Микроскоп

Ресейде коронавирусқа қарсы үш дәрі жасалды

540
(Жаңартылды 09:33 30.03.2020)
Вирусқа қарсы жасалған үш препарат Ресейдің мамандандырылған клиникаларында сынақтан өткізуге жіберілді  

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Ресей ғылым академиясы мамандарының қатысуымен Ресейде COVID-19 коронавирусын емдеу үшін қолданылуы мүмкін үш дәрі жасалды, деп хабарлады РҒА вице-президенті, академик Владимир Чехонин РИА Новостиге берген сұхбатында.

Ол бірнеше жыл бұрын Постовский атындағы органикалық синтез институтында вирусқа қарсы триазавирин препараты жасалғанын еске салып өтті, қазір оны Қытай мамандары коронавирус инфекциясын емдеуде қолдану мүмкіндігін қарастырып жатыр.   

"Алайда бүгінгі күні бұл препараттың тек респираторлық вирустық инфекцияны емдеуде қолдануға болатын ерекше түрі дайындалды. Ол COVID-19 инфекциясын емдеуге қолданылатынына сенімдімін. Әрине, бұл қазіргі жағдайда өте маңызды", - деп атап өтті Чехонин.

"Триазавириннің бұл дәрілік түрі біздің еліміздің мамандандырылған мекемелерінде сынақтан өткізуге дайын", - деп толықтырды ғалым.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы вакцинаның сынақтан өтіп жатқаны белгілі болды

Сонымен қатар, Чехониннің айтуынша, органикалық синтез институты Мәскеудегі Зелинский атындағы органикалық химия институтымен бірлесіп "өте тиімді" және Ресейдің фармацевтикалық өнеркәсібі талаптарына сәйкес келетін, бұрын Жапонияда инфекцияны емдеу үшін қолға алынған  фавипиравир вирусқа қарсы препаратының синтездеу схемасын жасаған.  

"Менің білуімше, бұл препарат Ресей Федерациясының мамандандырылған клиникаларында сынақтан өткізуге дайын", - деп атап өтті Ресей ғылым академиясының вице-президенті.

Сонымен қатар, ол Гамалеи атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология орталығында фортепрен препараты жасалғанын атап өтті. 

"Фортепренге келетін болсақ, ол клиникалық сынақтың барлық кезеңінен өтті, яғни ол адамдарға да сыналды. Фортепрен тіркеу кезеңінде", - деп түйіндеді ғалым.

540
Кілт сөздер:
Ресей, дәрі-дәрмек, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1207)
Тақырып бойынша
Ақтөбе облысында тағы 1 адам коронавирус індетін жұқтырды
Батыс Қазақстан облысына COVID-19 қайдан келді
Коронавирус жұқтырған екінші медбике туралы ақпарат жарияланды
Қазақстандағы тағы бір қала карантинге жабылады
Министр Абаев коронавирустан қорықпайтындарға жауап берді
Елорданың медицина қызметкерлері қонақүйде тұрады  
Зерхана қызметкері

Пневмония коронавирус статистикасына қосыла ма Қазақстан ДДҰ жауабын күтіп отыр

52
(Жаңартылды 14:50 15.07.2020)
Бұған дейін Алматыдағы орталық клиникалық аурухананың меңгерушісі коронавирус статистикасына атипиялық пневмонияны да кіргізу қажеттігін айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына атипиялық пневмонияны коронавирус жұқтырғандар статистикасына қосуға қатысты сұрау жолдады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз қазір халықаралық ұйымдармен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда ДДҰ-ның ұсынымы бойынша статистикаға ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлар ғана кіреді", – деді Бюрабекова онлайн брифингте.

Ол Қазақстан пневмонияны коронавирус статистикасымен біріктіруге қатысты ДДҰ-ға сұрау жібергенін айтты.

"Жуырда сұрау жолдадық, ДДҰ-ның жауабын күтіп отырмыз. Келіссөздер арқылы есепке алынуы тиіс деректерге қатысты шешімге келеміз. Әр елдің статистика мен есепке алуға қатысты өз жолы бар. Біз соны біріздендіріп, барлық елмен қатар жүргіміз келеді", – деді вице-министр.

Оқи отырыңыз: Дәрігер денсаулық министрлігінің тағы бір қателігін айтты

Бұған дейін Алматыдағы орталық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мыңжылқы Бердіқожаев бейнеүндеу жолдап, қазіргі коронавирус статистикасына атипиялық пневмонияны да кіргізу қажеттігін айтқан еді.

52
Кілт сөздер:
науқастар, статистика
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1207)
Тақырып бойынша
Орны толмас қайғы - Қазақстан бір-екі апта ішінде кімдерден айырылды
"Кеш қалдыңыздар": дәрігер қазақстандықтардың ең басты қателігін атады
Алматылық дәрігер Covid-19 жұқтырғандар саны қашан күрт азаятынын болжады
"Сенеді деп ойлаймын": алматылық дәрігер үрейлі хабарлама таратты
"Күрт нашарлайды": алматылық дәрігерлер ауруханадағы жағдайды айтып берді
Газ терминалы

Еуропа мен Азия америкалық газдан бас тартып жатыр

168
(Жаңартылды 00:42 13.07.2020)
Еуропа мен Азиядағы көгілдір отын бағасы көпжылдық минимум шегінде тұр. Тіпті АҚШ энергетика министрлігі де америкалық СТГ-ны сатып алудың еш мәні жоқ екенін айтты. Клиенттер осы жылдың жазына жоспарланған жүзден аса жеткізілімнен бас тартты

Баға құлдырады

Өткен жылы АҚШ-тағы табиғи газдың таза экспорты 54,7 млрд текше метрге жетті. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 20,7 миллиардқа артық. СТГ-ның ірі өндірушісі Cheniere Energy мәліметі бойынша, бірінші тоқсанда әлем нарығындағы сатылым көлемі 100 млн тоннаға жеткен. Бұл 2019 жылғы көлемнен 10 миллионға көп. Бұл өсім, нгізінен, америкалықтардың арқасында орын алған, деп жазады РИА Новости. 

Жоспар бойынша 2020 жылы – 67,2 млрд текше метр, 2021 жылы – 79,5 млрд текше метр алынуы тиіс болатын. Бұл көрсеткіштерді қаңтар айында АҚШ Энергетика министрлігінің Энергетикалық ақпараттар басқармасы (ЕІА) мәлімдеген болатын. Алайда, бұл орындалмаған арман күйінде қалатыны қазірден белгілі.

Жылы қыс нәтижесінде ұсыныстың артуы мен коронавирус пандемиясы салдарынан сұраныстың шектелуі Еуропа мен Азияның газ нарықтарын құлдыратты. Сонымен, Еуропадағы TTF голландиялық хабындағы орташа баға осы жылдың алғашқы төрт айында 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе төмендеді. Жапонияға споттық жеткізулер 44%-ке қысқарды.

Сәуір айының өзінде-ақ америкалық СТГ-ны Еуропаға экспорттау экономикалық тұрғыда тиімсіз болып қалды. Ірі еуропалық және азиялық компаниялар маусым-шілде айларына арналған келісімшарттардан бас тартты.

Bloomberg мәліметі бойынша, ААҚШ зауыттарынан СТГ тасымалдау сәуірде 30%-ке төмендеген. Мамыр айына қарай экспорттың қысқаруы үштен бір бөлікті құрады. Бұған коронавирус бойынша шектеулер де әсер етпей қоймады.

Экономикалық тұрғыдан қауқарсыз

АҚШ Энергетика министрлігінің Энергетикалық ақпараттарды басқармасының маусым айына болжамы түңіліске толы. Еуропалық және азиялық сатып алушылар СТГ-ның 110 партиясынан бас тартты: оның 70-і маусым-шілде айларында болса, 40 партия тамыз айында белгіленген. Газды америкалық теңіз терминалдарына жеткізу наурыз айының соңынан бастап екі есеге қысқарды.

"Еуропа мен Азиядағы табиғи газ және СТГ-ның төмен споттық бағасы АҚШ экспортының экономикалық тұрғыда өміршеңдігін әлсіретті", - дейді ЕІА сарапшылары.

Олардың бағалауы бойынша, маусым айында АҚШ-тан Еуропа мен Азияға орташа есеппен тәулігіне 101 млн текше метр газ жөнелтілсе, бұл көрсеткіш шілде мен тамыз айларында 62 миллионды құрамақ. Бұл экспорт әлеуетінің 25%-нен аспайды.

Құлдырау жалғасады

Сарапшылардың теңіздің арғы бетіндегі газдан клиенттердің бас тартуы кемінде жаз соңына дейін жалғасады деген болжамы дәл келді.

Қаңтар айында мүмкіндіктер шегіне дейін үлкен жүктемемен жұмыс істеген америкалық алты СТГ зауыты мамыр айында жүктемені бірден 65%-ке төмендетті. Platts Analytics болжамында шілденің басында бұл 50%-тен де төмендеуі ықтимал екені айтылған.

"Баға артықшылығы жоғалып кеткендіктен, америкалық жеткізулерден бас тарту уақыттың еншісінде болатын", - дейді Америкадағы стратегиялық жән халықаралық зерттеулер орталығының сарапшысы Никос Цафос.

Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қорының жетекшіс аналитигі Игорь Юшковтың айтуынша, қазір сатып алушылар америкалық СТГ үшін аз баға ұсынып отырғаны соншалық, ол қаражат сұйылту мен тасымалдау операцияларының шығынын да жаппайды. Басты зардап шегуші – Sabine Pass америкалық бірінші әрі ірі терминал: зауыт қуаттылықтары бағаның қымбат кезінде сатып алынып, пайдалануға берілген 2016 жылы жағдй өзгеріп кетті. Сол кезден бері зауыт тек шығын көріп келеді.

Энергетка министрлігінің ақпараты бойынша, АҚШ-тағы СТГ экспорты ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында тәулігіне 218 млн текше метрді құраса, сәуір-мамыр аралығында 17%-ке төмендеген. ЕІА-дағылар табиғи газға әлемдік сұраныс біртіндеп қалпына келіп жатқандықтан, қыркүйек айында жеткізулер өседі деп күтіп отыр.

Газ жеткілікті

Алайда, ірі инвестициялық банктер оптимистік көзқарастан жұрдай. Аналитиктердің пайымдауынша, әлемде отын-жанармайдың үлкен қоры жиналып қалды. Халықаралық СТГ саудасы құлдырап, соның салдарынан америкалық тақтатасшылар үшін маңызды сатылым арналарын бұғаттап тастады. Есесіне, мұнай баррель үшін 40 долларға дейін қайта қымбаттаған соң, мұнайшылар өндіру жұмыстарын жандандырып, ілеспе өнім ретінде нарыққа арзан газ шығара бастады.

Еуропадағы бағаның құлдырауына байланысты оның қажеті де болмай қалды. Сондықтан, шекараға сатудың орнына отын-жанармайды резервуарлар мен қоймаларға қайта айдап жатыр.

Goldman Sachs есебі бойынша, экспорттың кейінге қалдырылуы салдарынан аамерикалық қор 21,52 млрд текше метрге ұлғаяды. Қазірдің өзінде бір жыл бұрын бекітілген деңгей үштен бір бөлікке артып тұр. Қзан айына қарай елдің газды сақтау мүмкіндігі таусылып, СТГ өндірісі рекордық дәрежеге қысқаруы ықтимал.

168
Оркестр, архивтегі сурет

Қазақстанда 16 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

0
(Жаңартылды 15:41 15.07.2020)
Sputnik Қазақстан 16-22 шілде аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

16 шілдеге жоспарланған шаралар

09.00 – Жастардың 48 сағаттық хакатоны өтеді. Студенттер мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мобильдік қосымша әзірлейді. Хакатон 16-18 шілдеге жоспарланған. Онлайн-форматтағы хакатонға 16-22 жас аралығындағы студенттер, дизайнерлер, сарапшылар қатыса алады.  Өтініш 10 шілдеге дейін мына сілтеме бойынша қабылданады.

12.00 – "Астана Опера" театрының "Дружная семейка струнных инструментов" концерті (Трансляция на TengriTV).

17 шілдеге жоспарланған шаралар

19.00 – "Астана Опера" театры әртістерінің орындауындағы "Корсар" балеті (Трансляция  TengriTV)

19 шілдеге жоспарланған шаралар

18.00 - "Астана Опера" театрының "От Севильи до Неаполя" концерті (Трансляция  TengriTV)

22 шілдеге жоспарланған шаралар

19.00 - "Астана Опера" театрының "Қыз Жібек" операсы (Трансляция  TengriTV).

18.00 - "Астана Опера" театрының "Восемь времен года" концерті (Трансляция  TengriTV).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0
Кілт сөздер:
оқиғалар, шілде, Қазақстан