Оңтүстік Корея

Корея тұрғындары ерлік жасаған қазақ жігітін мемлекеттік марапатқа ұсынды

6037
Қазақстан азаматы ерлігі жайлы да, өрт кезінде денесін күйік шалғаны туралы да туыстарына тіс жармапты

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Оңтүстік Кореяда өрт кезінде он адамды құтқарып қалған Әли есімді қазақ жігіті мемлекеттік наградамен марапатталуы мүмкін. Тұрғындар президенттің атына хат жазған, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Оқиға биыл 23 наурызда Ян Ян қалашығында болды. Түнгі сағат он бір шамасында отандасымыз түтін иісін сезген. Сөйтсе, көрші пәтерлердің бірінде өрт шығыпты.

Әли көмек сұрап айғайлаған әйелдің даусын естіген, бірақ пәтердің есігін аша алмаған. Отандасымыз пәтерге газ құбыры мен телекабельмен өрмелеп шығып, ішіне кірген. Өкінішке қарай, өрт шыққан пәтерде болған әйел кейіннен ауруханада көз жұмды. Әли өзге көршілерін оятып үлгерген. Соның арқасында олар дер кезінде сыртқа шығып, аман қалды.

Қазақстандық жігіт ерлігі жайлы да, өрт кезінде денесін күйік шалғаны туралы да туыстарына тіс жармапты. Медициналық көмектен де бас тартқан.

Тағы оқыңыз: Оңтүстік Кореяда аты-жөнін ұмытқан қазақстандықтың туыстары табылды

Алайда көршілері бой бермей, оны ауруханаға жеткізіп, емге кететін шығынды өздері төлеген. 

"Кеше газетте, интернетте, фейсбукте шыққаннан кейін үйдегілер көріп, анам жылап жіберді. Ол білмейтін еді. Көрді. Қолым, құлағым, мойным дәкемен оралған. Жұмыста ондай-ондай болады, құлап түстім дедім", - дейді Әли.

Әлидің көршілері Оңтүстік Корея президентінің атына хат жазып, қазақ жігітін марапатқа ұсынған.

"Әли мамырда отанына оралуы керек. Алайда мен президенттің атына хат жаздым. Әділет министрлігіне де оның ерлігі жайлы жазылған мақалалар ұсындық. Соның арқасында оның елімізде жүріп-тұру уақыты ұзартылды. Алайда қандай мерзімге ұзартылғаны әзірге белгісіз. Меніңше, Әлиге тек виза ғана  емес, Оңтүстік Кореяда тұруға ықтиярхат та берілуі керек", - дейді Ян Ян уезінің тұрғыны Чан Сон Ок.

Әли Оңтүстік Кореяның Ян Ян шипажайлы қалашығына отбасымен бірге 2017 жылы жұмыс іздеп көшіп барған. Оған дейін Түркістан қаласында үй және көлік жөндеумен айналысқан екен.

Тағы оқыңыз: Кореяда сотталған қазақстандықтың жазасы өзгерді

Әлимен бірге келген жұбайы жүктілікке байланысты Қазақстанға оралған. Қазір Түркістанда алты жасар ұлы және бір жасар қызымен отағасын күтіп жүр.

Отандасымыз кішкентай қызын әлі көрмепті. Сондықтан 1 мамырда Қазақстанға ұшып келіп, отбасымен қауышуды жоспарлап отыр. Ал кейіннен Оңтүстік Кореяға қайтып бару жағын ойластыруда, деп хабарлайды телеарна.

6037
Кілт сөздер:
ерлік, марапат, Оңтүстік Корея
Тақырып бойынша
Оңтүстік Кореяда коронавирусқа байланысты қауіптің қызыл деңгейі енгізілді
Оңтүстік Кореяда 28 жастағы қазақстандық әйел өлі табылды
Кореяда "коронавирус жұқтырған" қазақстандықпен байланыс орнатылды - министрлік
Аты-жөнін ұмытты: жетісайлық қыз Кореяда қиын жағдайға тап болды
Қасым-Жомарт Тоқаев

Сыртқы істер министрі Тоқаев қандай тапсырма бергенін айтты

1238
(Жаңартылды 12:03 05.08.2020)
Қазіргі кезде Ливанда консулдық тіркеуде 113 Қазақстан азаматы тұр. Бітімгерлік миссияны орындау үшін барған 120 қазақстандық әскери бар

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан астанасындағы жарылыстан кейін қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл туралы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде Ливанда консулдық тіркеуде 113 Қазақстан азаматы тұр.   

"Біздің дипломаттарымыз олармен байланыста. Жарақат алғандар жоқ. Дипломатиялық миссияның кеңсесіне зақым келді. Бірақ оның бәрін қалпына келтіреді. Біздің қызметкерлеріміз және олардың отбасы мүшелері зардап шеккен жоқ", - дейді Тілеуберді. 

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Ливан аумағында 120 қазақстандық әскери бар. Олар бітімгерлік миссияны орындау үшін барған. 

"Олар бір күн бұрын орналасатын жерлеріне жетті. Барлығы аман-есен. Қазіргі кезде олардың ротациясы жүріп жатыр", - деп атап көрсетті Тілеуберді.

Бейрут қаласындағы жарылыс

4 тамыз күні Ливанның астанасында жергілікті уақытпен сағат 18:00 кезінде теңіз порт базасында бірнеше жарылыс болды. Жақын маңдағы және бірнеше шақырым қашықтықтағы үйлер, ғимараттар қирады.

Ливандық БАҚ жүздеген адам зардап шегіп, ондаған тұрғын қайтыс болғанын айтты.

Жарылыс пиротехника қоймасында болуы мүмкін деген болжам жасалды. Алайда Ливан қауіпсіздік қызметінің басшысы генерал Аббас Ибрагим мұны жоққа шығарып, жарылғыш заттар орнатылғанын мәлімдеп отыр.

Жарылыс толқыны салдарынан Ливандағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының ғимаратына зақым келді. Ол кезде жұмыс аяқталды. Сондықтан дипломатиялық миссия қызметкерлері кеңседе болмады. Бірақ жұмыста қалған Қазақстанның Ливандағы консулы Бағлан Сыпабек жарылыс болған кезде жарақат алды.

 

1238
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, сыртқы істер министрлігі
Тақырып бойынша
Ақсайда тазартқыш ғимаратта жарылыс болып, бөлімше бастығы көз жұмды
Бейруттегі жойқын жарылыс: Қазақстан консулы жараланды
Қаралы күн: Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айтты
Қазақстандықтарды дүрліктірген оқиға: Тоқаев тапсырма берді
Тоқаев: үкімет карантин режимін сақтау шараларын күшейтуге міндетті
Өткізу бекеті

Қазақстан Ресеймен шекарада неге шектеу енгізді?

102
(Жаңартылды 10:30 05.08.2020)
Шекаралас аймақтардағы эпизоотиялық жағдай облыстардың ветеринарлық қызметінің ерекше бақылауына алынды

АЛМАТЫ, 5 тамыз– Sputnik. Қазақстан Челябі облысында құс тұмауы ошағының анықталуына байланысты Ресеймен шекараға шектеулер енгізді.

"Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті 2020 жылдың 4 тамызынан бастап Челябі облысынан термиялық өңдеуден өтпеген құстарға арналған жемшөп қоспалары, таксидермиялық өңдеуден өтпеген ауланған олжа, сонымен қатар құстарды ұстауға, союға және кесуге қолданылатын құрал-жабдықтар әкелуге және тасымалдауға уақытша шектеулер енгізді", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар шекаралас аймақтардағы эпизоотиялық жағдай облыстардың ветеринарлық қызметінің ерекше бақылауына алынды.

Айта кетейік, 2020 жылдың 3-4 тамызында ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау бойынша федералды қызметтің Челябідегі басқармасы аймақта анықталған құс тұмауы вирусының генетикалық белгілері туралы ақпарат таратты. Құс өлекселерінен алынған барлық сынамаларда H5N8 тұмауы вирусының кіші түрі анықталды.

Құстың барлық түрлі тұмауды тез қабылдайтыны белгілі. Бұл жылдам жұғатын әрі лезде тарайтын вирустық ауру. Соған байланысты құс тұмауының жаппай таралып кету қаупі бар.

H5N8 адамдар үшін төмен патогенді деп саналғанымен, ғалымдардың пікірінше, ол тез өзгеріске ұшырап, тұмаудың басқа түрімен ауырған жағдайда өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: ҰҚК шекарада болған жағдайға қатысты түсініктеме берді

 

102
Кілт сөздер:
құс, тұмау, Ресей, Қазақстан
Архивтегі фото

Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

0
Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның екеуі қайтыс болды. Қалғаны ауруханадан шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында Ордабасы аудандық орталық ауруханасының коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға арналған инфекциялық бөлімі қазір бос тұр. Мұнда емделген соңғы науқас ауруынан толық сауығып шыққан.

"Парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев бастаған республикалық "Қоғамдық бақылау" өкілдері аудандық ауруханада болып, жағымды жаңалыққа куә болды", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның ішінде 2 азамат қайтыс болды. Емделушілер толық жазылып шыққан. Пневмония ауруы да азайып, провизорлық госпитальдың төсек-орын саны 40 орынға қысқарған. Қазір аталған індетпен 21 науқас ем қабылдап жатыр.

Оқи отырыңыз: Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты 

Аудандық аурухана 9 жасанды тыныс алдыру аппараты және 70-тен астам оттегімен қамту жабдығымен қамтамасыз етілген. Жеке оттегі жеткізу орталығы орнатылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бір ай бұрын құрылған 17 мобильді топ мыңға жуық науқасқа үйлеріне барып, ем көрсеткен.

"Қоғамдық бақылау" өкілдері аурухананың инфекциялық және провизорлық бөлімдерін аралап, жедел-жәрдем көлігімен және зертхана жағдайымен танысып шықты.  

0
Кілт сөздер:
Ордабасы ауданы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Маска тақпағандарға 79 мың теңге айыппұл салынады
Қазақстанда коронавирустан қанша адам қайтыс болғаны айтылды
Билік коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын жасырып отыр ма?
Денсаулық сақтау министрі бетперде тағуға қатысты соңғы өзгерісті жариялады
Ақорда бірнеше қылмыстық істің қозғалғаны туралы ақпарат таратты