Гуманитарлық көмек

Коронавирус салдары қандай болады - мамандар болжам жасады

3799
(Жаңартылды 10:36 22.04.2020)
Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілі коронавирус пандемиясынан кейін әлемде аштық пандемиясы болуы мүмкін деп болжайды

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Дэвид Бисли әлем бойынша 130 миллионға жуық адам коронавирустық пандемияның салдарынан өлімге ұшырауы мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Оның айтуынша, коронавирус пандемиясынан кейін аштық пандемиясы болуы мүмкін.

"Егер сіз қазір әрекет жасамасаңыз... бірнеше айдан кейін біз шынымен інжілдік ауқымда ашаршылыққа тап болуымыз мүмкін екенін ескертемін", – деді Бисли БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысында.

Ол қақтығыс аймақтарында өмір сүретін миллиондаған бейбіт тұрғын, әйелдер мен балалар аштық алдында тұрғанын айтады. Ал әлем бойынша күн сайын 821 миллион адам аш қалып жатыр.

Оқи отырыңыз: Тоқаев: Коронавирус індеті – адамзатқа төнген аса қауіпті қатер

"Қазіргі кезде жер шарында 135 миллион адам аштыққа ұшырауда. Ал Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы 2020 жылдың соңына дейін коронавирус зардабын қоса есептегенде, тағы 130 миллион адам аштықтың зардабын тартуы мүмкін деп болжайды. Бұл барлығы 265 миллион адам", – деді бағдарламаның атқарушы директоры.

Осылайша, Бисли COVID-19 індетіне қарағанда коронавирустың экономикалық салдарынан көп адамның өмір сүру қаупі жоғары екенін айтып отыр.

3799
Кілт сөздер:
БҰҰ, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1078)
Тақырып бойынша
Қытайдағы жаңа коронавирус: әлемге эпидемия қаупі төніп тұр - видео
Ғалымдар: адамзатқа жаңа жаһандық індет қауіп төндіріп тұр
Тоқаев ашаршылық туралы: орыс халқының еш қатысы жоқ
"Үйімде жүргендеймін": Димаш Құдайбергенді БҰҰ-ға шақырды
Танкер, архивтегі фото

Жаңа танкерге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі беріледі

117
Жаңа танкердің құрылысы басталды. Мұндай сыйлық Қазақстанның тұңғыш президентінің 80 жылдығына орай жасалды

НҰР-СҰЛТАН, 6  шілде – Sputnik. Ресейлік "Звезда" кеме жасау зауытында жаңа танкердің құрылысы басталды. Оған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі беріледі.

"Роснефть" компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, "Звезда" кеме жасау зауыты "Афрамакс" үлгісінде жаңа танкердің құрылысын бастап кетті. Дәл осы танкерге Нұрсұлтан Назарбаевтың аты жазылады.   

"Звезда" кеме жасау кешенінде "Афрамакс" үлгісіндегі танкердің құрылысы басталды. Кемеге Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі беріліп отыр", - делінген ресми хабарламада.

Бүгінде кәсіпорында бес танкердің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осы сериядағы алғашқы кеме 2020 жылы мамыр айында суға түсірілген болатын. Қазіргі кезде танкер сынақтан өтіп жатыр. 

"Афрамакс" үлгісіндегі танкердің дедвейті – 114 мың тонна. Кеменің ұзындығы  – 250 метр, ені – 44 метр. Онымен мұнай тасиды. Осы санаттағы кемелер Ресейде алғаш рет құрастырылып отыр.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Назарбаевты қалай құттықтады – фото 

117
Кілт сөздер:
кеме, Назарбаев
Тақырып бойынша
14 облыста көшеге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілуі мүмкін
Қостанайдағы басты көшелердің біріне Назарбаевтың есімі берілді
Назарбаевтың жиендері туралы қызықты деректер
Нұрсұлтан Назарбаев Астана атауын өзгерту туралы не айтты?
"Бәйтерекке" Назарбаевтың есімі қашан беріледі?
Зертхана, архивтегі фото

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ресейлік вакцинаға қызығушылық танытты

78
(Жаңартылды 19:57 06.07.2020)
Қазір коронавирусқа қарсы препарат – авифавир сынақтан өткізіліп жатыр. Дәріге екі немесе үш рет тест жасалуы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 6  шілде – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцинаға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы ұйымның бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан мәлім етті.

"Біз авифавирге (коронавирусқа қарсы препарат – редакция) сынақ жүргізіліп жатқанын білеміз. Дәріге екі немесе үш рет тест жасалуы тиіс. Нәтижесін күтіп отырмыз. Бұдан бөлек, біз ресейлік вакцинадан да нәтиже шығады деп сенеміз", - деді Сваминатан РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.

Осы орайда Сваминатан Ресей ғалымдарының Вакцина жасаушыларға арналған ынтымақтастық тестері саласында серіктестік жасауға келісетініне сенім білдірді.

Қазіргі кезде Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция мен АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен өткізілетін Коронавирусқа қарсы медициналық препараттардың ынтымақтастық тестеріне қатыспайды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі

Айта кетейік, бүгінде Ресей Федерациясында COVID-19-ға қарсы бірнеше вакцина әзірленіп жатыр. "Вектор" орталығында жасалған вакцинаның үш прототипі сынақтан сәтті өтті. Бұдан бөлек, қорғаныс министрлігі мен Гамалеи атындағы ғылыми-зерттеу орталығы әзірлеген вакцина тестілеуден өтіп жатыр.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы үш препаратты сынақтан өткізуді тоқтатқан болатын.

78
Кілт сөздер:
Ресей, екпе, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1078)
Тақырып бойынша
"Назарбаевтың қанынан вакцина жасайды": министрлік түсініктеме берді
Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығарылады
ДДҰ Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын айтты
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина адамдарға сыналуы мүмкін
Ресейде еріктілерге коронавирусқа қарсы вакцина салынды
Зертхана қызметкері, архивтегі фото

Мәскеу дәрігерлері коронавируспен күресу үшін Қазақстанға келе жатыр

149
Топ құрамында Мәскеудің жетекші ауруханаларының 22 медициналық қызметкері бар, олар коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп, бай тәжірибе жинақтаған

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Тәжірибелі мәскеулік дәрігерлер тобы Қазақстанға ұшып шықты. Дәрігерлер қазақстандық әріптестеріне көмектесуге дайын.

"22 дәрігерден құралған бригада COVID-19 науқастарын емдеуде жергілікті мамандарға көмек көрсету үшін Қазақстанға аттанды. Мультидисциплинарлы медициналық топты Мәскеу денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары, нейрохирург Алексей Токарев және Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің хирургия жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің басшысы Руслан Маер басқарады", - делінген Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің хабарламасында.

Бұл Мәскеу денсаулық сақтау департаменті дәрігерлерінің коронавируспен күресуге көмектесу мақсатындағы алғашқы мемлекетаралық медициналық сапары.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі 

Топ құрамына пульмонолог, кардиолог, эпидемиолог, КТ рентгенологы, жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар, анестезиолог-реаниматологтар, КТ рентгенолог дәрігер және коронавируспен ауырған науқастарды емдеуде бай тәжірибесі бар басқа да мамандар кірген. Бұл мәскеулік жетекші ауруханалардың дәрігерлері.

"Мәскеулік мамандар жергілікті ауруханалардың дәрігерлеріне консультативті-диагностикалық көмек көрсетеді. Бригада COVID ауруханаларына барады, клиникаларды қайта бейіндеуге көмектеседі, пациенттерге қарайды және әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер үшін оқу семинарларын өткізеді", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, таяуда Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, оның барысында Ресей Қазақстанға жұқпалы аурулар ауруханалары мен вирусологиялық зертханалар мамандарын жіберуге дайын екендігі белгілі болды.  

149
Кілт сөздер:
дәрігерлер, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1078)
Тақырып бойынша
Грузиядан Қазақстанға гуманитарлық көмек келді
5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады
COVID-19: министр қандай дәрілер көмектеспейтінін айтты
Қазақстанда өткен тәулікте 1 403 адамнан коронавирус табылды
Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?