Иллюстративті фото

Түркияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

1392
Қазақстандық бойжеткен Анталиядағы үйінен ақша мен құжат алмастан шығып кеткен, содан бері оны ешкім көрмеген

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Түркияның Анталия қаласында 21 жастағы қазақстандық Арайлым Орынбаева 2,5 айдан бері іздестіріліп жатыр.

Қыздың жоғалып кеткені туралы оның анасы, 41 жастағы қазақстандық Салтанат Орынбаева мәлімдеді. Әйел Түркияда қызымен және екі ұлымен бірге тұрады. Мамыр айында ол Арайлымның жоғалғанын полицияға хабарлаған.

Қыздың анасының айтуынша, ол үйден не паспорт, не ақша алмай шығып кеткен, деп хабарлады Hurriyet түрік басылымы.

Оқи отырыңыз: Түлкібас ауданында 6 ай бұрын жоғалған оқушының не істеп жүргені анықталды 

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі қыздың жоғалғаны туралы ақпаратты растады.

"Білуімізше, ол шамамен 2,5 ай бұрын үйінен кеткен. Құжаттарын үйде қалдырған. Түркияда тұруға ықтиярхаты бар. Анталиядағы консулдығымыз біздің азаматты іздеп жатқан жергілікті полициямен байланыс орнатты. Мәселе бақылауда", - деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

Соңғы рет куәгерлер Арайлымға ұқсас қызды таулы аймақтағы Хурма-Шайыр зиратының аумағында көрген. Полиция ол жерді тексерді, бірақ әлі күнге дейін қазақ қызынан хабар жоқ. Іздеу жалғасып жатыр.  

1392
Кілт сөздер:
қазақ қызы, Түркия
Тақырып бойынша
Жүгіруге шығып, жоғалып кетті: Ақмола облысында 14 жасар қыз іздестірілуде
Мәскеуде көз жұмған қазақстандық қыздың анасы жазба жариялады
Алматы облысында сабаққа бара жатқан екі қыз жоғалып кетті – оқиғаның мән-жайы
Бір аптадан бері табылмай жатқан қыздың анасы не жағдай болғанын айтты
Итпен серуендеуге кеткен: Ақтауда жасөспірім қыз жоғалып кетті
Александр Лукашенко

Беларусьтегі президент сайлауының соңғы қорытындысы жарияланды

60
Александр Лукашенко 80,1% дауыс жинап, Беларусь президенті болып қайта сайланды. Алайда елде наразылық акциясының жалғасып жатқанына алты күн болды

АЛМАТЫ,14 тамыз – Sputnik. Беларусь елінің қазіргі президенті Александр Лукашенкоға республика халқының 80,1%-і дауыс берді, ал Светлана Тихановская 10,12% дауыс жинады, деп хабарлайды РИА Новости.

Осылайша, Лукашенко алтыншы рет мемлекет басшысы болып қайта сайланды.  

Президент сайлауы 9 тамызда өтті.

Светлана Тихановская орталық сайлау комиссиясына шағымданып, нәтижелерді мойындамайтынын айтты. Себебі біріккен штабтың жекелеген учаскелердегі дауыс беру нәтижелері туралы мәліметтер дауыс берушілердің жартысынан көбі Тихановскаяға дауыс бергенін көрсетті.

Оқи отырыңыз: Беларусьте президент сайлауынан кейін қақтығыс болды – видео

Беларусь еліндегі сайлау учаскелері жабылғаннан кейін жаппай наразылық басталды. Наразылық акциясының жалғасып жатқанына алты күн болды, оларды қауіпсіздік күштері басып жатыр.

Ресми мәлімет бойынша, тәртіпсіздіктер кезінде алты мыңға жуық адам ұсталды. Республиканың ІІМ жүздеген адамның зардап шеккенін, оның ішінде 103 құқық қорғау органдарының қызметкері бар екенін хабарлады.

60
Кілт сөздер:
президент сайлауы, Беларусь
Тақырып бойынша
Қақтығыс кезіндегі Минск қаласының видеосы жарияланды
Беларусь президенті Қазақстан премьерінен кешірім сұрады
Қазақстан ЕАЭО-да тауарларды еркін алып өту мәселесін шешуге шақырды  
Тоқаев Лукашенкоға жеделхат жолдады
Мамин Минскіде Беларусь президентімен кездесті: не талқыланды
Тауық еті

Қытайда тауық етінен коронавирус анықталып жатыр

655
(Жаңартылды 09:41 14.08.2020)
Шілде айынан бері Қытайдың жеті қаласында мұздатылған теңіз өнімдерінің қаптамасында вирус пайда болғандығы туралы БАҚ-та жиі айтылуда

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының Шэньчжэне қаласында мұздатылған тауық етінен коронавирус анықталды, деп хабарлады globaltimes.cn сайты.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл өнім бейсенбі күні таңертең Бразилиядан жеткізілген.

"Ауруларды бақылау мен алдын-алудың жергілікті орталығы өнім үлгісінде вирустың бар-жоғын тексергенде нуклеин қышқылына тест оң нәтиже көрсеткен. Артынша, барлық қызметкерлер сынақтан өткізіліп, нәтижесі теріс шыққан", - делінген ақпаратта.

Бұл Оңтүстік Африка елдерінен, соның ішінде Эквадорда мұздатылып жеткізілген өнімдер орамасынан табылған алғашқы жағдай емес. Бұған дейін Қытайдың шығысындағы Аньхой мен Уху провинциясындағы мейрамханаларға Эквадордан әкелінген теңіз өнімдері мен асшаяндар пакетінен алынған сынамаларда коронавирусқа оң нәтиже көрсеткен. Сондай-ақ, Яньтае қаласында да импортталған теңіз өнімдерінің сыртқы қаптамасынан вирус анықталды.

Жалпы, шілде айының басынан бері Қытайдың жеті қаласында мұздатылған теңіз өнімдерінің қаптамасында вирус пайда болғандығы туралы БАҚ-та жиі айтылуда. Денсаулық сақтау саласының сарапшылары мұның себебін COVID-19 эпидемиясы көптеген елдерге әлі де ауыр әсер етуде деп түсіндіреді.

Оқи отырыңыз: Қытайда коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр

Айта кетейік, кейбір сарапшылар мұздатылған теңіз өнімдерін буып-түю процесі олардың ластану ықтималдығын тудыратынын және тағам әдетте төмен температурада сақталғандықтан, бұл вирусқа жақсы жағдай туғызуы мүмкін екендігін айтады.

655
Кілт сөздер:
індет, ет, Қытай
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаев Қытай төрағасы телефонмен сөйлескенде өзіне не дегенін айтты
Қазақстан-Қытай шекарасы неге жабылатыны белгілі болды
Қытай Қазақстандағы отандастарына алаңдап отыр
Маска, термометр және тест: Қытай Қазақстанға жүк жөнелтті
Министр "белгісіз пневмония" жайлы ақпарат таратқан Қытай елшісімен сөйлесті
Архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда басқарма басшысы 1 миллион теңгеге дейін пара алған видео

0
Елорда әкімдігінің лауазымды қызметкерлері заңды тұлғаларға құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға лицензияларды заңсыз берген

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елорда әкімдігінің лауазымды тұлғасын тергеуге алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, "Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы мен басқа да тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Олар 100 000 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы үшін заңды тұлғаларға құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға 1,2,3-санаттағы лицензияларды заңсыз бергені үшін айыпталып отыр", - дейді тергеушілер.

Ал Алматы облысы Кербұлақ ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы мен басқа да қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін тергеуге алынды.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясының лауазымды тұлғасы қылмыс үстінде қолға түсті – видео

"Олар 2019 жылдың шілде-тамыз айларында "Сарыөзек ауылының сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу" объектісі бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін 35 855 570 теңгені аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырды",- делінген ресми хабарламада.

0
Кілт сөздер:
видео, пара