Асфальт, архивтегі фото

Қытайда 21 көлік жер астына түсіп кетті видео

17267
Роликтен сауда орталығының жанына тұраққа қойылған көліктердің үлкен шұңқырға құлап кеткен сәтін көруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Қытайдың оңтүстік-батысында асфальт опырылып, бірнеше секундтың ішінде 21 көлік жер астына түсіп кетті, деп хабарлады елдің мемлекеттік ақпарат құралдары.

​Сәрсенбіге қараған түні болған оқыс оқиға бақылау камерасына түсіп қалған. Роликтен сауда орталығының жанына тұраққа қойылған көліктердің үлкен шұңқырға құлап кеткен сәтін көруге болады.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Жол опырылып түсіп, алты адам қаза тапты 

Айта кетейік, Янцзы өзені ағып өтетін Сычуань провинциясында нөсер жаңбырдың салдарынан су тасқыны маусымы басталды.   

17267
Кілт сөздер:
видео, Қытай
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда көлік жер астына түсіп кетті
Отыз бірдей көлік мұз астына түсіп кетті – видео
Газ құбырын жүргізіп жатқан жұмысшылар, архивтегі сурет

Америкалық газды ресейлікке алмастыру мүмкін бе?

32
(Жаңартылды 12:08 29.09.2020)
АҚШ Еуропаға өзінің СТГ-сін жүктей отырып, бірінші кезекте қазіргі жеткізілім туралы емес, болашақтағы жеткізілім туралы ойлап отырғаны анық

Соңғы уақытта "Солтүстік ағын–2" құрылысының аяқталуына байланысты проблемалар туындаған кезде бұқаралық ақпарат құралдарында: "Ресейлік газ жеткізілімі болмаса, Еуропа америкалық қымбат сұйытылған табиғи газ (СТГ) үшін артық ақша төлейді" деген пікірлер жазылып жүр. Ал онымен келіспейтін сыншылар: америкалық СТГ еуропалық газ нарығында басқа газдармен бірдей бағамен сатылып жатыр, деген көзқарастарын алға тартуда, деп жазады РИА Новости.

Сонымен қайсысы дұрыс?

Ең алдымен "Солтүстік ағын–2" жобасы жалпы алғанда, украиндық транзиттің көп бөлігін алмастыру үшін салынып жатқанын еске салайық. Өйткені, болашақта ресейлік газдың экспорты (соңғы жылдары біз көрген "стандартты" 200 миллиард текше метрмен салыстырғанда) айтарлықтай дәрежеде өспейді. Оның үстіне украиндық транзит (тым болмағанда, әзірге) газдың көп мөлшерін тасымалдауға мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі тарапынан ешнәрсе өзгермейтін сияқты.

Оның үстіне, украиндық транзиттің құны төрт жылға төленген (жылына 40 миллиард текше метр), ал "Солтүстік ағын–2"-нің жобалық қуаты 55 миллиард болады. Яғни, қазір "Солтүстік ағын–2" құрылысын жалғастырудан мүлдем бас тарту немесе құрылысты белгісіз уақытқа дейін шегеру "Газпромды" үлкен шығынға ұшыратады (себебі, құрылысқа кеткен ауқымды қаражатты есептен шығаруға тура келеді). Алайда, Еуропаны ресейлік газдың орнына америкалық сұйытылған табиғи газды сатып алуға міндеттей алмайды.

Сондықтан америкалық тарап "Солтүстік ағын–2" құрылысына кедергі келтіріп, өзінің СТГ-ін ілгерілетуді мақсат тұтса, "бұғатталған" "Солтүстік ағын–2"-нің артынан украиндық транзит те тоқтайтынын (қандай себептермен болса да: құбырдың ескілігі, транзиттік тарифке тыйым салу немесе басқа да жағдайлар) айту қажет.

Мұндай қадам америкалық СТГ-ге көмектесе ала ма?

Біріншіден, кез келген жағдайда газ қымбаттайды. Өйткені, нарықтан 50 миллиард текше метр болатын газды алып тастау бұл әлемдік саудаға айтарлықтай салмақ түсірмек. Ал бұдан жоғары биржа бағасы АҚШ-тың СТГ сатылымындағы кірісінің артуына алып келеді.

Екіншіден, бұл жерде мынаны ескеру керек. Қазіргі кездегі сұйытылған газ экспорты аясында АҚШ сұйылту үшін кепілдендірілген төлем ала алады. Төмен белгіленген жаhандық бағадан трейдерлер зардап шегеді. Яғни, жалпы алғанда құрама штаттарға салынған зауыттардан алынған СТГ сатылымын қандай да бір жолмен ынталандырудың қажеті жоқ.

газ
© Photo : пресс-служба АО "КазТрансГаз"
Жаңа жобалардағы сұйытылған газ бойынша келісім жасау әлдеқайда маңызды. Себебі, АҚШ-тан СТГ-ні импорттаушылар жанармай сатып алмайтын жағдайға тап болды. Бірақ сұйылту үшін міндетті төлем төлейді (бұл сұйытылған газдың соңғы бегіленген бағасының жартысына жуығын құрайды), ал біреуді осындай шартпен жаңа жеткізілім бойынша келісімшарт жасауға көндіру қиынға соғады. Жүзеге асырылмаған жоба әлі де көп. Бұл ретте еуропалық нарық қолайлы әрі ыңғайлы болар еді.

Сондай-ақ, бұл жерде әу баста біз сөз еткен қарама-қайшылық туындайды. Иә,  басқа СТГ секілді америкалық СТГ де шын мәнісінде Еуропада төмен бағамен сатылып жатыр. Нарықта – дағдарыс, бірақ өнімді бәрібір де бір жерде сату қажет. Зауыттар салынып бітті, ал трейдерлер сатып алуды "сұйылту немесе төлеу" қағидасы бойынша жасады.

Екінші жағынан, Еуропа да арзан америкалық газдың тым артық екенін түсінуі қажет, себебі ол Азияның анағұрлым тиімді әрі пайдалы нарығына тез кетіп қалады. Демек, егер кепілдендірілген газ жеткізілімін алғың келсе, ұзақ мерзімді келісім жасап және одан да көп төлеңіз.

Америкалық сұйытылған табиғи газ басқа жеткізілімдермен салыстырғанда, қаншалықты қымбат болуы мүмкін?

Қазіргі уақытта газға баға белгілеудің (СТГ) үш негізгі нұсқасы бар екенін атап өткен жөн: (1) споттық баға (тауарлар қолма-қол ақшаға сатылып, дереу жеткізілетін нарықтағы баға), (2) мұнайға байланған баға (3), АҚШ-тың өз ішіндегі СТГ бағасына және сұйылту төлеміне негізделген баға.

Нарық қалыпты жағдайға келген кезде газдың биржалық бағасы мың текше метрге шамамен 200 доллар болады. Мұнай баррелі 50 доллар тұрғанда, газ бағасы да соған шамалас болады. Қалай болғанда да, қазір "Газпром" өз газының көп бөлігін ЕО-ға биржа бағасымен сәйкестендіріп сатуда. Сондықтан мұнай бағасына емес, осы бағаға назар аударған жөн.

Америкалық СТГ қандай бағамен жеткізіледі? Оның бағасы АҚШ-тағы газдың бағасына (ол құбылып тұрады, ал бұл белгісіздіктің басты факторы), сұйылту және Еуропаға жеткізу құнына байланысты. Бұл жерде есепке егжей-тегжейлі тоқталмай-ақ, мың текше метр үшін 220-дан 270 долларға дейін жететінін аңғаруға болады. Егер 2013 жылы америкалық СТГ басқа жеткізілімдерге қарағанда арзан болып көрінсе (онда спот-нарықта қымбат мұнай және қымбат СТГ болды), онда қазіргі жағдайда (арзан мұнай, СТГ-дағы жоғары бәсекелестік) ол қымбат болып шығады.

Осы жерде тағы бір сауал туындайды. Неліктен Еуропа Катардың немесе Ресейдің емес, тек америкалық СТГ-ні сатып алуы керек. Оның үстіне жақын болашақта Катар газының бір бөлігі биржа нарығының бағасына байланысты сатылатын болса, таңқаларуға болмайды.

Жалпы, ЕО газға қатысты кез келген тапшылықтың орнын толтыра алады.

Егер бұл мәселені қорытындыласақ, мынадай тұжырымға келуге болады.

Біріншіден, ресейлік газды америкалық СТГ-ге ауыстыруға екі шартты бір уақытта орындағанда ғана қол жеткізуге болады: "Солтүстік ағын–2" жобасы жабылғанда және украиндық транзит тоқтатылғанда.

Екіншіден, қалай болғанда да, америкалық СТГ нарықтағы басқа газдарға қарағанда бірнеше есе емес, 10-30 пайызға қымбаттайды. Бәлкім нарықтағы басқа газдардың бағасымен де сәйкес болуы мүмкін – барлығы Американың өз ішінде газға белгіленетін бағаға байланысты болмақ. Бірақ АҚШ-тан СТГ жеткізуге қатысты ұзақмерзімді келісімшарттар жасасу арқылы Еуропа АҚШ-тағы ішкі газ бағасына байланысты барлық тәуекелдерді өз мойнына алады.

Біз қазір Еуропада көріп отырған арзан америкалық СТГ – бұл нарықтағы артық газдың нәтижесі: трейдерлер оны америкалық СТГ-ні сатып алу туралы келісімшарттарға қатысты шығындарды ішінара өтеу үшін сатады. Егер Еуропа АҚШ-тан кепілдендірілген газ жеткізілімдерін алғысы келсе, онда ол америкалық СТГ-ге белгіленген баға бойынша төлеуі керек. Ал одан кейін бас тарту мүмкін болмай қалады.

АҚШ Еуропаға өзінің СТГ-сін жүктей отырып, бірінші кезекте қазіргі жеткізілім туралы емес, болашақтағы жеткізілім туралы ойлап отырғаны анық. Бұл жерде әңгіме газ сұйылтатын зауыттар және оларды СТГ жеткізуге кепілдік беретін келісімшарттармен қамтамасыз ету туралы болып отыр. Зауыттардың құрылысы шамамен төрт жылға созылады, ал дәл сол мезетте Украинамен қазіргі транзиттік келісім аяқталады.

32
БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш

"Әлем қорқынышты белеске жетті": БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

60
Бас хатшының айтуынша, вирустың таралуы мен жұмыс орындарын жоғалту сынды түрлі күйзелістердің шеті мен шегі көрінбейді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш сейсенбі күні әлем бойынша коронавирус құрбандарының саны 1 миллион адамнан асқанын жариялап, оны есеңгіретерлік жағдай деп бағалады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша (Нұр-Сұлтан уақытымен 6.45-те), әлемде COVID-19 салдарынан қайтыс болған адам саны 1 000 555-ке жетті.

"Біздің әлем өте қорқынышты белеске жетті: COVID-19 пандемиясы миллион адамның өмірін қиды. Бұл есеңгіретерлік жағдай", – делінген Бас хатшы мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, вирустың таралуы мен жұмыс орындарын жоғалту сынды түрлі күйзелістердің шеті мен шегі көрінбейді.

"Дегенмен, біз бұл проблеманы жеңе аламыз. Қателіктерден сабақ алу керекпіз. Басқарудағы жауапкершілік те маңызды. Сондай-ақ, ғылым мен ынтымақтастықтың мәні зор", – деді Гутерриш.

Коронавирустың екінші толқыны

Көптеген елдерде COVID-19 коронавирус инфекциясы таралуының екінші толқыны жүреді деген қауіп бар. Чехия карантин енгізу мәселесін қарастырып жатса, Израиль карантинді қайта жариялап үлгерді. 25 қыркүйек күні Ресейде коронавируспен сырқаттанған науқастарға арналған 128 мың кереуеттің 85%-ті толды.

Ал әлемді шарпыған коронавирус індеті басталғалы бері Қазақстанда COVID-19  індетімен ауырғандар саны 107 833 адамға жетті. Бүгінге дейін республика бойынша 1 728 науқас қайыс болса, коронавирустық пневмония салдарынан 351 адам көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар шілдеде коронавирустың неліктен күшейіп кеткенін анықтады

60
Кілт сөздер:
індет, БҰҰ, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады
Ғалымдар коронавирусты өлтіретін ақуыз ойлап тапты
Нұр-Сұлтан әкімдігі пандемия кезіндегі отшашуды түсіндірді
Пандемия басталғалы онлайн-мектептерге қызығушылық артты
ДДҰ коронавирус туралы: бұл соңғы пандемия емес
Аурухана палатасы, архивтегі сурет

Қазақстанда бір апта ішінде коронавирустан 26 адам қайтыс болды

0
Өткен аптада коронавирустан қайтыс болған науқастардың ең үлкені – 89 жаста, ал ең жасы – қырық төртте

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі бір апта ішінде COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады.

Осы жылдың 21-27 қыркүйегі аралығында Қазақстанда індеттен 26 науқас көз жұмды.

Бір апта ішінде қайтыс болғандар

Атырау облысында – 4 адам:

  • 1960, 1956 жылғы ер адамдар,
  • 1976, 1952 жылғы әйелдер.

Батыс Қазақстан облысында – 3 науқас:

  • 1957, 1969, 1958 жылғы әйелдер.

Шығыс Қазақстан облысында – 5 адам:

  • 1948, 1958 жылғы ер адамдар,
  • 1938, 1956, 1948 жылғы әйелдер.

Солтүстік Қазақстан облысында – 1:

  • 1949 жылғы ер адам.

Қостанай облысында – 2:

  • 1966, 1969 жылғы ер адамдар.

Маңғыстау облысында – 1:

  • 1965 жылғы әйел.

Қарағанды облысында – 2:

  • 1962 жылғы ер адам,
  • 1946 жылғы әйел.

Жамбыл облысында – 2:

  • 1975, 1972 жылғы әйелдер.

Нұр-Сұлтан қаласында – 2:

  • 1969, 1953 жылғы ер адамдар.

Алматы қаласында – 3:

  • 1966, 1941 жылғы ер адамдар,
  • 1931 жылғы әйел.

Шымкент қаласында – 1:

  • 1948 жылғы әйел.

13 наурыздан бері республикада COVID-19 инфекциясынан барлығы 1 725 адам қайтыс болды.

0
Кілт сөздер:
науқастар, статистика, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда мектепке барып жүрген оқушыдан коронавирус табылды
Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды
Қазақстанда өткен тәулікте 58 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев