Науқас адамның жасушасындағы коронавирус бөлшектерінің микрофотосы

Ғалымдар коронавирустан қорғанудың жолын тапты

6280
(Жаңартылды 16:10 01.05.2020)
Коронавирус адам ағзасында өту үшін арнайы ақуызды пайдаланады. Осындай жолмен ауру жасушаларды "жаулап алады"

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Ғалымдар SARS-CoV-2 вирусын бұғаттайтын антиденелерді тапты, деп хабарлады РИА Новости.

Ғылыми зерттеуге сәйкес, түйе тұқымдас жануар - таутайлақта болатын антиденелер COVID-19 індетін қоздыратын SARS-CoV-2 вирусын бұғаттай алады. Коронавирус адам ағзасында өту үшін арнайы ақуызды пайдаланады. Осындай жолмен ауру жасушаларды "жаулап алады". Ғалымдар осы процесті бұғаттайтын әдісті іздеді.

Олар таутайлақтың ағзасындағы антидененің екі түрін қосып, коронавирустың таралуын тоқтататын антиденені шығарды

"Бұл - SARS-CoV-2 вирусын бұғаттайтын алғашқы антиденелердің бірі", - дейді Техас университетінің доценті, биолог Джейсон Маклеллан.

Сынақ кезінде ғалымдар таутайлақтан алынған антиденелерді адам ағзасына екпе арқылы енгізу керектігін анықтады. Оны індетті жұқтырудан бір ай бұрын жасаса, осы әдістің тиімділігі артады. Сондай-ақ, антиденелерді вирусты жұқтырған адамдардың жағдайын жақсарту үшін пайдалануға да болады.

Тағы оқыңыз: Дәрігер індет кезінде қандай азық-түліктен бас тарту қажет екенін айтып берді

Айта кеткен жөн, осы зерттеу 2016 жылы басталған болатын. Ғалымдар коронавирустың жаңа түрі - SARS-CoV-2-ге жақын SARS-CoV-1 және MERS-CoV вирустарына қарсы дәрі іздеген. Олардың айтуынша, таутайлақтан алынған антиденелерді зейнеткерлер мен созылмалы ауруы бар адамдарды қорғау үшін пайдалануға болады.

6280
Кілт сөздер:
адам ағзасы, коронавирус, ғалымдар
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1078)
Тақырып бойынша
"Бұл вирус бізбен ұзақ уақыт болады": ДДҰ басшысы мәлімдеме жасады 
Бас санитар дәрігер: мамырдың соңына дейін 5 300 адам COVID-19 жұқтыруы мүмкін
Дәрігер темекі шегетіндер үшін коронавирус қаншалықты қауіпті екенін айтты
Науқастардың 90%-і коронавирус анықталғандармен байланыста болған – Бекшин
Бекшин сұлулық салондарының не себепті ашылмайтынын түсіндірді
Танкер, архивтегі фото

Жаңа танкерге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі беріледі

109
Жаңа танкердің құрылысы басталды. Мұндай сыйлық Қазақстанның тұңғыш президентінің 80 жылдығына орай жасалды

НҰР-СҰЛТАН, 6  шілде – Sputnik. Ресейлік "Звезда" кеме жасау зауытында жаңа танкердің құрылысы басталды. Оған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі беріледі.

"Роснефть" компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, "Звезда" кеме жасау зауыты "Афрамакс" үлгісінде жаңа танкердің құрылысын бастап кетті. Дәл осы танкерге Нұрсұлтан Назарбаевтың аты жазылады.   

"Звезда" кеме жасау кешенінде "Афрамакс" үлгісіндегі танкердің құрылысы басталды. Кемеге Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі беріліп отыр", - делінген ресми хабарламада.

Бүгінде кәсіпорында бес танкердің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осы сериядағы алғашқы кеме 2020 жылы мамыр айында суға түсірілген болатын. Қазіргі кезде танкер сынақтан өтіп жатыр. 

"Афрамакс" үлгісіндегі танкердің дедвейті – 114 мың тонна. Кеменің ұзындығы  – 250 метр, ені – 44 метр. Онымен мұнай тасиды. Осы санаттағы кемелер Ресейде алғаш рет құрастырылып отыр.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Назарбаевты қалай құттықтады – фото 

109
Кілт сөздер:
кеме, Назарбаев
Тақырып бойынша
14 облыста көшеге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілуі мүмкін
Қостанайдағы басты көшелердің біріне Назарбаевтың есімі берілді
Назарбаевтың жиендері туралы қызықты деректер
Нұрсұлтан Назарбаев Астана атауын өзгерту туралы не айтты?
"Бәйтерекке" Назарбаевтың есімі қашан беріледі?
Зертхана, архивтегі фото

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ресейлік вакцинаға қызығушылық танытты

77
(Жаңартылды 19:57 06.07.2020)
Қазір коронавирусқа қарсы препарат – авифавир сынақтан өткізіліп жатыр. Дәріге екі немесе үш рет тест жасалуы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 6  шілде – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцинаға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы ұйымның бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан мәлім етті.

"Біз авифавирге (коронавирусқа қарсы препарат – редакция) сынақ жүргізіліп жатқанын білеміз. Дәріге екі немесе үш рет тест жасалуы тиіс. Нәтижесін күтіп отырмыз. Бұдан бөлек, біз ресейлік вакцинадан да нәтиже шығады деп сенеміз", - деді Сваминатан РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.

Осы орайда Сваминатан Ресей ғалымдарының Вакцина жасаушыларға арналған ынтымақтастық тестері саласында серіктестік жасауға келісетініне сенім білдірді.

Қазіргі кезде Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция мен АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен өткізілетін Коронавирусқа қарсы медициналық препараттардың ынтымақтастық тестеріне қатыспайды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі

Айта кетейік, бүгінде Ресей Федерациясында COVID-19-ға қарсы бірнеше вакцина әзірленіп жатыр. "Вектор" орталығында жасалған вакцинаның үш прототипі сынақтан сәтті өтті. Бұдан бөлек, қорғаныс министрлігі мен Гамалеи атындағы ғылыми-зерттеу орталығы әзірлеген вакцина тестілеуден өтіп жатыр.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы үш препаратты сынақтан өткізуді тоқтатқан болатын.

77
Кілт сөздер:
Ресей, екпе, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1078)
Тақырып бойынша
"Назарбаевтың қанынан вакцина жасайды": министрлік түсініктеме берді
Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығарылады
ДДҰ Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын айтты
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина адамдарға сыналуы мүмкін
Ресейде еріктілерге коронавирусқа қарсы вакцина салынды
Зертхана қызметкері, архивтегі фото

Мәскеу дәрігерлері коронавируспен күресу үшін Қазақстанға келе жатыр

143
Топ құрамында Мәскеудің жетекші ауруханаларының 22 медициналық қызметкері бар, олар коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп, бай тәжірибе жинақтаған

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Тәжірибелі мәскеулік дәрігерлер тобы Қазақстанға ұшып шықты. Дәрігерлер қазақстандық әріптестеріне көмектесуге дайын.

"22 дәрігерден құралған бригада COVID-19 науқастарын емдеуде жергілікті мамандарға көмек көрсету үшін Қазақстанға аттанды. Мультидисциплинарлы медициналық топты Мәскеу денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары, нейрохирург Алексей Токарев және Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің хирургия жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің басшысы Руслан Маер басқарады", - делінген Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің хабарламасында.

Бұл Мәскеу денсаулық сақтау департаменті дәрігерлерінің коронавируспен күресуге көмектесу мақсатындағы алғашқы мемлекетаралық медициналық сапары.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі 

Топ құрамына пульмонолог, кардиолог, эпидемиолог, КТ рентгенологы, жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар, анестезиолог-реаниматологтар, КТ рентгенолог дәрігер және коронавируспен ауырған науқастарды емдеуде бай тәжірибесі бар басқа да мамандар кірген. Бұл мәскеулік жетекші ауруханалардың дәрігерлері.

"Мәскеулік мамандар жергілікті ауруханалардың дәрігерлеріне консультативті-диагностикалық көмек көрсетеді. Бригада COVID ауруханаларына барады, клиникаларды қайта бейіндеуге көмектеседі, пациенттерге қарайды және әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер үшін оқу семинарларын өткізеді", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, таяуда Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, оның барысында Ресей Қазақстанға жұқпалы аурулар ауруханалары мен вирусологиялық зертханалар мамандарын жіберуге дайын екендігі белгілі болды.  

143
Кілт сөздер:
дәрігерлер, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1078)
Тақырып бойынша
Грузиядан Қазақстанға гуманитарлық көмек келді
5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады
COVID-19: министр қандай дәрілер көмектеспейтінін айтты
Қазақстанда өткен тәулікте 1 403 адамнан коронавирус табылды
Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?