Портфель

Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны АҚШ қаласының мэрі атанды

1164
(Жаңартылды 16:19 10.06.2020)
2014 жылы Боченски Қазақстан азаматтығын қабылдады, 2016 жылы Ресейде хоккейден өткен әлем чемпионатында ұлттық команданың құрамында ойнады

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны, "Барыстың" экс-шабуылшысы Брэндон Боченски Гранд-Форкс қаласының мэрі атанды.

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

Гранд-Форкс АҚШ-тың Солтүстік Дакота штатында орналасқан. Халқының саны 2009 жылғы санақ бойынша 51 216 адамды құрайды.

Боченски кәсіби мансабы басталғанға дейін Солтүстік Дакота университетінің командасында ойнаған.

"Бес ай бойы жұмысқа жүз пайыз беріліп, бар күш-жігеріңді салсаң, әрине, нәтижесін ойлап алаңдайсың.  Қала өзгерістерге дайын деп ойлаймын. Біз үшін ең бастысы қаланы жақсы жағына қарай өзгерту", деп келтіреді Боченскидің сөзін Grand Forks Herald.

Тағы оқыңыз: Карьерасын аяқтаған танымал қазақстандық спортшылар қазір қайда жүр?

Боченски — АҚШ тумасы, "Оттава", "Чикаго", "Бостон", "Анахайм", "Нэшвилл" және "Тампа Бэй"  командалары үшін Ұлттық хоккей лигасында ойнаған.

2010 жылы америкалық "Барыс" командасына ауысты, оның құрамында 2010-2017 және 2018-2019 жылдар аралығында бақ сынады.  

2014 жылы Боченски Қазақстан азаматтығын қабылдады, 2016 жылы Ресейде хоккейден өткен әлем чемпионатында ұлттық команда құрамында ойнады. "Барыс" пен Қазақстан құрамасының капитаны болды.

1164
Кілт сөздер:
АҚШ, "Барыс" хоккей клубы, хоккей
Ет, архивтегі сурет

Үстел үстінде "тіріліп кеткен" ет жұрттың зәресін ұшырды видео

1311
(Жаңартылды 17:12 09.08.2020)
Видео Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшада жарияланды. Болған жағдайдан соң әйел тамақ дайындауын тоқтатып, етті тоңазытқышқа қайта салып қойды

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз — Sputnik. Twitter қолданушылары тамақ дайындап жатқанда дірілдей бастаған еттің видеосын көріп шошыды.

Видеоны желіге малайзиялық қолданушы жүктеген. Бойжеткен анасы тамақ әзірлей бастағанда, тақтайда ет дірілдеп кеткенін айтқан. Олар шошып, етті қайта тоңазытқышқа салды.

Көптеген адам видео расымен де қорқынышты екенін жазып жатыр. Ал енді бірі шикі етте біраз уақыт бойы жүйке ұштары жұмыс істеп түруі мүмкін екенін айтуда.

​Видеоны 1 миллионнан астам адам тамашалап, 15 мыңға жуық пікір қалдырған.

1311
Кілт сөздер:
желі, видео, жұрт, ет
Тақырып бойынша
Жас жұбайлар суретке түсіп жатқанда болған жағдайдың видеосы тарады
Жүздеген адам жиылды - Ақтауда болған жағдайдың видеосы тарап кетті
"Малды дәрімен семіртеді" - отандық ғалым ет жемеуге кеңес берді
Парамен ұсталған шенеунік өзенге секіріп кетті - видео
Әлеуметтік желіде зираттардың видеосы қызу талқыға түсті
Қорғаныш киімін киген дәрігер

Дәрігер Қытайда анықталған жаңа вирустың таралуына қатысты пікір білдірді

643
(Жаңартылды 12:32 09.08.2020)
Қытайда анықталған SFTS вирусын 60-тан астам адам жұқтырып, оның жетеуі қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Дәрігер-вирусолог Евгения Тарасова "Вечерная Москва" басылымына берген сұхбатында тромбоцитопениялық синдроммен байланысты безгектің таралу ықтималдығын болжады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін Қытайда SFTS вирусын 60-тан астам адам жұқтырып, оның жетеуі қайтыс болғаны хабарлаған.

Оқи отырыңыз: Адам өміріне аса қауіпті: кене шаққанда не істеу керек?

Аталған инфекцияның қоздырғышы кене болып табылады. Ал адамдар арасында қан немесе шырышты қабық арқылы жұғады.

Ауру белгісі ретінде науқаста жөтел пайда болып, қызба және лейкоциттер мен тромбоциттер деңгейінің төмендеуі байқалады.

"Инфекция ошақтары бір ғана елдің ішінде болғандықтан, бұл вирустың таралуы екіталай", – деп түсіндірді Тарасова.

Виролог қолданыстағы карантиндік шаралар мен шекаралардың жабық болуы инфекцияның Қытай аумағынан тыс жерге таралу ықтималдығын төмендетеді, деп атап өтті.

643
Кілт сөздер:
Қытай, вирус
Тақырып бойынша
WhatsApp-тан хабарлама ұрлайтын жаңа вирус анықталды
Ғалымдар коронавирусты емдейтін жаңа қондырғы ойлап тапты
Қытайда тағы бір жаңа вирус шықты
Қытайда соңы өлімге әкелетін жаңа вирус тарала бастады
Оңтүстік Қазақстанда кене шаққан әйел мен бала көз жұмды