Беларусь елшілігі

Беларусьте президент сайлауы өтуде: Қазақстанда қайда дауыс беруге болады

370
Қазақстандағы Беларусь елшілігінің қызметкерлері бұл жолғы президенттік сайлау науқанына азаматтардың қызығушылығы ерекше екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Бүгін Беларусьте президент сайлауы өтуде. Осыған орай, Беларусь азаматтары Қазақстанда қай жерде дауыс бере алатынын назарларыңызға ұсынамыз.

Беларусь президенттігіне кандидаттар

1. Беларусьтің қазіргі президенті, 1994 жылдан бері елді басқарып келе жатқан Александр Лукашенко;

2. "Говори правду!" қозғалысының көшбасшысы Андрей Дмитриев;

3. Өзін-өзі ұсынған кандидат Светлана Тихановская – блогер Сергей Тихановскийдің әйелі;

4. Беларусь социал-демократиялық Грамадасының төрағасы Сергей Черечень;

5. Өкілдер палатасының экс-депутаты Анна Канопатская.

Қазақстанда қайда дауыс беруге болады

Беларусьтің Қазақстандағы елшілігінің хабарлауынша, биыл Беларусь азаматтарының президенттік сайлау науқанына айтарлықтай қызығушылығы бар. Сайлаушылардың келуі алдыңғы сайлауларға қарағанда анағұрлым жоғары болады деп күтілуде.

Коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-шараларға байланысты биылғы жылы секциялардың сыйымдылығы азаятыны бұған дейін айтылған. Осыған орай, елшілік барлық азаматтарды 4-8 тамыз аралығында өткен Нұр-Сұлтан қаласындағы Қошқарбаев даңғылы, 9 (№ 90 сайлау учаскесі) мекен-жайы бойынша мерзімінен бұрын дауыс беруге белсенді қатысуға шақырған.

Аталған мекен жай бойынша Беларусь азаматтары сайлау күні – 9 тамызда дауыс бере алады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанмен тауар айналымды бір миллиард долларға жеткізуге болады – Беларусь премьері

Қазірге дейін қанша адам дауыс бергені белгісіз. Елшілік қызметкерлері Sputnik Қазақстанға дауыс беру жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Сайлаушыларды сайлау учаскесінде қабылдау (шетелдік мекеме аумағына) сағат 8:00-ден бастап, жергілікті уақыт бойынша 20:00-де аяқталады.

Сайлау учаскесіне бару тәртібі

Сайлау учаскесіне барған кезде сайлаушылар:

- медициналық маскаларды қолдануы тиіс;

- жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет;

- электрондық құрылғыларды (телефон, диктофон, фото-видеокамера, ноутбук) қолдануға тыйым салынады.

370
Кілт сөздер:
сайлау, Беларусь
Тақырып бойынша
Беларусь президенті Қазақстан премьерінен кешірім сұрады
Қазақстанда сайлау туралы заңды өзгертуге қатысты референдум өткізу ұсынылды
Беларусь Ресеймен Қазақстаннан мұнай тасымалдау жайын сөйлеседі – Лукашенко
Беларусь тарапы ЕАЭО елдерінің премьерлеріне ұсыныс жасады
Мамин Минскіде Беларусь президентімен кездесті: не талқыланды
Ағылшын ауылының тұрғындары

Қазақстандық олигарх британияда 200 үй салғалы жатыр: тұрғындар наразылық білдірді

0
БАҚ қазақстандық олигархтың ағылшын ауылындағы сатып алған жеріне 200-ден астам үй салғалы жатқанын хабарлады

АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. XII ғасырда іргесі қаланған ұлыбританиялық Ист-Хосли ауылының тұрғындары қазақстандық миллионер Нұрлан Бизақовты сотқа беруге дайын отыр. Қазақстандық сол аймақтағы өзіне тиесілі жылқы зауыты аумағына 205 тұрғын үй кешенін салғалы жатыр, ал тұрғындар бұған наразылық танытуда, деп жазды Daily Mail.

Басылымның хабарлауынша, ауыл тұрғындары бұл құрылыс сол елді мекеннің тарихи келбетін бұзатынына сенімді.

2010 жылы Нұрлан Бизақов Шығыс Сассексте Hesmonds жылқы зауытын сатып алған. Жергілікті тұрғындар бастапқыда бұл жаңалыққа қуанған еді, себебі олигарх зауыттың көркеюіне миллиондаған доллар қаржы құйды.

Алайда жақында Бизақовтың сол аймаққа 205 тұрғын үй салуға рұқсат алғаны белгілі болды. Енді тұрғындар миллионерге және оның бұл жоспарына қарсы болып отыр, олар тіпті Бизақовпен сот арқылы күресуге дайын.

Қазақстандық олигархтар Лондондағы пәтерлерін сатып жатыр: байлар неден қашты? 

Ауылда шамамен 500 үй бар. Алайда тағы екі жүз үй салу туралы жаңалық тұрғындарды қуантпады.

"Барлығы Бизақовтың миллиондаған қаражат құйғанына қарап оны керемет деп санайды. Алайда мұндай ауқымды құрылыс бірегей ауылды құртады, бұл елді мекеннің іргесі мың жыл бұрын қаланған. Бизақов Францияға (Бизақовтың бұл елде де жылқы зауыты бар – Sputnik) тарихи ауылды жоюдан тапқан миллиондаған қаражатты өзімен бірге алып кеткенде ғана бұл іс шешілетіндей көрінеді", - деді жергілікті тұрғындардың бірі Джонатан Уокер.

2017 жылы Нұрлан Бизақов Forbes рейтингісі бойынша Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің қатарына енді. Оның байлығы 445 миллион доллар деп бағаланды. Әр жылдары Бизақов Қазақстанның ұлттық компанияларында жоғары қызметтер атқарған.

0
Кілт сөздер:
бизнесмен, Ұлыбритания
Тақырып бойынша
Қазақстандық бай-манап елді шулатқан Париждегі қымбат үйін сатып жатыр
Олигарх Мақсат Әріптің 17 миллион доллар тұратын үйіне бұғау салынды
Министр Нұрымбетов ауқатты адамдар қай өңірлерде тұратынын айтты
Уктам Барноев

Өзбекстанның вице-премьері қайтыс болды

8640
Шенеуніктің коронавирус жұқтырғаны туралы шілде айында белгілі болды. Ол 2020 жылдың ақпан айында вице-премьер қызметіне кірісті

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. 57 жасқа қараған шағында Өзбекстанның вице-премьері Уктам Барноев көз жұмды. Ол үкіметте аграрлық және азық-түлік саласына жауап берді.

Ақпаратты Бұхара облысының жергілікті әкімшілігінде растады, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Айта кетсек, Барноев ұзақ уақыт бойы коронавирустан ем қабылдады. Шенеунікке шілде айында СOVID-19 диагнозы қойылды. Ол Akfa Medline жеке емханасында емделді. 

Расталмаған мәліметке сәйкес, Барноев соңғы уақытта Германияда дәрігерлерге қаралды.

Барноев 2020 жылы ақпан айында премьер-министр орынбасары қызметіне орналасты. Бұған дейін ол Бұхара облысының хокимі болған.

8640
Кілт сөздер:
коронавирус, Өзбекстан
Тақырып бойынша
Өзбекстан президентінің қызы ұлының атын Шавкат деп қойды
Өзбекстан президенті Тоқаевтың кеңесшісін жалдады
Өзбекстанда ауыр қылмыс жасаған әйел Қазақстан азаматтығын алған
Өзбекстанда ер адам әйелі әдемі болғаны үшін үстіне бензин шашып, от қойған
Өзбекстан азаматы 1 368 жылға сотталды