Әлем

Ғалымдар қандай қан тобындағы адамдар коронавирустан жиі көз жұматынын анықтады

© AFP 2024 / ERIKA SANTELICESДәрігер коронавирус анализі үшін қан алып жатыр
Дәрігер коронавирус анализі үшін қан алып жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымдардың зерттеуі бойынша үшінші және төртінші қан тобына ие пациенттер екінші топтағыларға қарағанда сирек көз жұмады

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Иран ғалымдары қаны екінші топқа жататын науқастардың басқаларға қарағанда коронавирустан жиі қайтыс болатынын анықтады.

Мамандардың зерттеуі MedRxiv сайтында жарияланған.

Бұған дейін Қытай мен АҚШ ғалымдары да осындай тұжырым жасаған болатын.

Барлық үш жұмыстың авторлары екінші қан тобына ие адамдар дертінен айыға алмайтынын атап өткен. Үшінші және төртінші қан тобындағы пациенттер оларға қарағанда сирек көз жұмады. Ал вирусқа төтеп беретін ең берік қан тобы – бірінші, деп санайды ғалымдар.

Мамандардың пайымынша, қан тобының ауруға әсері қандай да бір асқынулармен байланысты емес.

Тағы оқыңыз: COVID-2019: тест оң нәтиже көрсетсе, не істеу керек?

Бұған дейін Ресей федералды медициналық-биологиялық агенттігінің басшысы Вероника Скворцова екінші қан тобындағы адамдар вирусты жиі жұқтыратынын мәлімдеген еді. Ол мұны екінші қан тобының кең таралуымен түсіндірді.

Дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде 8,7 миллионнан аса адам коронавирус жұқтырды, 461 мыңнан астамы қайтыс болған.

Қазақстанда, соңғы деректер бойынша, 17 732 адамда коронавирус диагнозы расталды, 120 науқас көз жұмды.

Жаңалықтар
0