Қытай, Бейжің

Қытайда тағы бір жаңа вирус шықты

4264
Шошқа тұмауының жаңа вирусы жануарлардан адамға жұғады және пандемияға әкеліп соғуы мүмкін екені айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қытай тұмаудың жаңа штаммының таралуының алдын алуға бағытталған шараларды қолға алатынын хабарлады. Бұл туралы Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзян мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Қытай жағдайды мұқият бақылап отыр. Біз вирустың алдын алуға бағытталған шараларды қолға аламыз", - деді Чжао Лицзянь.

Бұған дейін қытай ғалымдары шошқа тұмауының G4 жаңа штаммын анықтады. Ол 2019 жылы эпидемияға себеп болған H1N1-мен генетикалық байланысты. 

Зерттеу Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланған.

Жаңа штаммның жануарлардан адамдарға жұғатыны және жаңа пандемияға себеп болуы мүмкін екені айтылды. Вирустың адамның адамға жұғатыны әлі дәлелденген жоқ. 

Зерттеу 2011-2018 жылдар аралығында Қытайдың 10 провинциясындағы шошқа өсіру фермалар мен ветеринарлық клиникаларда жүргізілген.

Тұрғындарды серологиялық зерттеудің арқасында ғалымдар шошқа өсіру фермалары қызметкерлерінің 10,4%-нде G4 EA H1N1 вирусына антиденелері бар екені анықталды. 338 қызметкердің 35-інде табылды.

Антиденелер 18-35 жас аралығындағы қызметкерлерде анықталды. 

4264
Кілт сөздер:
вирус, Қытай
Тақырып бойынша
"Бұл вирус бізбен ұзақ уақыт болады": ДДҰ басшысы мәлімдеме жасады 
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
"Көзге көрінбейтін дұшпан": Вирус жұқтырған шенеунік желіде жазба жариялады
Вирус жұқтырған кейбір адамдар неге ауруханаға жатқызылмайды - министр жауабы
Дәрігер Қазақстанда вирус жұқтырғандар неліктен көбейіп жатқанын айтты
Александр Лукашенко

Беларусьтегі президент сайлауының соңғы қорытындысы жарияланды

68
Александр Лукашенко 80,1% дауыс жинап, Беларусь президенті болып қайта сайланды. Алайда елде наразылық акциясының жалғасып жатқанына алты күн болды

АЛМАТЫ,14 тамыз – Sputnik. Беларусь елінің қазіргі президенті Александр Лукашенкоға республика халқының 80,1%-і дауыс берді, ал Светлана Тихановская 10,12% дауыс жинады, деп хабарлайды РИА Новости.

Осылайша, Лукашенко алтыншы рет мемлекет басшысы болып қайта сайланды.  

Президент сайлауы 9 тамызда өтті.

Светлана Тихановская орталық сайлау комиссиясына шағымданып, нәтижелерді мойындамайтынын айтты. Себебі біріккен штабтың жекелеген учаскелердегі дауыс беру нәтижелері туралы мәліметтер дауыс берушілердің жартысынан көбі Тихановскаяға дауыс бергенін көрсетті.

Оқи отырыңыз: Беларусьте президент сайлауынан кейін қақтығыс болды – видео

Беларусь еліндегі сайлау учаскелері жабылғаннан кейін жаппай наразылық басталды. Наразылық акциясының жалғасып жатқанына алты күн болды, оларды қауіпсіздік күштері басып жатыр.

Ресми мәлімет бойынша, тәртіпсіздіктер кезінде алты мыңға жуық адам ұсталды. Республиканың ІІМ жүздеген адамның зардап шеккенін, оның ішінде 103 құқық қорғау органдарының қызметкері бар екенін хабарлады.

68
Кілт сөздер:
президент сайлауы, Беларусь
Тақырып бойынша
Қақтығыс кезіндегі Минск қаласының видеосы жарияланды
Беларусь президенті Қазақстан премьерінен кешірім сұрады
Қазақстан ЕАЭО-да тауарларды еркін алып өту мәселесін шешуге шақырды  
Тоқаев Лукашенкоға жеделхат жолдады
Мамин Минскіде Беларусь президентімен кездесті: не талқыланды
Тауық еті

Қытайда тауық етінен коронавирус анықталып жатыр

664
(Жаңартылды 09:41 14.08.2020)
Шілде айынан бері Қытайдың жеті қаласында мұздатылған теңіз өнімдерінің қаптамасында вирус пайда болғандығы туралы БАҚ-та жиі айтылуда

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының Шэньчжэне қаласында мұздатылған тауық етінен коронавирус анықталды, деп хабарлады globaltimes.cn сайты.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл өнім бейсенбі күні таңертең Бразилиядан жеткізілген.

"Ауруларды бақылау мен алдын-алудың жергілікті орталығы өнім үлгісінде вирустың бар-жоғын тексергенде нуклеин қышқылына тест оң нәтиже көрсеткен. Артынша, барлық қызметкерлер сынақтан өткізіліп, нәтижесі теріс шыққан", - делінген ақпаратта.

Бұл Оңтүстік Африка елдерінен, соның ішінде Эквадорда мұздатылып жеткізілген өнімдер орамасынан табылған алғашқы жағдай емес. Бұған дейін Қытайдың шығысындағы Аньхой мен Уху провинциясындағы мейрамханаларға Эквадордан әкелінген теңіз өнімдері мен асшаяндар пакетінен алынған сынамаларда коронавирусқа оң нәтиже көрсеткен. Сондай-ақ, Яньтае қаласында да импортталған теңіз өнімдерінің сыртқы қаптамасынан вирус анықталды.

Жалпы, шілде айының басынан бері Қытайдың жеті қаласында мұздатылған теңіз өнімдерінің қаптамасында вирус пайда болғандығы туралы БАҚ-та жиі айтылуда. Денсаулық сақтау саласының сарапшылары мұның себебін COVID-19 эпидемиясы көптеген елдерге әлі де ауыр әсер етуде деп түсіндіреді.

Оқи отырыңыз: Қытайда коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр

Айта кетейік, кейбір сарапшылар мұздатылған теңіз өнімдерін буып-түю процесі олардың ластану ықтималдығын тудыратынын және тағам әдетте төмен температурада сақталғандықтан, бұл вирусқа жақсы жағдай туғызуы мүмкін екендігін айтады.

664
Кілт сөздер:
індет, ет, Қытай
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаев Қытай төрағасы телефонмен сөйлескенде өзіне не дегенін айтты
Қазақстан-Қытай шекарасы неге жабылатыны белгілі болды
Қытай Қазақстандағы отандастарына алаңдап отыр
Маска, термометр және тест: Қытай Қазақстанға жүк жөнелтті
Министр "белгісіз пневмония" жайлы ақпарат таратқан Қытай елшісімен сөйлесті
Архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда басқарма басшысы 1 миллион теңгеге дейін пара алған видео

0
Елорда әкімдігінің лауазымды қызметкерлері заңды тұлғаларға құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға лицензияларды заңсыз берген

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елорда әкімдігінің лауазымды тұлғасын тергеуге алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, "Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы мен басқа да тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Олар 100 000 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы үшін заңды тұлғаларға құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға 1,2,3-санаттағы лицензияларды заңсыз бергені үшін айыпталып отыр", - дейді тергеушілер.

Ал Алматы облысы Кербұлақ ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы мен басқа да қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін тергеуге алынды.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясының лауазымды тұлғасы қылмыс үстінде қолға түсті – видео

"Олар 2019 жылдың шілде-тамыз айларында "Сарыөзек ауылының сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу" объектісі бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін 35 855 570 теңгені аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырды",- делінген ресми хабарламада.

0
Кілт сөздер:
видео, пара