Артық салмақ

Ғалымдар артық салмақ пен коронавирус арасында қандай байланыс барын айтты

2143
Мамандар тәжірибе барысында салмағы қалыпты сегіз тышқан мен семіздікке шалдыққан сегіз кеміргішті салыстырған

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Біріккен Араб Әмірліктері мен Канада ғалымдары коронавирустың ауыр түрі семіздікке шалдыққан және артық салмағы бар адамдарда неге жиі кездесетінін анықтады.

Мамандардың зерттеу жұмысы bioRxiv ресурсында жарияланған, деп хабарлайды РИА Новости.

Зерттеу семіздіктің коронавирус өкпе клеткасына ену үшін қолданатын рецепторлардың түзілуіне септігін тигізетінін көрсетті.  

Ғалымдар тәжірибе жүргізіп, салмағы қалыпты сегіз тышқан мен семіздікке шалдыққан сегіз кеміргішті салыстырған.

"Артық салмақ қосқан тышқандарда ACE2 ақуызының түзілу деңгейі әжептәуір жоғары екенін байқадық. Оның үстіне, бұл өзгерістер, негізінен, өкпе тінінде байқалған. Бұдан шығатын қорытынды: семіздік коронавирустың ауыр түрінің даму қатерін арттырады", - делінген баяндамада.

Ғалымдар SARS-CoV-2 инфекциясы мен семіздіктің асқыну жолы бірдей екенін анықтады. Екеуінде де бұл липид алмасуының бұзылуымен байланысты.

Осылайша, зерттеушілер вирусты тез жұқтыру мен артық салмақтың арасындағы байланысты бағалау үшін талдау жүргізуге бел буған.

Тағы оқыңыз: Ғалым коронавирустан кейін не болатынын болжады

Зерттеу қорытындысы артық салмақ ACE2 генінің белсенділігін арттыратынын көрсетті. Ал бұл ген SARS-CoV-2 вирусы клеткаға ену үшін қолданатын рецепторлардың түзілуіне жауапты.

Бұдан бөлек, вирус семіздік кезінде жұмысы бұзылатын лептинмен байланысты генге едәуір әсер еткен.

Ғалымдар COVID-19-дың ауыр түрі қант диабеті бар және организмінде холестерині жоғары адамдарда байқалуы мүмкін екенін болжады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда коронавирусты пандемия деп жариялады. Соңғы дерекке сүйенсек, әлемде қауіпті вирусты 2,24 миллион адам жұқтырған, 152 мыңнан аса адам қайтыс болды.

2143
Кілт сөздер:
семіздік, артық салмақ, коронавирус, ғалымдар
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1548)
Тақырып бойынша
Қостанай облысында полицей көршісінен коронавирус жұқтырып алды  
Алматыда 54 шекарашы курсант коронавирус жұқтырды
Коронавирустың вакцинасы пайда болған кезде, бәріне бірдей жетпейді – ғалым  
"Қиын болады": Елбасы коронавирустың салдары қашан сезілетінін айтты – видео
Коронавирусқа қалай тегін тексерілуге болады
Алматыда коронавирус жұқтырған бес науқас хәл үстінде жатыр
Құтыларды көтеріп тұрған медицина қызметкері

Вакцина қаншалықты қауіпті: АҚШ жауап талап етіп отыр, ал Еуропа пайда көргісі келеді

30
(Жаңартылды 15:35 30.09.2020)
Соңғы уақытта AstraZeneca британ-швед фармацевтикалық компаниясы және Оксфорд университеті бірлесе әзірлеген AstraZeneca вакцинасына қатысты мәселе жиі көтеріліп жүр

Мәселен, АҚШ екі апта бұрын уақытша тоқтатылған AstraZeneca вакцинасына қатысты сынақтар қайта қалпына келтірілген жоқ. Ал америкалық жетекші БАҚ препараттың қауіпсіздігі төңірегінде ауық-ауық хабар тарата бастады. Бұған Си-эн-эн телеарнасы айрықша назар аударып отыр, деп жазады РИА Новости.

Бұған дейін белгілі болғандай, AstraZeneca-ны клиникалық сынақтан өткізу екі рет – шілде және қыркүйек айында тоқтатылды: еріктілердің екеуінде жүйке ауруларының белгілері байқалған. Кейін "бұл екі жағдайдың вакцинаға қатысы жоқ" деген қорытынды шығарылып, көп елде, соның ішінде Ұлыбританияда сынақтар одан әрі жалғасын тапты.

Дегенмен америкалық ғалымдар мен АҚШ-тың денсаулық сақтау саласының мамандары препараттың кері әсері мен ол туралы жазылатын ресми есепте айтарлықтай алшақтық бар екеніне көз жеткізді.

AstraZeneca шілдедегі оқиғаны бұған дейін диагнозы қойылмаған ұмытшақтық ауруымен түсіндірді. Алайда, Оксфорд университетінің сайтында ол "жүйке ауруының түсініксіз белгілері" деп сипатталған.

Ал қыркүйектегі екінші оқиғаға байланысты компания ерікті әйелде "түсініксіз ауру" анықталды деп көпшілік алдында мәлімдеді. Бірақ ішкі құжаттамада бұл жағдай көлденең миелит (сирек кездесетін жүйке ауруы) түрінде сипатталған. 

Осылайша, америкалықтар науқастарда анықталған аурулар мен ресми мәліметтердегі сәйкессіздіктер туралы заңды сауалдар қоя бастайды. AstraZeneca тарапына бұған дейін де көп шағым түсетін еді. Жаңадан туындаған сәйкессіздік дауы перепаратқа және оның қауіпсіздігіне деген сенімділікті одан әрі төмендетіп жіберді.

Америкалық профессор-иммунологтардың бірі вакцина салдырған еріктілердің денсаулығында ұқсас ауытқушылықтардың пайда болғанын айта келе, олардың жүйке аурулары белгілерімен өрбігенін атап өтті.

Әрине, жүйке жүйесі ауруына AstraZeneca вакцинасы емес, адамдардың денсаулығындағы кінәраттар да себеп болуы мүмкін. Алайда, аталған препаратқа қатысты мәселені нақтылау қажеттігі айдан анық. Америкалық жауапты қызмет өкілдері бұл мәселеден басын ала қашқан жоқ, тек өзінде сынақ өткізуді уақытша тоқтатты. Бұл жерде олардың еуропалық әріптестерінің ұстанымдары таңғалдырып отыр. Олар осы мәселені елемегендей кейіп танытып, еріктілерді тестіден өткізуді жалғастырып келеді.

Жуырда Reuters ақпарат агенттігі ЕО өкіліне сілтеме жасай отырып, AstraZeneca-ның Еуродақпен вакцина төңірегінде келісімге келгенін хабарлады. Келісім тамыз айында жасалған, алайда оның кейбір маңызды тетіктері туралы енді ғана айтыла бастады.

Фармацевтикалық компания ЕО-ны препаратпен арзан бағада қамтамасыз етеді, бірақ вакцинадан қандай да бір кері әсер туындаған жағдайда, қаржылық жауапкершілікті (белгілі бір шектен жоғары) өз мойнына алмайды. Мәміленің нақты ауқымы туралы айтылмаған, бірақ Еуропа бір дозасы үшін AstraZeneca-ға 2,5 еуро төлейтіні белгілі болды. Дәріні GlaxoSmithKline концернімен бірлесе әзірлеп жатқан француздың Sanofi фармацевтика өндірушісі оны Еуропаға он еуроға сатқан.

Айтпақшы, екі компания да ЕО-дан алдын ала қайтарымсыз төлем алып үлгерген. Мәселен, AstraZeneca-ға 400 миллион дозамен қамтамасыз еткені үшін 336 миллион еуро, ал 300 миллион дозамен қамтамасыз еткені үшін Sanofi компаниясына 324 миллион еуро төленген.

Осылайша, егер жақында жаппай вакцинациялау кезінде кенеттен AstraZeneca препаратының адам денсаулығына зияны анықталса, бұл компанияны қиын жағдайға душар етпейді. Зардап шеккен азаматтарға өтемақыны ұлттық үкіметтер, дәлірек айтқанда, тиісті елдердің салық төлеушілері төлейді.

30
Кілт сөздер:
АҚШ, еуропа, вакцина
БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіндегі кезекті отырыстың бірі

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Таулы Қарабаққа қатысты мәлімдеме жасады

62
Қауіпсіздік кеңесі Әзербайжан мен Арменияны келіссөздерге оралуға шақырды. Алайда, Ильхам Алиев Арменияның Қарабақ келіссөзіндегі талаптарын қолайсыз деп атады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таулы Қарабақтағы қақтығыс аймағында ауқымды соғыс қимылдары туралы хабарламаларға алаңдаушылық білдіреді, делінген Қауіпсіздік кеңесінің талқылау қорытындысының тұжырымдамасында.

"Олар (Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері – Sputnik) күш қолдануды қатаң түрде айыптап, адам өліміне өкінетіндіктерін білдірді", – деді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Абду Абарри.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Армения мен Әзербайжанды атысты дереу тоқтатуға және алдын-ала шартсыз мәнді келіссөздерді бастауға шақырды. Сондай-ақ, ЕҚЫҰ Минск тобы тең төрағаларының орталық рөліне толық қолдау білдірді.

Әзербайжан президенті "қолайсыз" шарттар туралы айтты

Баку Ереванның Қарабақ бойынша келіссөзде қолайсыз талаптарды алға тартып отырғанын мәлімдеді.

"Армения қолайсыз талаптар қою арқылы келіссөз процесін әдейі бұзады", – деді Әлиев "Россия 1" арнасының эфирінде.

Таулы Қарабақтағы қақтығыстың шиеленісуі

Әзербайжан қорғаныс министрлігі 27 қыркүйекте Армения қарулы күштері шектесу сызығындағы елді мекендерге оқ атқанын хабарлады. Оның салдары азаматтық және әскери шығындарға ұшыратқан. Ал Армения қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Әзербайжан тарапынан Қарабаққа әуе және ракеталық шабуылдар жасалған.

Оқи отырыңыз: Таулы Қарабақтағы қақтығыс: Әзербайжан мен Армения келісімге келе ала ма?

62
Кілт сөздер:
БҰҰ, Әзербайжан, Армения
Тақырып бойынша
Армения ер адамдардың елден кетуіне тыйым салып, Әзербайжанда интернет шектелді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті граната алып жүрген Әзербайжан азаматтарын ұстады
Әзербайжан Қазақстанға нота жіберді
Апатқа ұшыраған "Армения" кемесі: адам өлімі "Титаниктен" алты есе асып түседі
Әзербайжан Армения әскерінде қаза тапқандар мен жараланғандар 550-ден асқанын мәлімдеді
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

0
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

0
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті