Әлем

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны Қытайдан асып түсті 

Жазылу
Президент Дональд Трамптың айтуынша, жаппай тестілеу нәтижесінде коронавирус жұқтырған адамдардың саны көбейгені анықталған

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. АҚШ-та коронавирус жұқтырған адамдардың саны 85 мыңнан асты. Бұл көрсеткіш Қытайдан 4 мың адамға артық болып тұр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Джон Хопкинс атындағы университеттің мәліметіне сәйкес, дәл қазір Америкада коронавирусқа шалдыққандардың саны 85,9 мың адамды құрап отыр. Осылайша, АҚШ науқастардың көрсеткіші бойынша Қытай (81 782) мен Италияны (80 589) артқа тастап, әлем бойынша антирейтингте бірінші орынға шықты.

Алайда Америкада коронавирустан қайтыс болғандардың саны әлдеқайда төмен. Қазіргі көрсеткіш – 1 288 адам. Қытайда 3 298, ал Италияда 8 215 адам бұл дерттен көз жұмған.

Оқи отырыңыз: Коронавирус қаупі: әлемде не болып жатыр?

АҚШ президенті Дональд Трамп қазіргі жағдайға түсініктеме берді. Оның айтуынша, коронавирусты жұқтырған адамдардың күрт көбеюі – жаппай тестілеудің нәтижесі. Осы уақытқа дейін Америкада жарты миллионнан астам адамды тестілеуден өткізген. Қазіргі кезде коронавирус барлық штатта тіркелді. Нью-Йорктің өзінде 30 мың адамнан аурудың белгілері анықталды.

Антирейтинг

Бүгінде Джон Хопкинс атындағы университет мамандары арнайы сайтта коронавирустың таралуын тіркеп отырады:

  • Америка (85 840)
  • Қытай (81 782)
  • Италия (80 589)
  • Испания (57 786)
  • Германия (43 938)
  • Франция (29 566)
  • Иран (29 406)
  • Ұлыбритания (11 812)
  • Швейцария (11 811)
  • Оңтүстік Корея (9 332)
Жаңалықтар
0