Әлем

АҚШ-та Қазақстаннан көшіп барған жасөспірімді тапа-тал түсте өлтіріп кетті

© AP Photo / John RaouxАтыс орны
Атыс орны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тонаушылар Қазақстан тумасына оқ атқан, қылмыс күндізгі уақытта куәгерлердің көзінше жасалды, тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Американың Шарлотт қаласында тапа-тал түсте 15 жастағы Қазақстан тумасын атып кетті.

Бұл туралы жергілікті Charlotte Observer басылымы хабарлайды.

Жасөспірім туған күніне бір ай қалғанда көз жұмған. Роман АҚШ-та BMW автокөліктерін сатып алып, оларды жөндеп, кейін жоғары бағаға сатумен айналысқан.

Осы жолы ол соңғы уақытта өзі жөндеген төртінші көлігін сатпақшы болған. Жасөспірім көлік сатып алушылармен кездесуге анасымен бірге барған.

Тағы оқыңыз: Оңтүстік Кореяда 28 жастағы қазақстандық әйел өлі табылды

Алайда оларға қаруланған тонаушылар шабуыл жасады. Романға оқ тиіп, кейін ол ауруханада көз жұмды.

Полиция адам өлтірді деген күдікпен 18 жастағы жігітті ұстады, тергеу жүріп жатыр.

Басылымның ақпаратынша, Романның отбасы АҚШ-қа 2014 жылы Семейден көшіп барған. Жасөспірім үйдегі төрт баланың үлкені екен.

Жергілікті тұрғындар жерлеу рәсімі үшін 41 мың доллардан астам қаржы жинап берді.

Жаңалықтар
0