Кеден бекеті

Қытайдан жіберіліп жатқан біртүрлі сәлемдемелерге қатысты ақпарат жарияланды

7050
(Жаңартылды 18:09 02.08.2020)
Шілде айының соңында тұрғындар тапсырыс бермеген сәлемдемелер келіп жатқанын хабарлаған болатын. Олар Қытайдан жіберілгені көрсетілген

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Қытайдан АҚШ-қа ішінде тұқымдар бар күмәнді сәлемдемелер жіберіліп жатқаны хабарланған болатын. Американың ауыл шаруашылығы министрлігі олардың қауіпсіз екенін мәлімдеді. 

Ведомство өкілі тұқымдардың жалбыз сынды дәрілік шөптер екенін айтты, деп хабарлайды The Guardian.

Шілде айының соңында АҚШ, Канада және Ұлыбритания тұрғындары тапсырыс бермеген сәлемдемелер келіп жатқанын хабарлаған болатын. Олар Қытайдан жіберілгені көрсетілген.

Тиісті ведомстволар бұл сәлемдемелер балалардың қолы жетпейтін жерде сақталуы керек екенін ескерткен болатын. Алайда зерттеу кейін сәлемдеме ішіндегі тұқымдардың қауіпсіз екені анықталды.

Тағы оқыңыз: Қытайдан әкелінген маскаларға инфекция жұқтырылған - министрлік түсініктеме берді

Бұл интернет-дүкен сатушыларының ісі деген болжам жасалынып отыр. Өйткені жеткізілген тауар көлемі неғұрлым көп болса, сатылым да соғұрлым арта түседі. Дүкеннің рейтингі өседі. Сондықтан олар тұрғындарға осындай тапсырыс берілмеген сәлемдемелерді жібере бастаған. 

Қытай болса, тергеу жүргізу үшін АҚШ тұрғындарына келген тұқымдарды сұрап отыр. Олар сәлемдеме Қытайдан жіберілмегенін алға тартты.

7050
Кілт сөздер:
Қытай
Тақырып бойынша
Депутат қанша қытай Қазақстан азаматтығын алғанын айтты 
Комитет Қазақстан мен Қытай шекарасындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді
"Сондай күлкілі": Қытай елшісі Жаңаөзендегі митинг жайлы не ойлайтынын ашық айтты
Министр "белгісіз пневмония" жайлы ақпарат таратқан Қытай елшісімен сөйлесті
Қытай төрағасы Назарбаевқа жеделхат жолдады
Архивтегі фото

Ресейдің Қазақстанмен шекаралас облысында құс тұмауының ошағы табылды

1513
(Жаңартылды 17:01 03.08.2020)
Көл жағасынан табылған жабайы үйрек пен қаздардың өлексесінен H5N8 үлгісіндегі құс тұмауы вирусы анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Қазақстан шекарасымен шектесетін Ресейдің Челябі облысында құс тұмауының ошағы тіркелді. Жақын маңдағы елді мекендер аумағында карантин енгізілді. Бұл туралы Россельхознадзордың өңірдегі басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды РИА Новости.

Басқарманың мәліметінше, Увельский ауданының Песчаное және Табынша көлдерінің жағасынан табылған құстардың (жабайы үйрек және төрт үй қаз) өлексесі зерттелді. Барлық сынамадан H5N8 үлгісіндегі құс тұмауы вирусының материалы анықталды. Осыған байланысты елді мекендерде құстарды тіркеу жұмыстары жүргізілді.

Оқи отырыңыз: Қытайда коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр   

"Облыста құс тұмауының ошағы тіркелді. Осы көлдерге жақын орналасқан қолайсыз елді мекендердің аумағында карантин орнатылды, аймаққа қауіп төндіретін індет ошақтары анықталды. Қолайсыз аймақтарда құс тұмауымен күрес ережелеріне сәйкес шаралар қабылданып жатыр", - делінген хабарламада.  

Россельхознадзор басқармасы мен облыстық ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринария басқармасы қауіпті ауру тарап кетпеу үшін барлық шараны қолдануда.

 

1513
Тақырып бойынша
ДДҰ карантин режиміне қатысты мәлімдеме жасады
Ғалымдар коронавирус пандемиясы тағы қанша уақытқа жалғасатынын айтты
Ғалымдар коронавирус қандай суда өлетінін анықтады
Қытайда тағы бір қауіпті вирус табылды
Тоқаев қазақстандықтарды қайғыға салынбауға шақырды
Дәрігерлер

Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "қызыл тізімге" енді

124
(Жаңартылды 11:53 03.08.2020)
Украинаның денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 індеті бойынша "жасыл" және "қызыл" аймақ мемлекеттерінің жаңартылған тізімін жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Қазақстан соңғы екі апта ішінде 100 мың тұрғынға шаққанда коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайлары Украинадағыдай көрсеткіштен асып түсетін 127 елдің қатарына енді. 1 тамыздан бастап Украинада "жасыл" және "қызыл" аймақтағы елдердің жаңа жіктелуі жұмыс істеуде, деп хабарлайды "Европейская правда".

Адамдардың қай жақтан ұшып келгеніне байланысты оларға әртүрлі ережелер қолданылады.

1 тамыздан бастап "жасыл аймақтан" келген адамдар оқшауланбай және ешбір тест сынақтарын тапсырмай-ақ, Украина аумағына өте алады.

Ал елге "қызыл аймақтан" келгендердің барлығы екі апта оқшаулануда болып немесе 24 сағат ішінде ПТР-тест сынағын тапсыруы керек. Сондай-ақ, шекарадан өткенге дейін 48 сағаттан кешіктірмей жасалған тест нәтижесін ұсынуы керек.

Айта кетейік, Украинаның денсаулық сақтау министрлігі апта сайын COVID-19 індетінің жедел таралу белгісі бар елдердің тізімін жаңартып отырады.

"Қызыл" және "жасыл" тізімге бөлу тәртібі қандай?

"Қызыл тізімге" соңғы он төрт күнде 100 мың тұрғынға шаққанда COVID-19 жұқпасының жаңа жағдайлары Украинадағыдан асып түскен мемлекеттер кіреді. Сонымен қатар, " соңғы екі апта ішінде жұқтырғандардың саны 30%-ке өскен мемлекеттер де енеді.

Оқи отырыңыз: ДДҰ карантин режиміне қатысты мәлімдеме жасады

Бұған дейін Украина 100 мың тұрғынға шаққанда коронавирусы бар пациенттердің санын ескерген.

Ал 31 шілдедегі жағдай бойынша "жасыл" аймақ елдеріне Швеция, Португалия, Хорватия, Беларусь, Ұлыбритания, Түркия, Словения, Египет және Италия кірді.

"Қызыл аймаққа" Қытай, Венгрия, Грузия, Германия, Чехия, Болгария, Албания, Черногория, Польша, Франция, Ресей және Қазақстан енді. Толық тізімді мына сілтемеден көруге болады.

124
Кілт сөздер:
коронавирус, індет
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавирус жұқтырғанда кімдер 12 есе жиі көз жұматынын айтты
Ғалымдар коронавирус қандай суда өлетінін анықтады
Қазақстандық телеарналардың бірі індет салдарынан хабар таратуын тоқтатады
Ғалымдар коронавирус пандемиясы тағы қанша уақытқа жалғасатынын айтты
Қазақстанда өткен тәулік ішінде мыңнан астам адамның індет жұқтырғаны расталды
Бала, ойыншық

Алматыда полицейлер екі баланы түні бойы іздеді

0
Балалар дүйсенбі күні таңертең табылды. Олар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Екеуі де үйден кету себебін айтқысы келмеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Алматыда 11 және 8 жастағы екі ағайынды үйден кетіп, қайта оралмаған. Балаларды 30 полицей мен 15 кинолог іздеді. Алты сағаттан кейін балалар аман-сау табылды.

Екі ағайындының жоғалып кеткені туралы хабарлама полицияға түнгі сағат 01:45-те түсті, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында үш бала тауда адасып кетті, біреуі жардан құлаған 

Ата-анасы балалар үйден кетіп, қайтып оралмағанын айтқан, бірақ бұған дейін ондай әрекет жасамаған.  

Дереу криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция өкілдері мен тергеу-жедел тобының қызметкерлерінен арнайы іздеу тобы құрылды. Сондай-ақ, балаларды іздеуге 15 кинолог тартылды.

"Ең алдымен, үйдің жанындағы аумақты, жақын жерде орналасқан жыра-сайды тексердік, көршілерден сұрастырдық. Қалай болғанда да, біз жақсы нәтижеге қол жеткізуді көздедік", - дейді Алатау ауданы полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.  

Ол балалар сағат 07:35-те табылғанын атап өтті. Ағайындылар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Балалар бір-бірін мықтап ұстап алыпты. Олар үйден неліктен кеткенін айтқысы келмеген.

Полиция қызметкерлері олардың тұрмысын, отбасылық тәрбиені міндетті түрде тексеріп, ата-анасымен жұмыс істейтіндерін жеткізді. Олар балалар себепсіз үйден кетіп қалмайды деп есептейді.  

0
Кілт сөздер:
балалар, Алматы
Тақырып бойынша
Атырауда үйдің ауласынан 6 жасар қыздың денесі табылды
Түлкібас ауданында 6 ай бұрын жоғалған оқушының не істеп жүргені анықталды
Алматыда әкім іздеу салған оқушы табылды
Атырауда бір жарым жасар сәби жоғалып кетті
Ақмола облысында жоғалған жасөспірімнің 9 жыл бойы қайда жүргені белгілі болды