Әлем

Испанияда халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық ұсталды

© PhotoКісен, архивтегі сурет
Кісен, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болып, алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Қазақстан азаматын экстрадициялау туралы шешімді Испанияның ұлттық соты қабылдауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Испанияның ұлттық полициясы алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған Қазақстан азаматын ұстады.

"Жұма, 2020 жылы 29 мамырда ұлттық полиция қызметкерлері Барселонада Қазақстан азаматын қамауға алды. Оған қылмыстық топта болғаны және ақша жылыстатумен байланысты қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған еді", - делінген испаниялық полицияның хабарламасында.

Бұл оқиғалар 2014-2018 жылдар арасында болды. Қылмыстық топқа мүше болған ол түрлі компаниялар арқылы қарыз алу, салықтан жалтару және басқа заңсыз операциялар жүргізу есебінен Қазақстанның мемлекеттік бюджетінен 191 миллион еуродан астам ақша жылыстатты.

Тағы оқыңыз: Халықты алдаған ломбард құрылтайшысы Қазақстанға экстрадицияланды

Ұйымдасқан қылмыстық топ ойын бизнесімен айналысқан екі компания құрып, тіркеп, соларды пайдаланған.

"Бұл компаниялардың әрқайсысы келтірген шығын тиісінше 80 821 167 еуро және 110 181 556 еуроны құрады", - деп нақтылады Испанияның құқық қорғау органдары.

Қазақстандықты экстрадициялау туралы шешімді Испанияның ұлттық соты қабылдауы тиіс.

Жаңалықтар
0