардың бөлінуі, Америка мен Еуропалық Одақ арасындағы жалғасып жатқан экономикалық қақтығыстар – мұның бәрі америкалық үстемдіктің соңына жеткендігін көрсетті.

Америка Құрама Штаттарының саяси үстемдігінсіз Вашингтон консенсусының экономикалық саясатын жүргізу мүмкін емес.

Әлем жүйелік дағдарысқа ұшырады. Вашингтон консенсусының негізгі бенефициарлары ретінде ыдырауы экономикалық тұрғыдан алғанда АҚШ-та және тұтастай батыста ең ауыр соққы. Батыс елдері дағдарыстан қашан және қандай жағдайда шығады? Олар толық күшінде ме, жоқ па, ол жағы да беймәлім. Бұл коронавирус індетімен ұштасуда.

Жүйелік дағдарыс тудырған эпидемия жағдайында және ресурстар жетіспейтін кезде негізгі күш-жігер оның салдарын еңсеруге жұмсалуы тиіс. Мұның ізінен жаһандықтың негізі, батыстың мифтік бірлігі құлай бастағаны сезіледі. Батыс елдері бірінен кейін бірі карантинге ұшырап қана қоймай, толығымен өзімшіл саясатқа көшті. Олар ЕО серіктестеріне медициналық заттар мен қаржылай көмек көрсетуден бас тартты. ЕО елдерінің экономикалары біртұтастық үшін жұмыс істейтін секторлардан айрылып жатыр (туризм, бірлескен өндіріс – карантиндік аймақтардан бөлшектерді қазір кепілдендірілмеген болса да жабық шекаралар арқылы жеткізу). Америка Құрама Штаттары коронавирусқа қатысты Италияның өзінде жетіспей жатқан жарты миллион сынама жүргізу үшін толықтай әскери операция өткізді. Осылайша, батыс барлығы өздері үшін және біріне-бірі қарсы күрескен классикалық орта ғасырлық деңгейге түсуде. Ал індет оны қаншалықты ұзақ уақыт шайқаса, олар соғұрлым құрдымға тереңірек бататын болады.

Біз жаңа әлем құра аламыз ба?

Егер ескі әлем бітсе, іс жүзінде Владимир Путин ұсынған "әдемі жаңа әлем" ережелерімен келісу керек.

Халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі әлемдік соғыстардың нәтижелері бойынша (1914-1918 және 1939-1945 жылдардағыдай) немесе бүкіл адамзаттың өліміне қауіп төндіретін әскери қақтығыстардан аулақ болуға мүмкіндік беретін жалпы ымыраға негізделуі мүмкін.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің "бестігі" саммиті күзде бола ма, әлде одан кейін бе, белгісіз?!. Қалай болғанда да, батысқа эпидемия салдарынан келтірілген залал мен мұнай (энергетикалық, оның ішінде газды да қосу керек) соғысының нәтижелері анықталғанға дейін күту керек. Сондай-ақ, жаһандық жүйелік дағдарыстың қазіргі кезеңінде батыстық биржалар қаншалықты құлдырайтындығын да байқау керек.

Осы қызықты күрестен кімнің нақты аман-есен өткендігі белгілі болғаннан кейін, кіммен және не туралы сөйлесу керек екенін шешуге болады.

Автордың пікірі редакцияның ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.

1919
Кілт сөздер:
нарық, әлем, дағдарыс
Тақырып бойынша
Мұнай таусылғаннан кейін не болады?
Посткеңестік елдерге мұнайдың төмен бағасы қалай әсер етеді
Мұнай соғысы: Батыс сарапшылары кім жеңімпаз болатынын айтты
Әлемдегі қаржы дүрбелеңі: кім бастады және енді не болады
"Норманд" саммиті өтті. Зеленский енді қандай шешімге келеді?
Загрузка...