Алтын бұйымдар

Ер адамның алтыннан жасалған маскасы жұртты таңғалдырды

1474
(Жаңартылды 15:11 05.07.2020)
Үндістан тұрғыны күміс бетперде киген адамды көрген соң, жергілікті зергерге алтын маскаға тапсырыс берген

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Үндістанда ер адам коронавирустан қорғану үшін 4 мың долларға алтын маска сатып алды. Бұл туралы РИА Новости басылымына Шанкар Кураденің өзі айтты.

Үндістандағы Махараштра штатының тұрғыны күміс бетперде киген адамды көрген соң, алтын маскаға тапсырыс берген.

"Сол сәтте алтын маска туралы ой келді. Мен өзім алтын бұйымдарды жақсы көремін. Неге алтын бетперде тақпасқа деп ойладым. Содан кейін жергілікті зергерге тапсырым бердім", - деді Кураде.

Ерекше қорғаныш құралының салмағы 2,5 келіге жуық, бағасы – шамамен 3 870 доллар (1,5 миллион теңгеден асады).

Ер адам бетпердеде тыныс алуға арналған саңылау барын айтты.  

"Оның тиімділігіне қатысты айтар болсам... Вирустан сақтану үшін бетперденің өзі жеткіліксіз екенін білеміз, ара қашықтық та маңызды. Сол себепті мен алтын маскамен көшеге шыққанда, әлеуметтік қашықтықты да сақтап жүремін", -деді Кураде.

Тағы оқыңыз: "Кеш қалдыңыздар": дәрігер қазақстандықтардың ең басты қателігін атады

Айтуынша, алтын бетперде жергілікті тұрғындар мен БАҚ өкілдерінің назарын аударған.

"Сыртқа алтын маскамен шыққанымда, бәрі маған таңғалып қарады. Бірақ бұл өңірдің халқы отбасымның алтынға әуестігін баяғыдан біледі. Алтын маска — мүлде жаңа дүние, сол себепті жұрттың қызығушылығын тудырды", - деді ер адам.

Үндістан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде 648 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. 400 мыңға жуығы жазылып шықты, 18 мыңы қайтыс болды.

1474
Кілт сөздер:
коронавирус, бетперде
Архивтегі фото

Ресейдің Қазақстанмен шекаралас облысында құс тұмауының ошағы табылды

1527
(Жаңартылды 17:01 03.08.2020)
Көл жағасынан табылған жабайы үйрек пен қаздардың өлексесінен H5N8 үлгісіндегі құс тұмауы вирусы анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Қазақстан шекарасымен шектесетін Ресейдің Челябі облысында құс тұмауының ошағы тіркелді. Жақын маңдағы елді мекендер аумағында карантин енгізілді. Бұл туралы Россельхознадзордың өңірдегі басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды РИА Новости.

Басқарманың мәліметінше, Увельский ауданының Песчаное және Табынша көлдерінің жағасынан табылған құстардың (жабайы үйрек және төрт үй қаз) өлексесі зерттелді. Барлық сынамадан H5N8 үлгісіндегі құс тұмауы вирусының материалы анықталды. Осыған байланысты елді мекендерде құстарды тіркеу жұмыстары жүргізілді.

Оқи отырыңыз: Қытайда коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр   

"Облыста құс тұмауының ошағы тіркелді. Осы көлдерге жақын орналасқан қолайсыз елді мекендердің аумағында карантин орнатылды, аймаққа қауіп төндіретін індет ошақтары анықталды. Қолайсыз аймақтарда құс тұмауымен күрес ережелеріне сәйкес шаралар қабылданып жатыр", - делінген хабарламада.  

Россельхознадзор басқармасы мен облыстық ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринария басқармасы қауіпті ауру тарап кетпеу үшін барлық шараны қолдануда.

 

1527
Тақырып бойынша
ДДҰ карантин режиміне қатысты мәлімдеме жасады
Ғалымдар коронавирус пандемиясы тағы қанша уақытқа жалғасатынын айтты
Ғалымдар коронавирус қандай суда өлетінін анықтады
Қытайда тағы бір қауіпті вирус табылды
Тоқаев қазақстандықтарды қайғыға салынбауға шақырды
Дәрігерлер

Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "қызыл тізімге" енді

125
(Жаңартылды 11:53 03.08.2020)
Украинаның денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 індеті бойынша "жасыл" және "қызыл" аймақ мемлекеттерінің жаңартылған тізімін жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Қазақстан соңғы екі апта ішінде 100 мың тұрғынға шаққанда коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайлары Украинадағыдай көрсеткіштен асып түсетін 127 елдің қатарына енді. 1 тамыздан бастап Украинада "жасыл" және "қызыл" аймақтағы елдердің жаңа жіктелуі жұмыс істеуде, деп хабарлайды "Европейская правда".

Адамдардың қай жақтан ұшып келгеніне байланысты оларға әртүрлі ережелер қолданылады.

1 тамыздан бастап "жасыл аймақтан" келген адамдар оқшауланбай және ешбір тест сынақтарын тапсырмай-ақ, Украина аумағына өте алады.

Ал елге "қызыл аймақтан" келгендердің барлығы екі апта оқшаулануда болып немесе 24 сағат ішінде ПТР-тест сынағын тапсыруы керек. Сондай-ақ, шекарадан өткенге дейін 48 сағаттан кешіктірмей жасалған тест нәтижесін ұсынуы керек.

Айта кетейік, Украинаның денсаулық сақтау министрлігі апта сайын COVID-19 індетінің жедел таралу белгісі бар елдердің тізімін жаңартып отырады.

"Қызыл" және "жасыл" тізімге бөлу тәртібі қандай?

"Қызыл тізімге" соңғы он төрт күнде 100 мың тұрғынға шаққанда COVID-19 жұқпасының жаңа жағдайлары Украинадағыдан асып түскен мемлекеттер кіреді. Сонымен қатар, " соңғы екі апта ішінде жұқтырғандардың саны 30%-ке өскен мемлекеттер де енеді.

Оқи отырыңыз: ДДҰ карантин режиміне қатысты мәлімдеме жасады

Бұған дейін Украина 100 мың тұрғынға шаққанда коронавирусы бар пациенттердің санын ескерген.

Ал 31 шілдедегі жағдай бойынша "жасыл" аймақ елдеріне Швеция, Португалия, Хорватия, Беларусь, Ұлыбритания, Түркия, Словения, Египет және Италия кірді.

"Қызыл аймаққа" Қытай, Венгрия, Грузия, Германия, Чехия, Болгария, Албания, Черногория, Польша, Франция, Ресей және Қазақстан енді. Толық тізімді мына сілтемеден көруге болады.

125
Кілт сөздер:
коронавирус, індет
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавирус жұқтырғанда кімдер 12 есе жиі көз жұматынын айтты
Ғалымдар коронавирус қандай суда өлетінін анықтады
Қазақстандық телеарналардың бірі індет салдарынан хабар таратуын тоқтатады
Ғалымдар коронавирус пандемиясы тағы қанша уақытқа жалғасатынын айтты
Қазақстанда өткен тәулік ішінде мыңнан астам адамның індет жұқтырғаны расталды
Бала, ойыншық

Алматыда полицейлер екі баланы түні бойы іздеді

0
Балалар дүйсенбі күні таңертең табылды. Олар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Екеуі де үйден кету себебін айтқысы келмеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Алматыда 11 және 8 жастағы екі ағайынды үйден кетіп, қайта оралмаған. Балаларды 30 полицей мен 15 кинолог іздеді. Алты сағаттан кейін балалар аман-сау табылды.

Екі ағайындының жоғалып кеткені туралы хабарлама полицияға түнгі сағат 01:45-те түсті, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында үш бала тауда адасып кетті, біреуі жардан құлаған 

Ата-анасы балалар үйден кетіп, қайтып оралмағанын айтқан, бірақ бұған дейін ондай әрекет жасамаған.  

Дереу криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция өкілдері мен тергеу-жедел тобының қызметкерлерінен арнайы іздеу тобы құрылды. Сондай-ақ, балаларды іздеуге 15 кинолог тартылды.

"Ең алдымен, үйдің жанындағы аумақты, жақын жерде орналасқан жыра-сайды тексердік, көршілерден сұрастырдық. Қалай болғанда да, біз жақсы нәтижеге қол жеткізуді көздедік", - дейді Алатау ауданы полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.  

Ол балалар сағат 07:35-те табылғанын атап өтті. Ағайындылар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Балалар бір-бірін мықтап ұстап алыпты. Олар үйден неліктен кеткенін айтқысы келмеген.

Полиция қызметкерлері олардың тұрмысын, отбасылық тәрбиені міндетті түрде тексеріп, ата-анасымен жұмыс істейтіндерін жеткізді. Олар балалар себепсіз үйден кетіп қалмайды деп есептейді.  

0
Кілт сөздер:
балалар, Алматы
Тақырып бойынша
Атырауда үйдің ауласынан 6 жасар қыздың денесі табылды
Түлкібас ауданында 6 ай бұрын жоғалған оқушының не істеп жүргені анықталды
Алматыда әкім іздеу салған оқушы табылды
Атырауда бір жарым жасар сәби жоғалып кетті
Ақмола облысында жоғалған жасөспірімнің 9 жыл бойы қайда жүргені белгілі болды