Әлем

Видеоға түсірді: коронавирус жұқтырған медбике қалай қиналып жатқанын көрсетті

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуПациент
Пациент - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол Covıd-19 кесірінен тыныс алуға қиналып жатқанын айтты. Тамақ ішіп, қозғалудың өзі қиын екенін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. АҚШ-тың Галлатин қаласындағы оңалту орталығының медбикесі ауруханада видео түсірді. Ол өзінің жағдайын айтып берді.

Шарека Уильямс Covıd-19 пневмониясы кесірінен тыныс алуға қиналып жатқанын айтады. 

"Маған ешқашан оқ тиген емес. Алайда мына дерт оқ тигеннен де жаман деп ойлаймын. Өте қатты қиналып жатырмын", - деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында. 

Ол коронавирус салдарынан тамақ ішіп, қозғалудың өзі қиын екенін жеткізді. Медбике адамдарды сақтану шараларына бейжай қарамауға шақырды. 

"Бұл дерт сізге, жақындарыңыз бен отбасыңызға жеткенін күтпеңіз. Сақтаныңыз", - деп жазды ол.

Әлемде 1 273 990 адамда коронавирус тіркелді. 69 400 адам көз жұмды. Қазақстанда бұл індетке 584 адам шалдығып, алтауы қайтыс болды. 

Тағы оқыңыз: Карантинге жабылған үйде қалып қойған ақтаулық үндеу жасады - видео

Жаңалықтар
0